Азот

 

Сабақтың тақырыбы: «Азот»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Периодтық жүйедегі азоттың орнына байланысты оны Ү топ элементі ретінде сипаттау; оқушыларды оның физикалық – химиялық қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылығы: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және сараптау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Өзін-өзі бақылау мен талдауды іске асыру.

Тәрбиелігі: Дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың химияға танымдық қызығушылығын қалыптастыру, ізгі тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың  өту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды       дамыту  технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кестелер, тыңайтқыштар т.б.

 

     Жоспары:

І-кезең: “Қызығушылықты ояту.”                           

( Тақырыпқа танымдық қызығушылықты,  оқушының белсенділігін ояту.)

1.Танымдық сұрақтар.

2.”Кім білімпаз?”

ІІ-кезең: “Мағынаны  ашу.”                                       

(Жаңа ақпаратпен танысу.)

  1. Азоттың табиғатта таралуы, алынуы, физикалық – химиялық қасиеттері.
  2. Азоттың қолданылуы, биологиялық рөлі.

ІІІ-кезең: «Ой толғау.»

(сабақты бекіту және қорытындылау.)

  1. Семантикалық карта
  2. Аудармашы
  3. Сәйкестендіру тест
  4. Кубизм әдісі

            

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, өткен тақырыптарға шолу жасау  (9 мин)

ІІІ. Сабақтың теориялық бөлімі (20 мин)

IV.Cабақтың практикалық бөлімі (5 мин)

V.Сабақты бекіту (7 мин)

VІ.Оқушыларды бағалау және үйге тапсырма беру (2 мин)

 

І-кезең:Қызығушылықты ояту.”  Танымдық сұрақтар.

  1. “Көп” сөзінің антониміне тілсіз жауды тіркесең, көз алдыңда өзгеремін, қажетті тыңайтқышқа айналамын.
  2. Кремний оксидінің табиғатта қандай түрлері кездеседі?
  3. ҮА топшасының элементтерін атаңдар.

 

 

Кім білімпаз?

 

  1. Азот атомының электрондық конфигурациясын жаз.
  2. Азот топшасына кіретін элементтер саны?

3.Азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  1. Құрамында азот болатын маңызды қосылыстарды атаңдар.
  2. Азоттың бес валентті оксидіндегі көрсететін тотығу дәрежесі?
  3. Азот топшасы орналасқан топ нөмірі.
  4. Азоттың сутекті қосылысының атауы?
  5. Азот элементінің атомдық массасы қанша?

 

ІІ.”Мағынаны ашу.”

 

 

 

 

Ауада – 78,09%

 

 

Адам ағзасында – 3,1 %

(ақуыз, дәрумен, гармон)

Өсімдіктер (ион түрінде)

Топырақта – 0,01 – 0,04 %

Азот — өмір элементі

 

Азотты 1772 ж ағылшын химигі Д.Резерфорд ашқан

 

 

 

 

 

 

Инертті газ                                                       6Li = 2Li3N

g = 1,25 г/л(қ.ж)                                               2Al = 2AlN

tб = -2100С                                   N2  +            O2 = 2NO

tқ = -195,80С                                                     3H2 =2NH3

Mr = 28

 

Қолданылуы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ  кезең:   “Ой толғау”

                  Кім жылдам?

  1. Азоттың тотығу дәрежесі +5 болатын қатарды көрсетіңіз:

 

NO2KNO3NO
HNO2HNO3KNO3
N2NaNO3NH4NO3

 

  1. Азоттың оксидтерін, тұздарын ажыратыңдар:
АзотNH4ClNO2HNO3NONaNO3NH4NO3HNO2
Тұздары
Қышқылда

ры

Оксидтері

Аудармашы

NaNO3

KNO3

Ca(NO3)2

NH4NO2

NH4Cl –

NH3

AlN –

Сәйкестендіру тестісі.

 

NФормуласыАттары
1.NaHСO3А) силан
2.SiH4Ә) азот қышқылы
3.Li3NБ) натрий гидрокарбонаты
4.HNO3В) кальций селитрасы
5.Ca(NO3)2Г) литий нитриді

 

  1. V. Сабақты кубизм әдісі бойынша бекіту:

1.Азотқа қандай физикалық қасиет тән?

  1. Азотты қайда қолданылады?
  2. Азот табиғатта қайда кездеседі?
  3. Зат мөлшері 0,5 моль аммиак алу үшін аммоний хлориді мен кальций гидроксидінің қандай массасы қажет?
  4. Азот қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?
  5. Мына айналударды жүзеге асырыңдар:

N2 → NН3 → NH4Cl → NH4NO3

 

  1. Оқушыларды бағалау

VIІ. Үйге тапсырма: Азот, 1-4 тапсырма

VIІ. Бағалау