Көмірсутектердің галогентуындыларының қасиеттері.

 

Сабақтың  тақырыбы: 

  • 6.2. Көмірсутектердің галогентуындыларының қасиеттері.

Сабақтың  мақсаты: 

а) білімділік: Көмірсутектердің  галогентуындыларының  физикалық  және  химиялық  қасиеттерімен таныстыру олардың  жеке өкілдерімен таныстыра  отырып, олардың қолданылуы туралы  білімді  меңгерту.

ә) дамытушылық:  Оқытудың  технологияларын  пайдаланып,  тақырып  мазмұнын талдауға, салыстыруға  білу қабілетіне  дамытуға, танымдық қабілеттерін  арттыруға, оқушының іскерлігін, өзбетімен ізденуін,  ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін  дамытуға  бағыт

б) тәрбиелік: Көмірсутектердің  галогентуындыларының  қолдану  саласын,  пайдасы мен  зиянын  айыра білуге  наихаттау,  оқушыларды  бірлесе  жұмыс істеуге, мақсатқа жетуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  типі:  Жаңа  білімді меңгерту

Сабақтың  түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың  әдісі:  сұрақ-жауап, тірек-сызбалар арқылы  оқыту, түсіндіре-әңгімелеу,  демонстрациялау

Сабақтың   пән аралық  байланысы:  математика,  физика, биология

Сабақтың  көрнекілігі:  слайдтар, шар өзекті моделдер,  периодтық  кесте.

Сабақтың  барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге  берілген  тапсырманы сұрау

Тапсырма №1

Тренинг өткізу:  «Сенесің бе, сенбейсің бе?»

 

   C2H5CL

Тапсырма  №2         «Формуласын  жаз»

 C2H5Br

Хлорэтан

C2H5 І

Бромэтан

C2H5F

Иодэтан

Фторэтан

1           2           3

 

 

CH3 – CH — CH3

CL

2- хлорпропан

 

 

 

1-хлорпропан

 

CL

 

 

Хлорбензол

1          2          3

 

CH2 – CH — CH3

CH3      Br

2-бром 1-метилпропан

 

 

 

Тапсырма  №3  «Реакцияны  аяқта»

        CH4 + CL2

метан   хлор

 CH3CL+ HCL

хлорметан   хлорсутек

 C2H5CL

хлорэтан

 

 

 

 

H2C= CH2  +  HCL

этилен           хлорсутек

 

 

 

Тапсырма  №4

«Түзу  ме,  қиғаш  па?»

CH3 JC6H6CH2═CH2
CH4CCL4CH≡CH
C6H5-C3H7C6H5-CH3C2H5Br

 

  • 6.2. Көмірсутектердің галогентуындыларының қасиеттері.

Физикалық  қасиеттері:

  1. Алкил радикалы  мен  галогеннің  массасы өскенде,  галогеналкилдердің  қайнау  температураларыда   артады.
  2. Галогеналкалдардың бастапқы мүшесі газ тектес, ортаңғылары сұйық заттар.
  3. Өздеріне тән тәтті  иістері  болады
  4. Суда нашар  ериді, органикалық еріткіште жақсы ериді.

 

 

Химиялық  қасиеттері

Галогеналкилдер

 

 

 

І  орынбасу   реакциясы      ІІ   айырылсу реакциясы     ІІІ   тотығу   реакциясы

 

Орынбасу   реакциясы 

Галогенакилдердің  сілтімен  әрекеттесуі

C2 H5CL +NaOH           C2H5OH +NaCL

Хлор     натрий гидроксиді      этанол     натрий хлориді

 

ІІ. Айырылу  ыдырау  реакциясы :

А) Егер гологеналкилдің құрамында  галогеннің  бір  атомы болса,  алкен  түзіледі                     спирт

H3C-CH2 CL+NaOН          H2C = CH2+NaCL+H2O

хлорэтан                               этилен

 

ә) Егер  сілтінің  спирттегі ертіндісімен диагологентуындылар  әрекеттесе,  ацетилин қатарындағы  көмірсутектер  түзіледі:

спирт

CHCL2 – CH3 +2KOН          HC≡CH+2KCL+2H2О

1,1 дихлорэтан

 

ІІІ. Вюрц  реакциясы:

t

2CH3CL+2 Na           C2H6+2NaCL

Хлорметан                 этан

 

 ІҮ. Галогеналкандар  металдармен  әрекеттесіп,  циклоалкандар  түзеді:

       1        2            3         4

CH2-CH2-CH2-CH2 +Zn           H2C-CH2 + ZnCL2

           CL                     CL                  H2C-   CH2

                 1,4 дихлорбутан                     мырыш   циклобутан    мырыш  хлориді

 

 

 

 

 

 

«Артықпын  мен»

А) CH4, C4H10, CH3I, C2H6

Ә) C2H4,   C3H7Br, C5H10,C7H14

В) C2H2,C3H4,   C2H2CL2 ,  C4H6

Есептер

  1. Массасы 101 г хлорметан алу үшін метанның қандай  массасы  мен  көлемі қажет болатындығын  есептеңдер

8.Тоңазытқыш  қондырғыларда  салқындатқыш ретінде  сұйық  күйге  оңай  айналатын газ  тәрізді  зат – фреон-12 (дифтордихлорметан)  жиі қолданылады. Осы заттың ауамен және  көмірқышқыл газымен  салыстырғандағы  тығыздығын  табыңдар.

(4,2; 2,75.)

  1. Төртхлорлы көміртек буының тығыздығы, ауаның тығыздығынан неше есе ауыр екенін есептеп табыңдар. Бұл заттың өрт сөндіру үшін қолданылатынын қалай түсіндіресіңдер?

(5,3)

  1. Құрамындағы көміртектің массалық үлесі-51,89%, сутектің массалық үлесі -9,73%, хлордың массалық үлесі -38,38% болатын, сутек бойынша  буының  тығыздығы 46-ға тең қосылыстың формуласын  есептеп шығарыңдар.

(C4H9 CI)

Мына  заттардың  шар өзекті модельдерін  жасаңдар

а) хлороформаның;

ә) дихлорэтанның;

б) дифтордихлорметанның;

Үйге тапсырма 

  • 6.2. Көмірсутектердің галогентуындыларының қасиеттері.
  1. Тапсырма №10 есеп:  Монохлорметан, дихлорметан, трихлорметан және тертахлорметандардың  құрамындағы  көміртектің  массалық  үлестерін  табыңдар.  Салыстырмалы молекулалық  массалары мен  көміртектің  массалық  үлестерінің  арасындағы  байланысты  бейнелейтін  график  сызыңдар.
  2. Тапсырма. Көмірсутектердің галогентуындыларының   пайдасы мен зиянын зерттеу.