Хлор


С
абақтың тақырыбы: Хлор

Сабақтың мақсаты: Хлорға байланысты әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білу.

Міндеттері:

а) Политехникалық білімдерін кеңейту, химиялық раекция теңдеулерін зерттеу.

ә) Шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту, қажетті ақпаратты өздігінен іздеу білу білігін қалыптастыру.

б) Қоршаған ортаға құрметпен қарау, ұйымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: Сот сабағы

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі: Ақпараттық, көрнекіліктік, сұрақ – жауап, әңгіме, баяндау

Көрнекілігі: Zn, CuO, Cu(OH)2, AgNO3, HCl,  жұмыртқаның қабығы, индикаторлар

Пән аралық байланыс: экология, биология, медицина, тарих, әдебиет.физика

Сот отырысына қатысушылар:

  1. Сот хатшысы
  2. Айыптаушы
  3. Сот
  4. Айыпталушы «Хлор»
  5. Қорғаушы
  6. Куәгерлер:эколог, биолог, химик, химик-технолог, сот–медициналық сарапшысы,физик
  7. Баспасөз қызметкерлері

Оқушылар бұл сабаққа алдын ала дайындалып келеді. Олар топ болып жұмыс істеп, ақпараттар жинайды. Костюмдерін  және презинтацияларын дайындайды. Сынып сот залы болып саналады, төрде сотқа арналған стол, оның оң жағында айыптаушының столы, ал сол жағында  қорғаушының столы мен айыпталушының орындығы болады. Сот столының алдында хатшы отырады.

Сабақтың барыс:

Сот хатшысы: — Тұрыңыздар! Сот келе жатыр.

Барлығы орындарынан тұрады, сот кіргеннен кейін отырады.

Сот: — Отыра беріңіздер. Айыпталушыны әкеліңіздер!

Сол кезде күзетпен хлор кіреді.

Сот: — Жауап берушілер, куәгерлер, экспорттар, жәбірленушілер барлығы тегіс келді ме?.

Хатшы: — Бәрі түгел. Сот отырысын бастай беруге болады.

Сөз сотқа беріледі. ( Сот рөліндегі оқушының аты-жөні аталады.)

Сот: —  Бүгін осы залда жасыл-сары түсті, өткір иісті газ – айыпталушы Хлордың табиғатқа және адамға тигізген зияны туралы  іс қаралады.  Айыпталушы тұрыңыз! Сіздің аты – жөніңіз?

Айыпталушы — Хлор:  —  Аты – жөнім хлор.

Сот: —  Тұрғылықты жеріңіз?

Айыпталушы — Хлор:  —  Менделеевтің периодтық жүйесінде ІІІ период, VІІ топ, негізгі топша. 17 – ші пәтер.

Хатшы сотқа «Хлордың құжаттарын»: слайдтарын  береді.

Сот: —  Отырыңыз! Айыптау ісін тыңдайық. Айыпталушының істерін баяндау үшін сөз айыптаушыға беріледі.

Айыптаушы:  — Оның бір жұтымын жұтқанның өзі тыныс алу жолдары мен клегейлі қабықшалардың тітіркенуіне әкеліп соғады. Одан көп мөлшері адамды өлімге дейін алып барады. Хлор суда ериді және мына заттармен әрекеттеседі.

  • Металдармен: 2Na + Cl2 = 2NaCl
  • Сутекпен: H2 +Cl2 = 2HCl
  • Cумен: H2O + Cl2 = HOCl + HCl
  • Сілтімен: 2NaOH + Cl2 = NaCl + NaClO + H2O

Хлор барлық тірі ағзаларға көзге көрінбейтін бактериялардан ірі жануарлар мен адамға дейін зиян келтіргендігі үшін айыпталады. Барлық химиялық элементтермен әрекеттесе отырып, оның ішінде көптеген металдармен әрекеттескенде оларды өлтіреді және бос күйінде тіршілік етуге мүмкіндік бермейді. Қоршаған ортаға үлкен зиян тигізеді.: Айыпталушы хлор және оның туындылары шыныменде қоршаған ортаны ластайды және адам мен жануарлар тіршілігі үшін теріс әсерін тигізеді. Айыпталушы хлор соғыс және бейбітшілік кезінде адамдарды жойқын түрде өлтіргені үшін кінәлі. Хлор ашушаң, барлық заттарға тап береді де артынан ол заттар бос күйінде тіршілік етуден қалады. Бұл дәлелдер хлорды заңға сәйкес қатаң түрде жазалауды және қоғамнан аластатуды талап етеді.

Сот:   — Айыпталушыға айтылған айыптауды тыңдады, ендігі   сөз куәгерлерге беріледі

Хатшы куәгерге-физикке «Д.И Менделеев кестесін» н ұсынады. Куәгер қолын кітаптың үстіне қойып: «Шындықты және тек қана шындықты айтуға ант етемін» дейді.  Әрбір куәгер шығып сөйлеген сайын осы антты айтып отырады.

Куәгер-әдебиетші:Хлор –. бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде  1914-1918 ж оны уландырғыш әскери қару ретінде қолданған: хлор ауадан екі жарым есе ауыр, сондықтан ол жерге жақын газды бұлт түзеді және желмен бірге біршама жерге таралады. Ауада хлордың мөлшері 0,9 мл/л болғанда адам бес минуттың ішінде өледі. Ал оның ауаға тараған азғантай ғана мөлшері  (адам хлордың иісін ауада оның 0,003 мл/л мөлшері болғанда сезе алады) тыныс жолдарын тітіркендіріп, жөтел тудырады.

. Мысалы:  Шолоховтың романынан үзінді келтірейік. 3 қазан күні ертеңгісін немістер тұншықтырғыш газды пайдалана отырып, 256 полктің 3 батальонын улап, 1-ші шепті басып алды. Бұл үзіндіде тұншықтырғыш газ деп отырғанымыз хлор бірінші дүниежүзілік соғыста хлор жаппай қыру қаруы ретінде қолданылды. Мысалы:  Шолоховтың романынан үзінді келтірейік. 3 қазан күні ертеңгісін немістер тұншықтырғыш газды пайдалана отырып, 256 полктің 3 батальонын улап, 1-ші шепті басып алды. Бұл үзінді де тұншықтырғыш газ деп отырғанымыз хлор.

Сот:Бұл хлорды ашқан кім?

Куәгер-тарихшы:

Қорғаушы: — Менің қорғалушыма бұның қандай қатысы бар? Мен қарсымын!

Айыптаушы: — Әріптес,  шыдамдылық танытыңыз! Сіз әлі аяғына дейін тыңдаған жоқсыз.

Сот:қарсылық қабылданбайды! Мүмкін біз 1- ші куәгерді босатармыз. 1 – ші куәгерге сұрақтарыңыз бар ма?

Қорғаушы: — Менде сұрақ жоқ

Айыптаушы: — Менде де  сұрақ жоқ

 Сот:Олай болса, келесі сөз куәгер  сот-медициналық сарапшыға беріледі.

 Сот- медициналық сарапшысы:

шынымен де хлор өте улы, ол көздің және тыныс жолдарының клегейлі қабықшасын тітіркендіреді. Жедел улану бірден басталады. Хлормен тыныс алғанда кеудең қысылып, ауырсыну сезіледі. Құрғақ жөтел, жиі жүрек соғысы, көзден жас ағу, қанда лейкоциттердің көбеюі және температураның көтерілуі байқалады. өкпе ісініп адам қалтырап, дірілдеп, депрессияға түседі.

 Сот: — Рахмет. Сөз екінші куәгерге беріледі.

 2-ші куәгер-тарихшы:  — Хлордан кейін көп ұзамай тұншықтырғыш газ – фосген қолданыла бастады. Бұл хлордың көміртектің (ІІ) оксидімен әрекеттесу нәтижесінде түзілген зат.

СО + Cl2 = СО Cl2

1917 жылы жаппай қолданыысқа иприт ие болды. Оның құрамында да хлор бар еді. Соғыстың аяғында 50 әскери улағыш заттар қолданылды. Оның 95 % -ы хлор туындыларынан тұрады. Хлордың улылығы сондай, өкпеге түскенде өкпе ұлпасын күйдіреді, тұншықтырады. Хлормен жұмыс жасағанда арнайы  қорғаныштық  қасиеттері бар киім, газзға қарсы тұмылдырық, қолғап кию керек.

 Сот:- Рахмет. Енді бәрі түсінікті. Бірақ хлордың сыбайластары бар. Олар туралы не айтасыз,айыптаушы мырза?

Айыптаушы:- Ол сыбайластарын бейметалдар ортасынан тапты. Мысалы: сутек хлормен жарықта белсенді түрде әрекеттеседі, сонымен қатар онысы аздай жарылыс береді. Бұл сөзімді куәгер-физик растайды,құрметті сот!

 Сот: -Кәгер-физик,айыптаушының сөзін растайсыз ба?

 2-ші куәгер-физик: —  Құрметті сот, мен мынадай сутек сияқты қадірменді ата-анадан түссіз, өткір иісті газ қайдан туатындығын түсінбеймін. Бұл газ адамды тұншықтырады. Хлор – сары-жасыл, улы газ (tбқ= -1010C tқн=-340C Ауадан 1,3 есе ауыр, суда жақсы ериді, оның 1 көлемінде 500 көлем хлор сутек ериді. Бұл ерітіндіні тұз қышқылы немесе хлорсутек қышқылы деп атайды.

Айыптаушы: куәгер-физиктің сөзін дәлелдеу үшін химия зертханасының зерткерін шақырайы.,құрметті сот!

Сот: —  Куә ретінде химиялық зертхананың зерткері шақырылсын.

Химиялық зертхананың зерткері: — Тұз қышқылы- түссіз сұйықтық, концентрлі қышқылдың құрамында 37 % дейін хлорсутек газы бар. Ол ауада түтіндейді. Күшті қышқыл бола тұрып, оған көптеген химиялық қасиеттер тән. Көптеген металдар, негіздік оксидтер, негіздер, кейбір тұздар мен газдар тұз қышқылымен әрекеттеседі:

Zn + HCl = ZnCl2 + H2

CuO + 2HCl = CuCl2 +H2O

Cu(OH)2 + 2HCl = CuCl2 + 2H2O

AgNO3 +HCl = AgCl ↓ + HNO3

NH3 + HCl = NH4Cl

Ал күміс нитраты тұз қышқылына ес-түссіз ғашық. Ол пайда болған кезде  оның есі лайланады..

Айыптаушы: Құрметті сот,хлор экологиялық тұрғыдан өз зиянын тигізуде. Қышқыл жаңбырлардың пайда болуына да қатысы бар. Куәгер-экологты шақыруға рұхсат етіңіз,оның  куә ретінде айтары бар.

Сот. — Куә ретінде эколог шақырылады.Сіз хлорсутек пен тұз қышқылының қатысында қышқыл жаңбырлардың пайда болуын қалай түсіндіресіз?

Эколог. —  Алғашқы қышқыл жаңбырлар  Скандинавияда пайда болды.Кейін АҚШ-тың солтүстік-шығысында пайда боды. Қазір қышқыл жаңбырға байланысты проблемалар барлық өндіріс әлемінде пайда болды.Көптеген өзендерден балықтар жойылып кетті. Тас және бетон үйлердің,мәрмар ескерткіштер желінді. Ауылшаруашылық өнімдерінәің өсуі баяулады. Жаңа Зеландия мен Скандинавия-қышқыл жаңбырлардан ерекше зардап шеккен аймақтар.қазір бұл жаңбырлар дүние жүзіне тарады.

— Сот төрағасы: Қышқыл жаңбырларға байланысты сұрақтарға жауап беру үшін химик-зерттеушіні шақырайық.

— Химик. Мен қышқыл жаңбырлардың жұмыртқа қабығына қалай әсер ететіндігін көрсетейін.

Тәжірибені демонстрациялау: CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2

Көрдіңіздер ме, қабық еріп жатыр. Қышқыл жаңбырлар да мәрмәр есерткіштерге дәл осылай әсер етеді.

Сот: — Біздер куәгерлер мен экспорттардың дәлелдерін тыңдадық. Сот пренияларына ауысайық. Сөз қорғаушыға беріледі

Қорғаушы: Хлордың тек жағымсыз жағы ғана айтылып жатыр. Құрметті сот, менің де куәгерлерім бар.

Сот қорғаушының өтінішіне рұқсат береді.

Қорғаушы: — Құрметті сот  төрағасы!  Куәгерлер мен эксперттердің сөздерінен байқадыңыздар, хлордың кемшіліктерімен қарат жақсылықтарыда кездеседі. Алғаш рет хлор медицинада қолданылды. Хлор ертіндісі – хлорлы әк дәрігерлер мен студенттер мәйітханада жұмыс жасағанда дезенфекциялық зат ретінде қолданылды. Хлор қосындылары арқылы мақта-қағаз, лион маталары және целлюлозаны текстиль қағаз өндіру өндірісінде пайдаланады. Бұл қосылыстар ағартқыш ретінде де қолданылады. Соңғы он жылдықта суды хлорлау, яғни суды зарарсыздандыру әдісі кеңінен пайдаланылып жүр. Ауыз суына адам ағзасынан қауіпсіз мөлшерде газ тәрізді хлорды енгізу судағы ауру тудырушы микробтарды жоюға әкеліп соғады. Түсті металлургияда кендерді хлорлау арқылы кейбір металдарды бөліп алады (титан, ниоби, тантал). Жоғары молекулалы қосылыстар химиясында пластмасса, каучук, синтетикалық талшықтар  және тағы басқа қолданылады. Хлор шынымен улы, бірақ та онымен жұмыс жасағанда техникалық кауіпсіздік ережесін сақтаса, онымен жұмыс істеуге болады. Рұқсат етсеңіз, сол куәгерлерді шақырайық.

Қорғаушы куә ретінде биологты шақырады.

 Сот:— Сөз биологқа беріледі.

 Биолог: — Хлор – бұл биогенді элементтердің бірі. Өсімдіктер мен жануарлардың тұрақты компоненті. Ересек адамның хлорға тәулікті мұқтаждығы 2 – 4 грамм. Ол тағам өнімдері арқылы енеді. Хлор ағзаға  тамақпен натрий хлориді мен калий хлориді арқылы енеді. Әсіресе хлорға нан, ет, сүт өнімдері бай. Ағза үшін хлордың су, тұз алмасуында судың ткандермен ұсталуына мүмкіндік беруінде рөлі өте зор.

Сот төрағасы:  — Рахмет. Сөз қорғаушыға беріледі.

 Қорғаушы:  — Менің айтайын дегенім -хлордың белсенділігі оның өзінің «өлуіне» әкеліп соқтырды. Себебі ол табиғатта бос күйінде кездеспейді. Кездескен жағдайда өте сирек (мысалы: су астындағы теңіз вулкандарының атқылауынан) онда да өте аз мөлшерде бөлінеді де сол жерде басқа заттармен әрекеттесіп, қосылыс түзіп кетеді. Адам ағзасында 200 г тұз бар. Сөзі биологқа беруіңізді сұраймын.

Сот төрағасы: — Рұқсат беремін.

 Биолог :

Тұз адам және жануарлардың физиологиялық үрдістеріне қатысады. Ол сілекей де, қарын сөлінде, өтте және лимфада болады. Қанда натрий хлоридінің болуы жасушалардың қалыпты өмір сүруіне тәуелді осмостық қысымды қамтамасыз етеді. Біздің ағзамызға қажетті минералды тұздар тамақтың құрамында болады. Тек қана натрий хлориді ғана жетіспейді. Сондықтан күн сайын 20-25 г тұзды қабылдап отыруы қажет. Әр адам жыл сайын  6-8 кг тұзды пайдаланады екен.

 Қорғаушы: — Құрметті сот,  сөзді химик – технологқа беруіңізді сұраймын.

 Сот төрағасы: —  Рұқсат етемін.

 Химик-технолог:-

Ас тұзын өндірудің  жылдық мөлшері 100000000 т , ал тамаққа қажеттілікке оның ¼ бөлігі ғана шығындалады. Ал қалған бөлігі қайда кетеді? Қалған бөлігі ет және балық консервлерін, өндірістік металлургия саласында, терілерді, сабындарды қайнатқанда, жүннен жасалатын бұйымдарды өңдегенде қолданылады. Ас тұзының негізгі пайдаланушы-химиялық өндіріс саласы. Ал қазір атомдық су асты қайықтарының қозғалысына,  космос кемелерінің  ұшуына, біздерді қоршаған материалдарды жасауға натрий хлориді – «жер тұзы» қажет –ақ.

Сот : —Біз  куәларды,  сарапшыларды,  қорғаушыларды  және  айыпталушыны  тыңдап  болдық.  Айыптаушы,  сізге  сөз  беріледі.

Прокурор:   — Куәлардың,  сарапшылардың  және  қорғаушылардың  айтқан  сөздерін  ескере   отырып,  мен  айыпталушыны  айыптаудан  бас  тартамын.

Сот төрағасы:  — Енді соңғы сөз  айыпталушыға  беріледі.

Айыпталушы:    — Құрметті сот!   Мен сізге соңғы сөзімді айтқалы тұрмын.   Менің бос күйімде табиғатта  тек    эксперименттік  жағдайларда  ғана  кездесетінімді ескеруіңізді  өтінемін.  Адам  хлорды  табиғаттан  өзі  алып , өзінің қалауынша  пайдаланады  және  технологияны  бұзып  адамзатқа  қарсы  қолданады.  Сондықтан  мен  өзімді  айыптымын  деп  санамаймын.

Сот үкім жариялағанша үзіліс беріледі.   сот  үкім  шығаруға  кетеді.

Сот  хатшысы:  Қазір  сот  залында  радио  мен  телеарналар  тілшілері  жұмыс  істеуде.  Олар  сіздермен  сұхбаттасқысыы  келеді.

Тілшілер  сабақтан алынған ақпараттарды  бекіту  бағытында оқушыларға сұрақтар  қойып,  оардан  жауап  алып,  жұмыс  істей  бастайды.

Тілшілер.

  1. Айыпталушы  сіздерге  қандай  әсер  қалдырды?
  2. Ол  есте  қалатындай  қандай  қырынан  көріне  білді?
  3. Ол  жазалансын  дегендеріңіз  қолдарыңызды  көтеріңіздер.
  4. Сіз  не  үшін  хлорды  жазалауды  жақтайсыз?
  5. Хлорды  жазадан  босату  үшін  келтірілген  фактілерді  атаңыздар.
  6. Осы  залда  болып  жатқан  жағдайларға  қандай  баға  берсіздер?  (Cұрақ  сабаққа  қатысып  отырған  қонақтарға  қойылады.)
  7. Кімде  сотталушыға  деген  аяныш  сезімі  бар?  Сіз  оны  неге  жақтайсыз?
  8. Сіз  осы  сот  процесіне  қатысып  отырған- соттың,  прокурордың,  куәлардың  және  қорғаушылрдың  іс-қимылына  қандай  баға  бересіз?  Олар  өз  рольдерін  қалай  орындап  шықты?
  9. Сіздер  келешекте  де  осындай  іске  қатысқыларыңыз  келе  ме?

 

 

Сот  хатшысы:    — Тұрыңыздар!.  Сот  келеді!

Сот  :    —  Отырыңыздар.  Сот  куәлардың,  айыпталушының,  сараптаушылар  мен  қорғаушыларды  тыңдап,  сараптап  мынадай  қорытындыға  келді.

  • Хлордың арқасында  бірнеше  түрлі  практикалық  маңызы  зор  химиялық  заттар  алынады.
  • Хлор суды  залалсыздандырып,   адамдарды  түрлі  инфекциялардан  сақтап,   денсаулықтарын  қорғайды.
  • Сот хлорды  жазықсыз  деп  табуды  қажет  санайды.  Өйткені  ол  табиғатта  бос  күйінде  кездеспейді.
  • Сот адамдарды  өлтіретін  заттар  шығарып,  технологияны  бұзып,  қоршаған  ортаны  ластап  оған  жете  мән  бермегені  үшін  адамды  айыптайды.    

 

Қорытынды

Рефлексия

 

1.Бүгігі сабақта мен …… білімімді бекіттім

2.Бүгін мен …. білдім

7.Бүгінгі сабақтан соң мен қоршаған ортаға………

Бағалау.