«Тотығу. Оксидтер. Олардың аталулары»
Сабақтың тақырыбы: «Тотығу. Оксидтер. Олардың аталулары»
Сабақтың мақсаты:
білімділік: тотығу, оксидтер, олардың аталулары туралы түсіндіріу; тотығу реакциясының мағынасы мен мәні жайлы оқушыларға терең білім беру;
дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтылап, дамыту;
тәрбиелік: оқушылардың ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Ізденіс
Сабақтың әдісі: тест тапсырмасы, деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба, сұрақ-жауап;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бор, оқулық, тест тапсырмалары, тірек сызбалар;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
— оқушылармен амандасу,
— оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру;
-психологиялық дайындық;
Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарыңа және өздеріңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күле қараңдар.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;
«Оттек, оның алынуы және қасиеті» тақырыбына арналған графикалық тест. «Иә», «жоқ» деген жауаппен белгілеп отырады. Λ-иә, — жоқ.
- Оттек иіссіз, дәмсіз, түссіз газ.
2.Оттекті тек XVIII ғасырда Пристли ашты.
- Оттек ауада 21 % кездеседі.
- Оттекті зертханада алыну теңдеуі мынадай:
- 5. Өнеркәсіпте оттегін судан алады
- Бертолле тұзынан оттегін лабороторияда мына теңдеу арқылы алады:
- Химиялық реакция жылдамдығын тездететін, бірақ өзі реакцияға қатыспайтын зат катализатор деп аталады.
- Оттегін 2 әдіспен ауаны, суды ығыстыру арқылы алады
- Ауаның массасы – 27 ге тең
- Оттек суда нашар ериді
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
М: 1. Зат дегеніміз не? Неше түрі бар?
- Жай зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
- Күрделі зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
Немесе мына сызбанұсқадан көре аламыз.
Зат |
Жай зат |
Күрделі зат |
металл |
бейметалл |
қышқыл |
тұз |
негіз |
Заттың оттекпен әрекеттесу тотығу деп аталады.
ЭО – оксидтердің жалпы формуласы.
Мысалы:
Оксидтерді халықаралық жүйемен атайды.
1-тәсілі: — алюминий (ІІІ) оксиді.
2-тәсілі: — диалмюминий триоксиді
«моно»-1, «ди» — 2, «три» — 3, «тетра» — 4, «пента» — 5 т.б
- IV. Бекіту.
М: Сонымен, балалар оксид дегеніміз не? Қорытынды ереже шығармас бұрын
Мына сызбаға көңіл бөлейік.
Сапалық құрамы
Оксидтер Сандық құрамы
Түзілуі (тотығу реакциясы)
М: Сонымен, оксид деп нені айтады?
О: Оксид дегеніміз – екі элементтен тұратын оның біреуі міндетті түрде оттегі болатын күрделі заттарды айтамыз.
М: Оксид деген – бинарлы
Екі элементтен түрады.
Бірі оның оттегі
Болу керек міндетті
Екеуі бірге қосылса,
Тотығу реакциясы болады.
Нәтижесінде осының
Күрделі зат туады.
Оқулықпен жұмыс:
№3 жаттығуды орындау.
Мына оксидтерді халық аралық атаулары бойынша атаңдар.
- V. Деңгейлік тапсырмалар.
№1-А тапсырмасы (10 ұпай). Мына төменде берілген кестеден тек оксидтерді тауып, алыну реакциясын жазыңыз және атаңыз.
натрий (І) оксиді
фосфор (V)
темір (ІІ) оксиді
№2 – Ә тапсырмасы(20 ұпай). Төмендегі өзгерістерді орындаңыз, түзілген оксидтерді атаңыз.
№3-Б тапсырмасы(30 ұпай) 16 г күкіртті жаққанда түзілген күкірт (IV) оксидінің массасын табыңыз.
Берілгені: Шешуі:
m(S)= 16 г
16 г S — х г
табу керек 32 г – 64 г
m( )=?
Ar(S)=32u
Mr( )= 32+16*2=64
Жауабы : m( )=32 г
- Үйге:§23. №5 жаттығу 66 бет
VII. Бағалау: Оқушалар алдын ала берілген, бағалау парағына ұпай сандарын жазып отырады, соңынан ұпай саны есептеліп, қорытынды баға шағарылады.
Оқушының аты-жөні | Үй тапсырма-сы | Бекіту | Деңгейлік тапсырмалары | Барлы | Баға | ||||
Граф тест (10) | Логи тапс (15) | Сұрақ(5) | №3 (10) | А (10) | Ә (20) | Б (30) | 100 ұпай | ||