Сәукеле тігу

32

Пәні: еңбек

Тақырыбы:  Сәукеле тігу

Мақсаты: а) Cәукелені матадан пішіп тігу тәсілін үйрету, сәукеленің   өзіне тән әдет ғұрпымен таныстыру.

ә) Өнерге қызығушылығын, шеберліктерін дамыту.

б) Әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ, жаңа, сарамандық сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: сәукеле.

Қажетті материалдар мен құралдар:  қатты қағаз,қызыл түсті барқыт мата,ақ түсті тоқыма жіп,мақта,желім,қайшы,ине-жіп,сызғыш,қарындаш,бор.

Сабақтың өтілу барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Сәукеле алтын, күміс, меруерт, маржанмен әшекейленіп, зер, жібек жіппен кестеленеді. Төбесіне үкі тағылып, жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. Ертеде бір сәукеленің бағасы жүз жылқыға барабар болған. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтаймыз. Биіктігін 20  см, диаметрін 46 см деп алып, қатты қағаз бетіне сәукеле пішінін түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып, желімдейміз.Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады.

2.Қиып алынған сәукеленің қалып үлгісін қызыл түсті мата бетіне орналастырамыз. Жиегінен тігіске 1см-дей қалдырып,бормен сызамыз. Сызық бойынша матаны қиып аламыз.

3.Қиып алынған матаның теріс бетінен көктеп тігеміз. Сонан кейін оң бетіне аударып, сәукеленің қатты қағаздан жасалған негізіне кигіземіз.

4.Сәукеленің төменгі бөлігінің жиегіне биіктігі 3см мақта желімдейміз.

5.Ақ түсті тоқыма жіптен шашақ жасап,үкісі ретінде сәукеленің төбесіне қадаймыз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау .Сәукелені кімдер киеді? Тағы қандай ұлттық бас киім түрлерін білесіңдер?  Сәукелені қалай өрнектеп,әшекейлейді?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

 

 

Қажетті құралдар:

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика.

Сабақ барысы:

І. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды түгендеу, қажетті құрал жабдықтарын тексеру. Еңбекке баулу сабағындағы қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Негізгі бөлім.

І. Қазақтың ұлттық бас киімдері қазақ халқының эстетикалық талғамын, мәдени дәстүрін, ұлттық ерекшелігін анық көрсетеді.

Қазақ әдет ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін киім болып саналады. Сондықтан да қазақтың ұлттық бас киіміндегі әшекейлеу ерекшеліктері заман ағымына қарай түрленіп отырады. Қазақ халқының үнемі әдемілікке, әсемдікке ұмтылғанын бас киімдердің әшекейленуіне қарап білуге болады. Бас киім неғұрлым сәнді де әсем болса, тілкөзден сақтайды деген түсінік бар.

Қазақ халқы бас киімді ерекше құрметтеген, оны аяқтың астына тастамаған, жоғары іліп қойып, біреуге сыйламаған.

 

 

Қазақ, қырғыз, қарақалпаққа ортақ баскиім

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақы бас киімдер.

 

 

 

ІІІ. Сарамандық жұмыс.

1.Қуыршаққа арналған сәукеле тігу.

25х25см шаршы пішінді мата дайындау.                                             25 см

 

 

25 см

2.Матаны үшбұрыштап екіге бүктеп,

бүгу сызығын алу.

 

 

3.Шаршы матаның екі шетін ортаңғы бүктеу

Сызығына жеткізіп бүкте. Алынған үшбұрыштан

конус шығатындай дөңгелектеп сызып,белгіле.              6 см

19см

 

 

 

20см

4.Конусты қиып ал. Белгіленген жерден                                          9 см

төбесін қиып ал.Сәуленің екі шетін біріктіріп тік.

Диаметрі 3 см дайын үлгіні мата үстіне қойып,

Сәуленің төбесіне қойып, сәулесәнәі төбесі

болатын дөңгелекті қиып ал. Сәуленің негізгі

бөлігіне төбесін біріктір.

 

 

5.Моншақтармен безендіріледі.                                                      40см

Бөлшектерді құрастыра тігу.

ІҮ.Сабақты қорыту.

Ү.Оқушыларды бағалау.

ҮІ.Үйге тапсырма: сәукелені  аяқтау.