Судың химиялық қасиеттері

82

Пән:химия.    Сынып:8 «А»     Күні:

Тақырыбы: Судың химиялық қасиеттері

Мақсаты:

Білімділік:Өткен тақырыптардан алған білімдерін бекіту.Судың

химиялық қасиеттерін металдардың кернеу қатары

арқылы түсіндіре отырып,тәжірибе жүзінде көрсету арқылы жаңа

білімді игеру;

Дамытушылық:білімдерін толықтыру,есеп шығару,формулаларды

жазып,айта білуге,реакция теңдеулерін өз беттерінше жазуға

машықтандыру;

Тәрбиелік:сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтауға,ұқыптылық пен

                  жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі мен әдісі:Жаңа тақырыпты меңгеру,дәріс,сынақ,тәжірибе,

                                           Қараев технологиясы бойынша деңгейлік 

                                          тапсырмалар,презентация

Көрнекілігі:Металдардың кернеу қатары,периодтық жүйе,оқушының жеке папкасы,жеке тапсырмалар,кеспе қағаздардағы формулалар,натрий металы,мырыш,су,кальций оксиді

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.Сабаққа әзірліктерін бақылау

2.Үй тапсырмасын тексеру:1.Үйге берілген есептердің жауабын сұрау.

Жауабы:№5 20г йод,180 г су;

2.Өткен сабақтарға арналған жаттығу-тапсырмалар.1-слайд

1-деңгей(3ұпай)

 1.Ерітіндінің  концентрациясы

2.Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін қалай есептейміз?

3.Оксидтер,қышқылдар,тұздардың анықтамасы.

Формулаларды ата.(формуланы көтеру арқылы)

Жауабы: 2-слайд

1.Ерітіндінің концентрациясы-еріген зат шамасының жалпы ерітінді шамасына қатынасымен анықталады.

2.Еріген заттың массалық үлесі-еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасы.

3.Оксидтер-біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар.

Қышқылдар-құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар

Тұздар-металл атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.

 

II деңгей(4ұпай) 3-слайд

Ерітінділерге байланысты жеке есептер

II деңгейдің жауаптары(4ұпай) 4-слайд

1-9,5г тұз

2-37,5г тұз

3-11,11%

4-0,25г тұз,49,75г су

3.Жаңа сабақ 5-слайд

Судың химиялық қасиеттері

Жоспары: 6-слайд
1.Судың жай заттармен әрекеттесуі.
2.Судың күрделі заттармен әрекеттесуі
3.Бекіту

Металдардың кернеу қатары.7-слайд

1.Судың жай заттармен әрекеттесуі. 8-слайд
1.Белсенді металл+су=сілті+сутек газы.Тәжірибе
2.орташа белсенді+су буы=металл оксиді+ сутек

2.Судың күрделі заттармен әрекеттесуі. 9-слайд
1.Негіздік оксид+су=негіз.Тәжірибе
Негіздік оксид дегеніміз-сумен әрекеттесіп,сілті түзетін металл оксидтері.

Тәжірибе
2.Бейметалл оксид+су = қышқыл
Қышқылдық оксид дегеніміз-сумен әрекеттесіп,қышқыл түзетін бейметалл оксидтері

Сергіту10-слайд

4.Бекіту.11-слайд

III деңгей (5ұпай)

1.Берілген формулаларды негіздік оксид, қышқылдық оксидке, негіздерге, қышқылдарға бөліп орналастыр.

2.Реакция теңдеуін аяқта.

K+H2O =

Mg+H2O=

K2O+H2O=

SO2+H2O=

 

 

III деңгейдің жауабы (5ұпай) 12-слайд

2K+2H2O =2KOH+H2

Mg+H2O=MgO+H2

K2O+H2O=2KOH

          SO2+H2O=H2SO3

5.Бағалау. 13-слайд

12-ұпай- “5”
10-11-ұпай-“4”
8-9 ұпай-“3”
7-төмен-“2”

6.Үйге тапсырма14-слайд

  • 44

Жаттығу (4-5)