Жаңа технологиялардың элементтерін қолдану негізінде оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру арқылы білім сапасын көтеру.

57

 

Жаңа технологиялардың элементтерін қолдану негізінде оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру арқылы білім сапасын көтеру.

 

Қазір білім саласындағы болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Осы проблемалар

мектептегі химия пәнінің оқытылуына да тікелей қатысты. Химияны орта мектепте оқыту барысында оқушыларға не үйрету керек:

  1. Қоршаған ортаны танып білудің химияға тән құралдарын меңгеруге;
  2. Политехникалық білімін дамытуға және оларды сарамандық қызметке дайындауға көмектесу.;
  3. Химияның сарамандық қолданылуымен таныстыра отырып, олардың ғылыми-техникалық алға басудың негізгі бағыттары мен маңызын түсінуіне көмектесу;
  4. Логикалық ойлауы мен танымдық қабілеттерін және кеңістік туралы түсініктерін дамыту, шығармашылығын қалыптастыруға ұйытқы бола білу;
  5. Зейіні мен байқампаздығы , ұқыптылығы мен дәйектілігін, дербестік пен жоспар түзе білуіне, еңбек ете білуіне ықпал жасау;
  6. Отансүйгіштік, интернационализм рухында тәрбиелеу;
  7. Дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру;

Химия пәнін оқытуда — биология,  физика , математика, экономикасыз

химия технологиясын шеше алмайды. Осы пәндерді білмейінше, қазіргі кездегі химия негіздерін меңгеру мүмкін емес, ал жаратылыстану пәндерін химияны  білмей, толық түсінуге болмайды. Олай болса, бұл пәндер тығыз байланыста. Химия пәнінен алған сапалы білімі ,жалпы

оқушының көзқарасының қалыптасуына әсері зор.Жоғарыда айтылғанды ескере отыра, менің пән мұғалімі ретінде зерттеген тақырыбым. «Тиімді әдістердің элементтерін қолдану негізінде оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру арқылы  білім сапасын көтеру». Қызығушылық деп оқушының бір нәрсеге зейін қоюға , кейбір заттар мен құбылысты танып білуге ұмтылуын айтамыз. Химияда оқушыларды қызықтырып, өзіне тартатын құбылыстар аз емес, тек соларды таба, тани білу керек. Қызығушылық- адамның рухани және дене күші дамуының аса маңызды шарттары болып,ой-өрісін кеңейтіп білім алуға итермелейді. Бұл оның іс-әрекетін жеңілдетеді, бір нәрсеге қызығатын болса, ол кез келген іспен шұғылдану үшін зор қиындықтарды жеңуге дайын тұрады.Оқушы қызықты сабақты зор ынтамен қабылдайды да , әдетте оны жақсы оқитын болады.

Сабақты жоспарлағанда  бірінші осыны ескеремін..

Үй тапсырманы тексеруде, жаңа тақырыпты талдауда -тест, проблемалық ситуация, ізденіске итермелейтін сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар, диктант, оқулықпен жұмыс, есептер шығару арқылы оқушылардың пәнге деген көзқарастарын қалыптастыруға қолданамын.

Сонымен  бірге оқушылар зертханалық, сарамандық жұмыстарды орындауда үлкен белсенділіктерін танытады. Үй тапсырмасы жүйелі түрде жазбаша, ауызша тексеріледі және бағаланады. Оқушылардың жаңа тақырыпты талдауда , өз пікірін айтуға , қосымша материалмен жұмыс жасауға мүмкіндігі мол.Нәтижесінде оқушылардың сабаққа дайындықтары жүйелі түрде қалыптасып, білім сапасы артуына септігін тигізеді. Химия бізді қоршаған материялық дүниені зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының қатарына жатады. Мектеп қабырғасында химия оқулығы жалпы, анорганикалық және органикалық деп аталатын үш бөлімнен тұрады.Жалпы химия- химиялық өзгерістердің барлығына қатысы бар заңдылықтар мен теориялық мәселелерді зерттейді.

Анорганикалық химия- элементтердің және оның қосылыстарының құрамы мен қасиеттерін, олардың қатысуымен жүретін реакцияларды қарастырады.

Органикалық химия  органикалық заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін және олардың қатысуымен жүретін реакцияларды оқытады.

Химия пәнінің бірінші сабағында оқушыларға оның басқа пәндермен салыстырғандағы ерекшелігін түсіндіремін. Оқушылар осы сабақта келесі сызбанұсқаны талдап зерттейді:

зат құрылысы→ қасиеті → қолданылуы → алынуы  қорытынды жасайды. Оқушылардың химияны оқытуда қызығушылықтарын арттыру мақсатында , заттармен танысқанда , олардың ашылу тарихына назар аударылады, қызықты деректер келтіріледі. Сонымен бірге оқушылар өздері қызығып, қосымша материал алып келеді.

Оқушыларға  білім беруде мұғалімнің теориялық білімі және практикасы, шеберлігі үлкен роль атқарады. Мұғалімнің бірінші мақсаты-оқушының химия пәніне деген алғашқы көзқарасын оң қалыптастыру.Осы жұмысты 8-ші сыныпта «Алғашқы ұғымдар» тарауын оқытуда  бастаған жөн.Бұл тарауда оқушылар алғаш рет күрделі заттың формуласын және химиялық реакция теңдеуін жазып үйренеді. 8-ші сыныпты аяқтай келе, кейбір оқушылар химия пәнін оқығысы келмейді, ал басқаларының керісінше қызығушылығы артады. Белгілі ғалым С. Лем: « Мен нені жақсы түсінсем, сол маған қызықты..» деген екен. Сондықтан ең алғашқы тақырыптарды

(валенттілік және валенттілік бойынша заттың формуласын құру, химиялық реакцияның теңдеуін құрастыру) оқытқанда  «қайталау блок» әдістемесін қолдану өте ұтымды. Оқушылар валенттілік арқылы формула құрастыра бастағаннан кейін, бірден химиялық реакция теңдеуін жаза бастаймыз. Әр сабақты осындай тапсырмалардан бастаған жөн. Олар әлі оксид, сульфат, хлорид, фосфат, нитрит, гидрид деген ұғымдарды білмесе де  оксиген, сульфур, хлор, фосфор, нитроген, гидроген деген атаулармен таныс. Сондықтан келесі кезеңде оқушыларды гaздармен таныстырамын.Балалар дәптерлерінің жиегіне тігінен жазады.:

Ж     Н2      Г

И      О2         А

Е       N2         З

Г       CI2    Д

І                 А

Р

Газдардың молекуласы екі атомды! Осы газдар туралы күнделікті айтылады.

Енді балалар газдардың формуласы қалай өрнектелетінін біледі.

Ендігі кезеңде валенттілік туралы ұғымды дамытамыз. Тақтаға химиялық реакция теңдеулерінің 4 блоктан тұратын сызбанұсқасын жазамын. (Оқушылардың дәптерлерінде 12-16 теңдеу болады).

1 блок            II блок                          III блок                                   IVблок

H2+O2= ? O        Ba +O2=  ? O            Sr +O2=  ?O                       P +O2 =?   O

Ca +O2= ?k         Mg +O2=?  k             Cu +O2= ?k                       S+O2 =?    k

AI +O2= ?c          Li +  O2 = ?c             Pb +O2= ?c                       Si +O2=?   c

и                             и                              и                                        и

д                             д                              д                                        д

Осы сызбанұсқаларды оқушылар бірнеше рет жазып, қайталап , естерінде жақсы сақтайтын болады,Содан кейін бірінші блок бойынша. «реакция барысында не түзіледі?»деген сұрақ қойылады.Ендігі кезеңде заттың формуласын құрастыру этапы (валенттілік арқылы) . Формулада  бірінші орында химиялық элемент, екінші оксиген. Оқушылар «оксид» деген ұғыммен таныс емес, сондықтан формула құрастырған соң, таныстырамын. Оксидтер -біреуі оттек болып келетін, екі элементтен құралған бинарлы қосылыстар. Келесі кезеңде әр сызбанұсқаны фигуралық жақшаға алып, балаларға сұрақ қоямын.: «Түзілген заттар қалай аталады?» жауабы: «оксидтер» содан кейін оксид деп жазамын.

Оқушылар (4 оқушы) шығып, әр сызбанұсқадағы түзілген заттың формуласын шығарады. (валенттілік арқылы) Барлық мысалдарда оксиген

II  валентті. Осы жерде мұғалім индексті валенттілікті жазғаннан кейін қоюды мұқият талап етеді. Келесі этапта оқушылар коэффициенттерді қояды. Сонымен 4 оқушы тақтаға өзінің үш химиялық теңдеуін жазады., ал сыныптағы әр оқушы 12 теңдеу жазады. Әр оқушы  өзінің деңгейіне  байланысты, жұмыс істейді. Кейбіреуі баяу, кейбіреуі өте жылдам жұмыс жасайды. Мұғалім осы уақытта оқушылардың қасына барып, бақылауға көп мүмкіндігі болады. Егер үлгермеген оқушылар болса, оны үй тапсырмасы ретінде беруге болады. Осы әдісті қышқылдар тақырыбын оқығанда жалғастыруға болады. Жаңа заманнның талабына сай білім беру үрдісінде сабақтың рөліне байланысты көзқарас күрт өзгерді .

Сабақ -тақырыпты оқытуда , білім беруде негізгі элемент. Сондықтан сабақты жоспарлағанда жалпы оның қажеттілігін анықтап білу- бірінші міндет.Содан кейін типін белгілеу. Ендігі кезеңде сабақтың негізгі мақсатын проектілеу. Ізденіспен жоспарланған сабақ әрқашанда нәтижелі болады.