Жаңа химиялық элементтердің ашылуы туралы мәліметтер, химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы, адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі

791

Сабақтың тақырыбы: Жаңа химиялық элементтердің ашылуы туралы мәліметтер, химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы, адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі

Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары:

Білімділігі: Әрбір химиялық элементтердің адам ағзасындағы атқаратын рөліне, маңызына және қажетті тоқталу. Макро-, және микроэлементтердің түрлері жайлы оқушылардың білім деңгейлерін толықтыру;

Тәрбиелігі: «Адам ағзасындасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбын оқыту арқылы оқушылардың күнделікті дұрыс тамақтана білуін дағдыландыру.

Дамытушылығы: «Адам ағзасындасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбы тек химия пәнімен ғана емес, биология, медицина салаларымен тығыз байланыста екендігін айта отырып, болашақта өз мамандығын таңдаудағы ой-өрісін дамыту.

 

Сабақтың өтілу жоспары:

 

  1. Химиялық элементтерге жалпы сипаттама
  2. Адам ағзасын құратын химиялық элементтер
  3. Ол элементтердің массалық үлестері
  4. Химиялық элементтердің азық – түлік және жеміс – жидектердегі мөлшері
  5. Химиялық элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының бұзылуы

Кальций – күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл (g = 1,55 г/см3 ), алайда анағұрым қатты болады және оның балқу температурасы да өте жоғары, 851 0 С-ге тең.

Са – ізбес. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.

Калцийдің маңызды қосылыстары: кальций оксиды – СаО – сөндірімеген әк, кальций гидроксиді – Са(ОН)2 – сөндірілген әк, кальций карбонаты – СаСО3 — әкті су, ғаныш (гипс) – СаSO4 *2Н2О

Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.

Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.

3 – сурет.

 

 

   Сүт                                                       ірімшік                                            сүт сірне (сыр)

 

 

 

 

 

                                                                                                              

Қара нан                                                                                                                          Жұмыртқа сарысы

 

Йод — өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган).  Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі.

Йод жетіспеушілігіне байланысты ауруларды емдегеннен гөрі алдын – алған жөн. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет.

 

 4 – кесте.                            Йодтың күндік нормасы

 

Йод мөлшері (мкг) Категориясы Жасы
50 Емізулі сәби Алғашқы 12 айда
70 Ерте жастағы балалар 1- ден 2 жасқа дейін
90 Мектеп жасына дейінгі балалар 2- ден 6 жасқа дейін
120 Бастауыш және орта сынып оқушылары 7- ден 12 жасқа дейін
150 Жасөспірімдер, ересектер 12- ден жоғары жастағылар
200 Аяғы ауыр әйелдер мен бала емізетін әйелдер

 

Ең жоғарғы мөлшердегі өнімі – теңіз өнімдері (800 – 1000 мкг/кг). Теңіз балдырлары мен губкалар және балық майы, кальмар, теңіз капустасы. Ет, сүт, жұмыртқада йод аз, өсімдіктекті азықта тіпті аз.

Йод бар өнімдерді қабылдағанда (80 – 85 % мөлшерін ал үшін) мынаны ескер жөн:

  • йодтың қалқанша безге кіруі үшін фермент, селен, мырыш, темір және А, Е дәрумендері бірге жүруі қажет.
  • микроэлементтер пісіру кезінде жойылып кетеді. Егер сорпа дайындасаңыз әңгіме басқада, ал тек картоптың өзін қайнатсаңыз, йод сумен бірігіп өзгеріске ұшырайды.
  • кейбір тамақ өнімдері йодты өзіне «байлап» алып, ағзаға сіңірілуін нашарлатады, ондай қасиетке барлық шаршыгүлділер: орымжапырақ, шалқам, шалқан, шомыр, соя, бұршақ жатады. Бұл оларды жемеу деген емес, керісінше соларды көбірек мөлшерде қабылдау керек деген сөз.
  • йод жетіспеді екен деп тек йодталған өнімді ғана жеуге болмайды, тепе – теңдік сақтап, май, ақуыз, көмірсуларды да аз мөлшерде қабылдар отырыңыз.
  • йодтың спирттегі ерітіндісін тікелей пайдалануға мүлдем болмайды, 1 тамшы йодтан 11 күндік мөлшерін бірден аласызда, қалқанша безді «отырғызасыз» және таза йод аллергия беруі мүмкін

Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті.

Йод адам ағзасында 20 – 30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үрдістерді атқарады.

Құрманың зияны жоқ. Кептірілген құрма – адам ағзасына қажетті дәрумендерге бай жеміс. Оның құрамында ақуызбен көмірсутектен басқа темір, фосфор, мыс, марганец, магний, калий, кальций, фтор, селен элементтері бар. Кальций сутектің, фтор тістің беріатігі үшін қажет болса, селен жүрек және қатерлі ісік ауруларының алдын алып, ағзаның қорғаныш қабілетін күшейтеді.

Құрма құрамындағы амин қышқылы жөнінен алма, апельсин мен бананды жолда қалдырады. Бұрынырақта халық емшілері құрманы асқазан, ішек ауруларына ем ретінде қолданған. Құрма күш – қуаттың қайнар көзі, сонымен бірге бұлшық еттің нығаюына да әсер етеді.

Жемістің құрамындағы В тобындағы дәрумендер мен көп мөлшердегі глюкоза мимен жұмыс істейтіндер үшін өте пайдалы. Құрма жүкті әйелдер үшін де өте қажетті жеміс, ол ана сүтінің молабына септігін тигізеді. Бірақ кептірілген құрма майлы және қанты көп болғандықтан, күніне 10 – 15 түйірден артық жеуге болмайды.

1 – сызбанұсқа.

 

                                                                         Fe

                                          K          Ca                                                 10-15 түйір күніне

                               Mg                                                                                                                       Көмірсутек

                                                                                                                                                                           

               

         Mn                                                                                                                                               Ақуыз

 

Ішек ауруына   көмек етеді

                     Cu                                                                                                                   Бұлшық ет нығаяды

                                               P                Se           асқазанға пайдалы     Ана сүті молаяды

                Фосфор тұздары . Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы – аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин – биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай – ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа ағзаларда жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады.

Міне сондықтан бұлшық етте қатты жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ересек адамға оның тәуліктік қажеті 1 – 2 грамм болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыда бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін.

Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасуша ядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға – нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға – фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Сүйек пен тісте фосфор қышқылының тұздары өте – мөте көп. Сондықтан тамақ рационында фосфордың қажетті мөлшерде болғаны жөн. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор сырда, сүзбеде, етте өте көп. Әр өнімнің 100 г мөлшеріндегі фосфор төмендегі мысалда келтірілген.     

4 – сурет.

                                 

 

                                       

Қара нан 100-200 мг                       Сүт сірне (сыр) 400-600 мг                         Жұмыртқа

 

                                                                                                                     

Қырыққабат 31 мг                                                                                                                       Ет 150-200 мг

 

 

 

 

                                                                                       

Ірімшік 217-224 мг                                              Балық                                                            Лобия 541 мг

 

Асқабақ Латын Америкасынан шыққан, бірақ ол біздің жерімізде  де орнықты. Қызғылт, сары, дәмді балдырынан басқа оның емдік қасиетті тұқымы да бар. Оны жапон диетологы Дж. Осава пайдалы өнімдер кестесінің ішінде бірінші орынға қояды. Әсіресе қауын тәрізді емес, дөңгелек асқабақтың тұқымы бағалы. Тұқым несімен пайдалы дейсіз ғой. Онда 36 – 52 пайыз майлар (холестеролсыз), шайыр, органикалық заттар, Е, А дәрумендері, аздаған Д, К дәрумендері бар және микро мен макроэлементтер мол. Әсіресе ондағы мырыш пен темір бағалы және магний, кальций, фосфор, ақуыздар да көп.

Құрамындағы мырыш бойынша асқабақ пен күнбағыс ерекше даңққа ие болады, өйткені осы  өнімдердегі мырыш мөлшері устрицалардан соң екінші орынды иеленеді. Ал мырыш әйелдерге қарағанда ер адамдарға 5 – 8 есе артық қажет.

Мырыш жетіспесе нәрестелердің өліп кетуі де мүмкін екен. Содан соң жасөспірім шағында ер балаларды безеу, шаштың майлы себореясы. Бұдан құтылудың жолы – мол мырыш жеу, мысалы, асқаьақ тұқымын немесе күнбағыс пістесін шағу.

 

Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі кездесетін 110 элементтің 80-ге жуығы тірі жасушаның құрамында болатындығы дәлелденді. Олар жасушадағы мөлшеріне қарай үш топқа белінеді. Бірінші топқа: оттек, сутек, көміртек және азот сияқты органикалық және бейорганикалық заттардың молекулаларының негізін құрайтын элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы мөлшері 98%-ға жуық болғандықтан, олар макроэлементтер деп аталады. Сонымен қатар бұл топқа нәруыз (белок) бен нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін күкірт пен фосфор да кіреді. Бұларды биоэлементтер деп атайды. Екінші топқа: ион түрінде кездесетін калий, натрий, кальций, магний, темір, хлор сияқты және т.б. элементтер жатады. Бұлардың жасушадағыжалпы мөлшері 1%-ға жуық. Бұл элементтердің қысқаша жасушада ерекше қызметтер атқарады. Мысалы, кальций мен фосфор сүйек ұлпасының құрамына кіреді, оның беріктігін арттырады. Сонымен қатар кальций элементі қанның ұюына қатысады.Ал гемоглобин нәруызының құрамында темір болады, ол оттекті өкпеден ұлпаларға тасымалдайды. Өсімдік жасушасындағы хлорофилл пигментінің құрамындағы магний элементі фотосинтез процесін тездетеді. Үшінші топқа: жасушада өте аз мөлшерде кездесетін элементтер жатады. Олардың жасушадағы мөлшері 0,02% болатындықтан микроэлементтер деп аталады.

1.Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау» стратегиясы (4 мин)
 

«Сырларым бар химиктерге аян, таба алсаң қасиетімді етем баян» жұмбақтарды жасыру арқылы металдарды табу.
1. Су бетінде қалықтап, қандай металл жүзеді?
Айтшы, ойланып, денеңде жетпейтін қандай тұз еді?(натрий)
2. Ертеден белгілі жетеудің бірімін.
Электроника саласында ірімін.
Көптеген құймаларға кіремін,
Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін (мыс )
3. Менделеев ауылының алтыншы көшесінде тұрағым,
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын,
Мені балқыта алмай қиналады көбісі,
Қазақстан әлемінде, кенім жөнінен бірінші (вольфрам)
4. Қара металлургия жанымын,
Машина, трактордың қанымын.
Жетінші қосымша топшада болсам да
Металл атаулының ең көп қолданылатын санымын (темір)
5. Табылса бұрын там-тұмнан,
Қазір көп әр өлке де,
Қымбат болды алтыннан,
Қандай металл ертеде?(алюминий)
6. Өзі ауыр металға жатады,
Емшілер қорықтық құюға қолданады (қорғасын)
7. Күмістей өзі жылтыр,өзі сұйық.
Қандай металл, құрал жасар, оны құйып (сынaп)
8. Аспен келеді, тамаққа дәм береді(NaCl)

 

2.Мағынаны тану (20 мин)
«Джиксо» стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар арқылы жұмыстанады. Оқушылар өз бетімен кеңінен қолданылатын металдар жөнінде мағлұмат жинап дайындалып келеді.
І топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы металдардың биологиялық рөлі
( натрий, иод, кальций, алтын, селен, қорғасын, т.б метал үлгілері)

ІІ топ тапсырмасы. Металдардың адам өміріндегі маңызы(өнеркәсіпте, техника, шаруашылықта, күнделікті тұрмыстағы бұйымдар)

ІІІ топ тапсырмасы. Металдарға бай тағамдар туралы мәлімет(алма, банан, алмұрт, құрма, киви, анар, сүт өнімдері, қырыққабат, балық, жұмыртқа, қара нан т.б)

IV топ тапсырмасы. Металдар және оларды өңдеу, кен орындары және еліміздің экономикасына тигізетін әсері.

  1. «Өткенді ұмыпта, ол –болашақтың ұстазы» (5мин)
    1. Ашылу тарихына сай металдарды табу:
    № Элементтер Ашылу тарихы

 

  1. Алтын Адам баласына тас дәуірінен белгілі.
    2. Күміс Б.ғ.д. 2500 жыл бұрын табылған. Америка мен Австралиядан 1874 жылы Еуропаға әкелінген.
    3. Қалайы Қола дәуірінен белгілі. Ежелгі Мысырдан 4000 жыл бұрын табылған.
    4. Темір Адамзат қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам мүддесіне қызмет етіп келе жатқан тарихи элемент.
    5. Мыс 9-10мың жыл бұрын Кипр аралынан өндірілген.
    6. Сынап Алғаш қытайлар мен үндістер пайдаланған. Грек дәрігері Диоскрид “хидр” – “су”, “аргирос” – “күміс, сұйық күміс” деп атаған.
    7. Қорғасын Біздің заманымыздан 3-4 мың жыл бұрын Мысыр, Римнен табылған.
    2.Химиялық эстафета (7 мин)
    1. Mg = MgO = MgCO3 = K2 CO3 = CO2
    2. Fe = FeO = Fe(OH)2= FeCl2 = Fe = Fe SO4
    3. Al = Al2 O3= Al (OH)3 = Al2 (SO4)3 = Al
    4. Ag = Ag2 O = AgCl = AgNO3

 

III. «Білім алар баланың, оқу болар ермегі»
Тест ( 15 мин)
1.Жер қыртысында ең көп таралған металл:
 

а. Темір ә. Титан б. Мыс в. Кальций
2) Тек металдар орналасқан қатарды көрсетіңіз:
а. Са, Zn, Cr ә. B, As, Te б. O, S, Se в. Pb, Sn, Si
3)Металдарға тән емес физикалық қасиет:
а. Электр өткізгіштігі ә. Жылу өткізгіштігі б. Созылғыш, иілгіш
в.Жылу өткізбейтіндігі
4) Ауада тотықпайтын металл:
а. Na ә. Au б. Al в. Mg
5) Натрий суда ерігенде түзілетін заттардың бірі:
а. Натрий оксиді ә. Натрий гидрооксиді б. Натрий гидриді
в. Натрий пероксиді
6) Сілтілік металдар атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінің жалпы электрондық формуласы:
а. ns2 ә. ns1 б. ns2 np1 в.ns2 np2
7. Cөндірілген және сөндірілмеген әкті көрсетіңіз
а. МgO, Mg(OH) 2 ә.CaO, Ca( OH) 2
б.CaCO3, CaSO4 в. Ca3 (PO4) 3, Са(ОН)2
8.Натрийдің протон саны:
а. 22 ә. 23 б. 11 в. 13
9.Натрийдің энергетикалық деңгей саны
а.3 ә. 2 б. 4 в. 5
10.Натрийдің электрондық формуласы:
а.1s²2s²2p63s² ә.1s²2s1 б.1s²2s²2p63s1 в. 1s²2s²2p632s² 3p64s1
11.Сілтілік металдар гидридінің жалпы формуласы:
a.MeH ә. MeH2 б. Me2H в. МеН4
12.Металдар ішіндегі ең ауыры:
a.Хром ә. Вольфрам б. Осмий в. Магний
13.Сілтілік металдар қасиеті:
a.жеңіл,жұмсақ ә. ауыр,қиын балқиды б. жеңіл,қиын балқиды
в. жеңіл, балқымайды
14.Сілтілік металдар табиғатта кездеседі:
а. оксидтер түрінде ә. бос күйінде б. тұздар түрінде в. газ күйінде
15.Сілтілік металдарды таза күйінде қандай әдіспен бөліп алады:
а. еріту ә. электролиз б. қыздыру в. жасанды жолмен
16.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың пайыздық мөлшері.
a. 90% ә. 80% б. 50% в. 30%
17. Сілтілік металдар қатарын көрсетіңіз
а. Li, Na, K, Rb, Cs, Fr. ә. Li, Na, Ca, Mb, Al. б.Na, K, Fr, Au, Al.
в. Li, Rb, Cu, Mg, Fe.
18. Жеңіл балқитын металдар
а. Күміс, алюминий, мыс ә. Сынап, цезий, галлий
б. Мыс, қорғасын, алтын. в. Вольфрам, ваннадий
19. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын металл
a. Ti ә.V б. W в. Al
20. Негізгі топшаның металдары
а. s.d элементтер ә. p.d элементтер
б. s.p элементтер в. f элементтер
21. Қосымша топшаның элементтері.
a. s, p ә. d б. p,d в. d, f
22. Электр тогын ең күшті өткізетін металдар
а. Күміс, мыс, алюминий ә. Мыс, титан, алюминий
б. Күміс, алтын, хром в. Темір, мыс, қорғасын, сынап
23. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім Ме
а. Марганец ә. Мыс б. Темір в. Магний
24. Электр тогын нашар өткізетін металдар
а. Күміс, мыс ә. Мыс, титан
б. Күміс, алтын в. Қорғасын, сынап
25. Сүйекті қаптайтын элемент?
а. Кальций ә. Магний б. Азот в. Темір
1. Германиядағы облыс атауымен аталатын элемент?
а. Марганец ә. Германий б. Хром в. Франций
27. Франция елінің атауындағы элемент?
a. Алюминий ә. Цезий б. Франций
в. Менделеевий
28.Дүние бөлігінің атымен аталатын элемент?
а. Европий ә . Калифорний б. Техниций в. Германий
29. Ең сүйық металл
а. сынап ә. Калий б. Кальций в. Магний
30. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл?
а. Кальций ә. Техниций б. Цезий в. Калий

 

3.Өздік жұмыстар
Есептер шығару (15 мин)
1-топқа
1. Массасы 28 г литий сумен әрекеттескенде сутектің (қ.ж) қанша көлемі түзіледі?
2. Күкірт қышқылы құрамындағы оттектің массалық үлесін табыңыз.
3. Массасы 12г натрий сульфаты 150г суда ерітілген. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесін табыңыз.
Жауабы: шешуі:
1. Бер: 28г x л
m (Li) = 28г 2Li + 2H2 O = 2 LiOH + H2
14 22,4л

т.к V (H2 ) = ? 28 г —— x л
14 —— 22,4 л
х = 44,8 л Жауабы: 44,8 л
2.Бер: шешуі:
H2 SO4 Ar (4O) 64
w(O)= *100% = *100%= 65%
т.к w (O ) = ? Mr (H2 SO4) 98

Жауабы: w(О)= 65%
3.Бер: шешуі:
m (Na2 SO4 ) = 12г m ер.з
m (H2 O) = 150 г w= * 100%; m еріт.= 12г + 150 г= 162 г
m еріт.
т.к W (Na2 SO4)= ?
12г
w= * 100%= 7,4% Жауабы: 65%
162 г

2 – топқа
1. Судың құрамындағы оттектің массалық үлесін табыңыз.
2. Массасы 58, 5 г ас тұзы күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген хлорсутектің көлемін табыңыз.
3.10%- дық 200 г ерітіндідегі ас тұзының массалық үлесн табыңыз.

Жауабы:
1. Бер: шешуі:
H2 O Ar (O) 16
w(O)= *100% = *100%= 89%
т.к w (O ) = ? Mr (H2 O) 18

Жауабы: 89%
2. Бер: шешуі:
58,5 г x л
m(NaCl) =58,5г 2NaCl + H2 SO4 = Na2 SO4 + 2HCl
58,5г/моль 2 моль

т.к V (HCl ) = ? m 58,5 г
М(NaCl) =58,5 г/моль ʋ= = = 1 моль
M 58,5г/моль
1 моль NaCl —— 2 моль HCl
1 моль NaCl —— х моль HCl
V(HCl ) =2 моль* 22,4 л/моль = 44, 8 л
Жауабы: 44,8 л
3.Бер: шешуі:
w = 10% m ер.з w* m еріт.
m(NaCl) = 200 г w= * 100%; m ер.з = ;
m еріт. 100%
т.к m (NaCl)= ?
10% * 200 г
m ер.з = = 20 г Жауабы: 20 г
100%
3- топқа
1. 4,5 моль оттек қандай көлемге ие болады?
2.Массасы 62 г натрий оксиді сумен әрекеттескенде сілтінің қанша мөлшері түзілетінін есептеңдер.
3. 120г су мен 20г тұздан тұратын ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін тап.
Жауабы: шешуі:
ʋ (О2)= 4,5 моль V
ʋ = : V = ʋ * Vm ;
Vm
т.к V(О2) = ?
V= 4,5моль * 22,4 л\моль = 100, 8 л Жауабы: 100,8л
2. Бер: 62 г x моль
m (Na2 O) = 62г Na2O + H2 O = 2NaOH
80 г /моль
m 62 г
т.к ʋ(NaOH ) = ? ʋ= = =0,7 моль
M 80г /моль
М(2NaOH) =40*2= 80г /моль Жауабы: 0,7моль
3.Бер: шешуі:
m (H2O ) = 120г m ер.з
m (тұз) = 20 г w= * 100%; m еріт.= 120г + 20 г= 140 г
m еріт.
т.к W (тұз)= ?
20г
w= * 100%= 14% Жауабы: 14%
140 г

  1. «Ерінбей талмай төгіп тер, білгенің үстіне біле бер».

1.Сөзжұмбақ «Металдар»(5 мин)

1 м
2 е
3 т
4 а
5 л
6 д
7 а
8 р

1.Күмістей ақшыл, женіл металл.
2.Мемлекет атымен аталатын элемент.
3.Магнитті қасиеті бар металл.
4.Сілтілік металл.
5.Бағалы металл.
6.Радоиактивті металл.
7.Ең ауыр металл
8.Оқтың құрамына кіретін металл.

Шешуі:
1. Магний. 2. Германий. 3. Темір. 4. Натрий. 5. Алтын. 6. Радий. 7. Қалайы. 8. Қорғасын.
2. Бағалау (3 мин)
Топ басшыларының көмегімен алған жетон және балл арқылы бағалау.
3.Қорытынды(2 мин)
Сатпаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) аса көрнекті ғалым, әрі қоғам қайраткері, Қазақстан металлургиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан ғалым. Ол үлкен Жезқазған, Ұлытау мыс-минералды шикізат қорларын тұңғыш жан-жақты зерттеді. Ғалымның құрметіне Қаратаудағы Ванадий кенінен табылған бір минерал Сатбаевит деп аталады.
Металдар – ғылым мен техниканың қазіргідей дәрежеге жетуінің бірден-бір кепілі.
Үйге тапсырма. (2 мин)
тақырыпты  оқу және дәстүрлі емес есеп шығару.
1. Ағайынды бес жігітпіз, бесеуіміз де өте өткір, кез — келген адаммен оңай араласатын ашық – жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді журген жерін сілтейді, тындырады деп өсек айтады. Мінезі тастай, онша маңызды жұмыс істемейтін Латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал ағам Нартайдың істемеген жұмысы жоқ; аспаз да болды, шыны да жасады, қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Рантай мен Сартай «жігітім» дей берсең тұтана кетеді, қып – қызыл жынды, бағына жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді. Өздері автоматты сигнал беру жағында істейді. Мен және менің ағайындыларым кім?
Жауабы: Литий, Натрий, Калий, Рубидий, Цезий.