Ш дыбысы мен әрпі

625

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев ауылы

№91 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Сырлыбаева Назира Ербозовна

Күні:02.10.2013.

Сыныбы:1 «А»

Пәні:Сауат  ашу

Мұғалімі:Сырлыбаева Н.Е.

Сабақтың  тақырыбы: Ш дыбысы  мен  әрпі

Сабақтың  мақсаты:1.Білімділік: Осы  кезге дейінгі  өтілген  әріптерді  қайталау. Ш дыбысы  және Әрпімен   таныстыру, түсіндіру, қатаң  дауыссыз  екенін  ұғындыру. «Ш»  дыбысын  таныту. Құрамында  жаңа  дыбысы бар  сөздерді дұрыс  оқуға үйрету. Ш дыбысының  айтылу артикуляциясымен таныстыру.

2.Тәрбиелік:Ұжымдық  жүмысқа  үйрету,әдептілік  пен  ұқыптылыққа  баулу.

3.Дамытушылық: Есте  сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі:Кеспе  қалта, кеспе  әріп,  кеспебуындар,  суреттер, дидактикалық  материалдар, «Ойын-саяхат»  схемесы, суретті  таблица, жұмбақтар  мен  жаңылтпаштар, интерактивті  тақта.

Оқыту  әдісі:көрсету, түсіндіру,қайталату.

Сабақтың  мазмұны

І.Ұйымдастыру :Түгендеу, партаға  дұрыс  отыру.Сабаққа  зейінінаудару.

ІІ.Мақсат  қою:Тақырыбын,  мақсатын хабарлау.

ІІІ.Үй  тапсырмасын қайталау:Осы  уақытқа  дейінгі  өтілген  әріптерді  естеріне  түсіру.

ІҮ.Жаңа  сабақ:-Балалар,  мына  суреттен  нені  көріп  тұрсыңдар?

-Түлкіні!

-Дұрыс,бұл түлкі  бүгін  сендерден  көмек  сұрап  келіп тұр.Қу  түлкі  ормандағы  барлық  аңдарды  алдап  кеткен  екен.Үйіне  барайын  десе,  сол  аңдар  жолына  тұрып  алыпты.Балалар,  түлкіге  көмектесеміз  бе?

-Иә!

-Өте  жақсы,  олай  болса  түлкіге  шытырман   жолдар  арқылы  үйіне  жетуге  көмектесейік.Ол үшін  жолда  түлкіні  күтіп  жүрген  аңдардың  тапсырмасын орындайық.

1) «Аң  патшасы  арыстанның»   тапсырмасы

Үй  тапсырмасын  қайталату.Осы  уақытқа  дейін  өтілген әріптерді  ,  түсіру.А  дыбысынан бастап  У  дыбысына  дейін қайталату.Әрбірдыбысқа  сөздерден  мысал  келтіру. «Буын  қос»  ойыны  а-та, а-па, а-ға, а-ра, а-ла,  а-уа.

2) «Қорбаңбай  аюдың»  тапсырмасы:

-Балалар,  аю тапсырмасын  қағазға  жазып  жіберіпті.

-Тыңдаймыз  ба?

-Тыңдаймыз!

-Хатты  оқимын .Онда, балалар, дыбыс  пен  әріптің  айырмашылығын  кім  айтып  береді? Мен    әлі   де  оқи  алмаймын.Дыбыс  деген не,  әріп  деген  не?

(балалардың  жауаптары  тыңдалады,  мысал келтіреді)

  1. «Жолбарыстың тапсырмасы»

-Балалар,  жолбарыс  бізге  «Алтын  сандықша»  беріп  жіберіпті.Сандықтың  ішінде  не бар  екенін табу  үшін  сендер  жұмбақтар  шешулерің  керек.Жұмбақ  шешкілерің  келе  ме?(Сандықтың  ішіне Ш  әрпін салып  қоямын)

-Онда  мұқият  тыңдаңдар:

1.Тікен-тікен  тік  пісте,

  Қысы-жазы  бір  түсте. (Шырша)

2.Жас  кезінде қара орман,

Қартайған соң  ағарған.(Шаш)

3.Табаныма  байладым,

Қос  таяқпен  айдадым.(Шаңғы)

4.Жазда тынығады

Қыста  зымырайды.(Шана)

Сонымен,балалар, -Айырға  аздап  ұқсайтын,

Сабы  жоқ бірақ ұстайтын.

Тарақты  еске салатын

Қайсы әріп, кім бар табатын?

Ш  дыбысының  әріп таңбасымен таныстыру.Ш-әрпінің  жазба  және  баспа  түрімен  таныстыру.

Қос  қолда қос қайшысы,

Ш-дан  келер шаян да.

Ш-дан сөздің қайсысы

Басталарын  баянда! «Күн мен түн» ойыны арқылы балаларға Ш-дыбысы бар сөздерді тапқызу.

Сөздерді  буынға  бөлу;  Шыр-ша,шаш, шаң-ғы, ша-на, шор-тан, ша-ян, ша-ға-ла.

  1. «Қасқырдың тапсырмасы» Оқулықтағы берілген сөздерді оқыту.
  2. «Тиіннің тапсырмасы» Сергіту жаттығуын жасату;

                                 Бір, екі  үш.Бір,екі үш

                                Бұлшық  етте  күш.

                               Мен  ұшамын  кептерше

                              Еңкейемін  жерге  қолым  жеткенше.

  1. «Қоянның тапсырмасы»-Баспалдақтан түсу-шар-ар-р, шие-ие-е,.

IY.Жаңа  білімді тексеру;  Осы  сөздерді  қатыстырып  сөйлем  құрату.Сөйлемнің     1-ші сөзі қалай  жазылады? Соңына  қандай  тыныс  белгісі қойылады?

Ү.Дәптермен   жұмыс; Дәптерлерді  ашайық,

                                            Салақтықтан  қашайық.

                                            Қолға  қалам  алайық,

                                            Көркем  етіп  жазайық!(Музыка  ырғағымен әдемі жазуға үйрету)

Ш ш  әріптерін  жазып  үйрену.

ҮІ.Білімді  бекіту;-Біз қандай  әріпті  танып, білдік?-Ш!

-Ендеше, мен қазір  сендерге тапсырма беремін, бұл тапсырма «Тырнаның  тапсырмасы»

Сендерге  парақтар  таратамын, онда сөздер жазылған.Сөздерді  оқимыз.Өзімізге таныс  әріптердің  астын  сызамыз.

ҮІІ.Сабақты  қорытындылау: Біз  түлкіні  аңдардан  құтқардық.Ол  өз  үйіне  жетіп  те  қалды.Түлкі  үйінің  есігінде  бізге  арналған  тапсырма  бар  сияқты.Хатты  алып  оқиық.Онда:-Балалар, сендер менсияқты  ешкімді алдамаңдар!Біреуді алдаған  дұрыс  емес.Мен  енді  ешқашан  ешкімді  алдамауға  уәде  беремін.Сендер  де  уәде  беріңдер, мына жаңылтпашты  үйден   жаттап  келіңдер:-Шаңқ-шаңқ  етіп  шағала,

                     Шабақ  ілер  жағада.

ҮІІІ.Үйге  тапсырма  беру: 1.Жаңылтпашты  жаттау

2.Оқулықтағы  сөздерді  оқу.

3.Дәптердегі  тапсырманы  орындау.

ІХ.Балаларды бағалау.