Коваленттік байланыс, полюсті және полюссіз байланыстар

290

Сабақтың тақырыбы: Коваленттік байланыс, полюсті және полюссіз байланыстар

Сабақтың мақсаты: І-ІІІ период элементтерінің атомдарындағы электрондардың орналасуы туралы білімін бекіту. Атом құрылысының белгілі заңдылықтары негізінде химиялық ковалентті байланыстардың түзілу мәнін таныстыру, ковалентті байланысқан жай заттардың электрондық формуласын құру білігін қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта. «Химиялық байланыстардың түрлері», «Химиялық байланыстың түзілуі кестесі атом құрылысының үлгілері».

Оқушылардың білімі мен білігін тексеру. Сыныптағы бірнеше оқушыға жазбаша сұрақтар беріледі (карточка түрлері).

  1. Электртерістілік дегеніміз не?
  2. Натрий мен фтор атомының құрылыс сызбанұсқасын сызып көрсет. Олардың химиялық автивтілгін қалай түсіндірсең?
  3. Металл, бейметалл, инертті элементар атомдарының құрылыс ерекшелігі неде?
  4. Аяқталған және аяқталмаған электрондық қабат нені білдіреді?
  5. Период және негізгі топша бойынша элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Осы өзгерістердің себебі неде?

 Жаңа материалды оқыту. Ковалентті байланыстың екі түрлі үлгісін ұсынамыз.

Химиялық байланыстың түзілуі.

Байланыс түзуші бөлшектер Әр түрлі химиялық байланыстың түзілуі Байланыс қалай түзіледі Химиялық байланыс түрлері Әр түрлі химиялық байланыстағы заттар
Бейметалл атомда рының бір түрі

 

Бейметалдардың әр түрлі атомдары

 

Металдармен бейме- талдар атомда ры

Н·+·Н→Н:Н

:СІ·+·СІ:→:СІ:СІ:

 

Н·+СІ:→Н:СІ:

 

 

Nа·+·СІ:→Nа+(:СІ:)

 

Электрондардың жұптасуы арқылы

 

Электрондардың жұптасуы арқылы

 

Металл атомдарынан бейметалл атомына электронның ауысуы және түзілген иондары -ның  лектростатикалық тартылуы арқылы

Ковалентті полюссіз

 

Ковалентті полюсті

 

Ионды

Н2, СІ2, О2, Вr2, F2, N2

 

 

 

НСІ, НВr, НY, Н2S, т.б.

NaCI, NаF, К2S, Li2О, NаВr т.б.

 

 

Кестені толтыру барысында оқушы төмендегі жағдайға ерекше көңіл аударуы керек: химиялық әрекеттесу кезінде электрон атомдары дара электрондық жұптасу есебінен электрондық сыртқы қабатын аяқтап, тұрақты электрондық  құрылысқа көшеді. Яғни атомдар 8 н/е 2 электроннан тұратын тұрақты конфигурация түзуге тырысады. Жалпы электрон жұптарының саны атомдардың сыртқы энергитекалық деңгейшедегі дара электрон сонымен анықталады. Галогенсутектері (НСІ, НВr) молекуласындағы ковалентті полюсті байланыстың түзілуі электрондық тығыздықтың ығысуымен түсіндіріледі.

       Одан әрі электрондық формула құрудың алгоритімімен таныстыру.

  • Сәйкес келетін атомдардың химиялық таңбасын тізіп жазу.
  • Элементтің периодтық жүйедегі орнын (қай топқа) табу.
  • Берілген элементтің орналасқан тобына сәйкес валенттік электрондардың санын белгілеу.
  • Нүктелер арқылы элемент атомдарындағы дара электрондардың жалпы санын белгілеп, электрондық қабатын  аяқталуына неше электрон жетпейтінін анықтау.
  • Әр атомның химиялық таңбасының айналасына нүктелеріне қалған электрондарды белгілеу.

Н2, СІ2, О2, N2 элементтерінің электрондық формуласын жазып болған соң, осы формуладағы  нүктелермен көрсетілген  элетрон жұптарын сызықшамен ауыстырса құрылымдық формула алынатынын түсіндіру.  Тақтаға және дәптерге төмендегіше жазылады:

                              Электрондық формула:                                                      Құрылымдық формула:

                           Н:Н  :СІ:СІ:   :О:О: :N:N:  Н:СІ:                                   Н-Н,  СІ-СІ,  О=О, N-N,  Н-СІ

Ковалентті полюсті байланысты малекуланың құрылымдық формуласында электрон тығыздығының  бір атомынан өткінші атомға ығысуын бағдаршамен көрсетеді. Электрон тығыздығын өзіне тартатын электрон элемент атомы ішінара теріс зарядталады. Ал өзінен ығыстыратын элемент атомы ішінара оң зарядталады.  Мысалы: Н+→СІ—   

Оқушылар білімін тексеру үшін төмендегідей тапсырма беріледі:

  1. О2 мен НF молекулаларының электрондық формуласын салыстырыңдар. Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
  2. Вr2, Н2S, NН3 малекуласының электрон тығыздығы ығысуы мен ішінара зарядталуын көрсетіп, электрон дық және құрылымдық формуласын жаз.
  3. Н2О, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, F2, СІ2 заттары берілген. Көрсетілген заттардың қайсысы ковалентті полюсті, қайсысы ковалентті полюссіз байланысқан.

Үйге тапсырма. Ережелердә жаттау,  жұмыс дәптерінен жаттығулар орындау.