Табиғат тағдыры-адам тағдыры

Табиғат тағдыры-адам тағдыры

 

Мақсаты:  Оқушыларға экологиялық білім беру.Табиғат пен адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктер маңызын анықтау.

Тәрбиелік: Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын,аялай білетін адамгершілігі мол,ізгілікті,экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Дамытушылық: Экология мәселелеріне ,табиғат келешегіне көз жүгіртіп,қоршаған ортаның тағдырына немқұрайды қарамауға баулып,табиғатқа сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.

Көрнекілік:  Газет-журналдар

 

Барысы:

Бүгінгі таңда адамзат баласы алданда ең күрделі екі мәселе тұр:бірі-әлемді алапат соғыстан алып қалупроблемасы болса,екіншісі өзімізді қоршаған тіршілік –биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей,ластамай,көркейтіп,көріктендіріп жеткізу.Өйткені тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты.Осы жауапты іске өз үлесімізді аз да болса қосу үшін бүгін біз сіздермен өз еліміз Қазақстан Республикасының экологиясы,қазіргі хал-жағдайын білу үшін кездесу ұйымдастырып отырмыз.

Эколог маман: экология-биология ғылымдарының қарқынды дамыпкеле жатқан саласы.Оны биология ғылымында енгізген австралық ғалым-биолог Э.Геккель еді.Экология грек сөзі(oikos-үй,тұрақ,мекен мен   logos-ғылым,) қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді.Оның ең басты мақсаты- биосфера шегіндегі  әлемдік проблемаларды бақылай отырып,ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.Адам-қоғам-биосфера арасындағы қарым-қатынасты үйлестіре отырып,табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды реттеу.