Зияткерлік ойын «Білгір химик»

88

 

Зияткерлік ойын

«Білгір химик»

Мақсаты:

  • Оқушылардың білімдерін тексеру,логикалық есептерді шығару қабілетін бақылау
  • Қызықты есептер арқылы қызығушылықтарын ояту,ойлау қабілетін дамыту

 

І  Жүргізуші:Салематсыздар ма,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Қайда қарасақта, қайда көз жіберсек те химия ғажайыптары» демекші,шындығындада бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.Атап айтсақ,күнделікті көріп жүрген ағаштың,көмірдің жануы.

Міне осындай таңғажайып сыры мол химия пәнінен  № 7, 15, 19 мектептер арасында өткізілгелі отырған  «Білгір химиктер» сайысына қош келдіңіздер!

Енді бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды таныстырайық :

  1. №7 мектеп оқушылары «Тапқырлар»
  2. № 19 мектеп оқушылары «Ойшылдар»
  3. № 15 мектеп оқушылары «Алғырлар»

Сайысымызға әділ бағасын берер әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейін:

Әнуарбекова Ж.Т. директордың ғылыми-әдістемелік жөнінен орынбасары.

Өміржанова С.Е биология пәнінің мұғалімі.

Дағарова Ф.Ұ география пәнінің мұғалімі

  • Таныстыру
  • Жорға. ( сұрақ-жауап)
  • Сиқырлы ұяшықтар
  1. Көкпар (есеп шығару)
  • Ү.Ғажайып шеңбер
  • ҮІ.Есептер додасы

VIІ. Үй тапсырмасы  (химияға байланысты өлең шығару)

ІІ  Жүргізуші:Ең қиын жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортаға шықсын енді,

Тез жауап бер,ойланып тұрып қалма.

Осы ойыннан көрейік   ерен ерді:

                   Жорға


  • Заттарды қоспалардан бөлу және тазартудың қандай әдіс-тәсілдері бар?
  • судың мұзға айналуы қандай құбылыс?
  • Химиялық реакцияның белгілері?
  • Молекула дегеніміз не?
  • Химиялық элементтердің таңбаларын ұсынған ғалым кім?
  • Сынап элементі латынша қалай аталады?
  • Алтын элементінің салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең?
  • Коэффициент формулада қай жерге жазылады?
  • Калий, литий, натрий. Аталған элементтерде қандай ұқсастық бар?
  • Реагент дегеніміз не?
  • Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не?
  • Авогадро саны нешеге тең?
  • Топ нешеге бөлінеді?
  • Айырылу реакциясы дегеніміз не?
  • Ас тұзының формуласы қандай?
  • Ас қазанда бөлінетін қышқылдың формуласы қандай?
  • Реакция кезінде жарық және жылу бөле жүретін реакцияны қалай атайды?
  • Оттектің атмосфера қабатындағы көлемдікүлесі неше пайызды құрайды?
  • Ауаның құрамын анықтаған француз ғалымы?
  • Тұздар дегеніміз не?
  • Период нешеге бөлінеді?
  • Қышқылдар дегеніміз не?
  • Суда еритін негіздерді басқаша қалай атайды?
  • Судың құрамындағы сутек және оттектың валенттіктері қандай?
  • Қандай индикаторларды білесің?
  • Негіздер дегеніміз не?
  • Қанша бейметалл бар?
  • Атом дегеніміз не?
  • Период дегеніміз не?

 

  • «Галогендер» сөзі қандай

мағына береді?

 

«Сиқырлы ұяшықтар»

Ойнаушылар берілген  төрт бағаннан ұяшық  нөмірін таңдап алып  жасырынған сұраққа жауап береді.

 

1.Көміртек IV оксидін басқаша қалай атайды?  2.Сөндірілмеген әктің формуласы қандай?

 

3.Оксидтер нешеге бөлінеді, оларды ата? 4.Магний гидроксидінің формуласы қандай? 5. Негіздер қалай жіктеледі, аттарын ата? 6.Негіздер қалай жіктеледі, аттарын ата? 6.Құрамындағы сутек атомдарының санына қарай қышқылдар нешеге бөлінеді? 7.Азот қышқылының формуласын және ондағы оттек атомдарының санын айт?  8.Қышқылмен белсенді металл реакцияға түскенде қандай газ бөлінеді? 9. Тұздарды алудың неше тәсілі бар? 10. Тұздар қалай жіктеледі? 11.Қандай тұздар орта тұз деп аталады?

КӨКПАР ОЙЫНЫ: Берілген формуладағы әрбір элементтің массалық үлесін анықта?   1 топ – BaSO4 ;   2 топ- Na3PO4 :   3 топ — Al(OH)3

Сайысымыздың келесі кезені  «Ғажайып шеңбер» деп аталмақ.Мұнда әр топ 2 минут ішінде мына шеңберден элемент аттарын құрастыру керек.Қай топ  көп элемент аттарын тапса,сол топқа10 ұпай беріледі.

«Есептер додасы»

  1. Бұл элемент гр. тілінен аударғанда «жарық беруші» деп аталады.

А.Ол қандай элемент?

Ә.Қім және қашан ашты?

Б.Аталған элементті алу жолдарын бейнелейтін реакция теңдеулерін жазыңдар.

2.Бұл элемент алғаш Күннен,содан сон Жерден табылды

А. Қандай элемент туралы айтылған?

Ә.Қашан.кім және қандай әдіспен алды?

Б.Осындай қасиетке  тағы қандай элементтер ие?

3.Бұрынғы  заманда осы элементті  «купорос майы» деп атаған

А.Казіргі атауы ме н заттың формуласын жазыңдар

Ә.Ерте кезде ж\е казіргі кезде қалай алады?

Б.Химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңдар.

4.Астронавттар  зерттелмеген  планетаға келіп қонғанда  белгісіз бір  минералға ұқсас зат  тауып алған. Минералды зерттеу үшін отқа салып қыздырғанда  жанбаған, суда батпаған, балқымасында мыс сульфаты көк түске боялған.  Минералдың аты ?

5.Алхимияның негізгі міндеттерінің бірі алкагестаны- әмбебап еріткішті, яғни қандай болмасын затты еріте алатын зат   ашу.

1.Жер бетінде қандай қосылыс  алкагеста  бола алады?

2.Неліктен?

3.Алкагеста болатын заттың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция тендеулерін жазыңдар.

  1. Газдардың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,5-ке тең. Белгісіз қандай газ?

7.Бәрімізге таныс аспирин дәрісінің 0,5000 г  құрамында көміртектің массалық үлесі 0,3000г, сутек -0,0225г  және  оттегінің  0,1775 г  массалық үлесі бар екені белгілі. Аспириннің  қарапайым формуласын анықтаңдар.

  1. Белгісіз газ Х «құрғақ газ» деп аталады.

А.Қандай газ туралы айтылған?

Ә.Формуласын жазыңдар.

Б.Берілген сызбанұсқаға сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар:

Кокс →Х → иісті газ →Х→ізбес ←метан

  1. 9. Қазба жұмыстарын жүргізіп жатырғанда археологтар белгісіз металдан жасалған үлкен әшекей бұйымды тауып алған. Қандай металдан жасалғаның анықтау үшін 0,6 г металдың кесіп алып тұз қышқылына салып кайнатып еріткенде 0,1132 л сутек түзілді. Табылған әшекей қандай металдан жасалған?

 Үй тапсырмасы:  химияға байланысты өлен шығарып оқып беру.

Жүргізуші: Қазылар  алқаласына сөз береміз!

Қазылар алқасы  топтардың жинаған ұпайларын  санап  таныстырады.

Жүргізуші:  назарларыңызға рахмет!!!