СУ

55

Тәжірибе бөлмесінде

Сарамандық  жұмыс

Пәні:Экология

Сабақтың тақырыбы: СУ

Сабақтың мақсаты:1)Су құрамымен, қасиеттерін таныстыру/дәмі,түсі,исі.

2)Ойлау қабілетін,танымдылықтарын жетілдіру және

жаңа  сөздер,сұйық,түссіз,дәмсіз,мөлдір,күйіне енетінін

қалыптастыру;

3)Суды үнемдей білуге тәрбиелеу;

Әдіс- тәсілдер:Тосын сый,ойын,суреттер,практикалық жұмыс,әңгімелесу;

Керекті құралдар:Суреттер,глобус,пластик стакан сумен,бала санына қарай бос стакандар,трубочкалар,пенопласт,тас,қасық,құм,бал,тұз,қант,лимон,

шеклдеуіктің майы,кофе,ыдыс жуатын сұйықтық,гуашь,стакан сүт,банка үлкен және  кіші,АКТ

Сөздік жұмыс:сұйықтық, дәмсіз,мөлдір.

Ұйымдастыру кезеңі:

Музыканың көмегімен балалар сыныпқа кіріп,дөңгеленіп,отырыды.

Жұмбақ:

Мұғалім: Мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын.

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ.           (су)

Барлық жер бетіндегі тіршілік судан тұрады.Адам баласының өзі 80%  пайызы судан құралған.Біз сендермен ғалымдар сияқты судың құрамымен танысамыз.

(Есік тарсылдайды)

Қонаққа Сайықмазақ пен  Ергежейлі келеді қолдарында жер шары(глобус).

-Сендермен ойнауға келдік

-Амандасу.

-Жер шары дегеніміз не?

-Ол біздің жер шарының  кішірейтіліп көрсетілген моделі.

Жер шары арқылы біз қай жерде су, тау,жазықтық жерлерді көреміз.

Жер шарының 4/1 бөлігін су алады екен.

Су туралы тақпақ

Су деген тіршіліктің қаны емес пе?

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ ол ақиқат

Күміс су қара жердің сәні емес пе?

-Олай болса қонақтарды сарамандық жұмыс жасауға үйретейік.

Тәжірибе көрсету:

  • Су сұйық зат.
  • 1 стакан суды, екінші стакан құямыз.
  • Не байқадық?
  • «Ағады,құяды,төгіледі»
  • Өйткені ол сұйық зат.

2 тәжірибе.

Су түссіз.

1 стакан сүт, 1 стакан су?

-Сүт қандай?    (ақ),су қандай?(түссіз)

-Судың түссіз екенін анықтау үшін стакан артына түрлі-түсті қағаз қою арқылы дәлелдейміз.

-Ал сүттің артынан бұл түстер көрінбейді.

-Олай болса  су мөлдір, ал  сүт ақ.

Егер суға басқа заттарды қосқан кезде ғана түсін өзгертеді.

3 тәжірибе:

Су дәмсіз.

Қант, тұз, ұнтақтарды алып суға қосып араластыру арқылы судың дәмін анықтаймыз.

2 оқушыны шығарып тәжірибе жасау арқылы сұйық май мен құмды суға қосқан кезде ерімейтінін байқаймыз.

Сергіту сәті:

4 тәжірибе:

Екі су құйылған ыдысқа 1-уіне тасты, 1-еуіне пенопластты саламыз.

-Не байқадық?

(Тас судың түбіне түсті, ал пенопласт судың үстіне қалқып тұр)

-Олай болса ауыр заттар судың түбіне батып кетеді,  жеңіл заттар судың бетіне қалқып шығады.

5 тәжірибе:

Су иіссіз.

1 стакан суға кофені араластыру арқылы судың иісін сеземіз.

-Ал келесі стакандағы жай суды иіскеу арқылы судың иіссіз екнін байқадық.

6 тәжірибе:

Көпіршіктер жасау.

-Әрбір оқушылардың алдында тұрған стакандарға сұйық сабынның тамшысын құю арқылы балалар  трубочка арқылы үрлеп, көпіршіктер жасап көрсетті.

-Су көпіршиді.

Судың қауіпсіздік ережесімен таныстыру:

-Суреттер көрсету арқылы таныстырылды;

  • Суда тіршілік ететін жануарларды аттарын атап көрсетті.

 

 

Қорытынды:Су тіршілік  көзі демекші  балаларға сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Сабақты қортындылай келе Сайықымазақ пен Ергежейлінің сыйлықтары таратылды.

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаШырша жыры
Келесі жазбаСу. Судың күйі