«Дарындылар додасы»

55

 

 «Дарындылар додасы»

 

 

Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

 

Сайысқа түсуші екі топқа, сабырлық пен жеңіс тілеймін!


Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Біреуінің қатты істейтін миы бар.

 

1-топ:

2-топ:

Ойынымыз 6 сайыстан тұрады.

1.Таныстыру

2.Бәйге     

3.Есептер сыры

4.Ғажайып шеңбер

5.Жұмбақ арал

6.Құпия сөздің сырын аш.

Әр сайыстан кейін қазылар әділ бағасын беріп отырады.

1.Таныстыру

Топ басшысы өз тобының мүшелерімен бірге топтың атымен, белгісімен таныстырады.

2.Бәйге

 

Ең қиын жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортада, шықсын енді.

Тез жауап бер, ойланыпп тұрып қалма,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

 

Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1)Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.(атом)

2)Ең жеңіл металл.(литий)

3)Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр.(коэффициент)

4)Күкірт неше валентті?(2,4,6)

5)Натрийдың салыстырмалы атомдық массасы?(23)

6)Периодтық кесте неше топтан тұрады?(7)

7)Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым.(М.В.Ломоносов)

8)Көмір қышқылының тұзының аты.(карбонат)

9)Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл.(иод)

10)Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым.(С.Аррениус)

11)Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент.(S)

12)Күкірт қышқылының формуласы.(Н2SO4)

13)Сұйық металл.(сынап)

14)Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым.(Бутлеров)

15)Реттік номірі 19, салыстырмалы атомдық массасы 39-ға тең болатын элемент.(калий)

3.Есептер сыры


Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып,

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр,

Есеп шешер кезегі келіп тұр.


А.Мына айналымды жүзеге асырыңыздар және алынған өнімдердің атауын бер:

С→СО→СО2→Н2СО3→СаСО3→Са(ОН)2

Ә.Массасы 17,2 күкірт оксидін сумен әрекеттестіргенде неше грамм күкірт қышқылы түзіледі?

Б.Тұздың 25%-тік 250г ертіндісін даярлау үшін қанша тұз, қанша су қажет?

4.Ғажайып шеңбер

Мына шеңберден элемент аттарын құрастыр.

5.Жұмбақ аралы

1)Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.(оттек)

2)Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.(су)

3)Осы затпен ескі үйді алсатайды, Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.(күкірт)

4)Ең жеңіл элемент саналаы, Периодтық жүйе осыдан басталады. (сутек)

5)Ол болмаса астың дәмі кірмес, Кім бар екен ортада оны білмес.(ас тұзы)

7.Құпия сөздің сырын құлпын аш.

Мәтінде «жасырылған» оксидтердің формулассын тауып, оларды атаңыз.

K2OSNHP2O5Mg2SiO2SNH3H2OMgSOF2SiH4NO2SAl2O3O22ONH3ClPSO2

 

 

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай,

 

  • деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына беріледі.