Метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік.

Сабақтың тақырыбы: Метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: білімділік: Көмірсутектерді жіктеуге сүйене отырып алкан, алкен, алкин, арендер жайлы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру; қаныққан көмірсутектер жайлы жан-жақты түсінікті метан мысалында қалыптастыру және алкандар жайлы білім беру.
тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге; тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру; белсенділіктерін, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап, ой-толғаныс, репродуктивті кестелермен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: 1. Интерактивтік тақта
2. Сабақ тақырыбы бойынша презентация.
3. Зертханалық құрал-жабдықтар.

  1. Екі түсті карточкалар.

    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, дұрыс отыруына назар аудару. Сабақ мақсатын түсіндіру (1-слайд).

    II. Үй тапсырмасын тексеру:

    1. «Сұрақ — жауап» (2-11 слайдтар)
    1. Органикалық химия қандай химия саласы?

  2. Органикалық заттар дегеніміз қандай заттар?
    3. Органикалық химияның негізгі элементі?
    4. Органикалық қосылыстардағы көміртектің валенттігі?
  3. Органикалық қосылыстар қалай жіктеледі?
    6. Метан құрамындағы көміртектің, сутектің массалық үлесі?
    7. Метан табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі?
    8. Метанның физикалық қасиеттері қандай?
  4. Метанның химиялық қасиеттері?
    10. Метан қандай газбен қопарылыс беретін қоспа түзеді?

 

  1. Химиялық тәжірибе: метанның екі түрлі жағдайда жануы (12-13 слайдтар).

 

  1. Табиғи газды тұрмыста қолданудың қауіптілі қандай?

    ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру барысы : (14-слайд)

Көмірсутек молекуласындағы сутек атомының орнын басқа атомдар мен атом топтары басқанда көмірсутектердің туындылары түзіледі. Мысалы, метан молекуласындағы бір сутек атомын метил тобына –СН3 алмастырса, этан түзіледі. Ал этандағы бір сутектің орнын тағы бір –СН3 тобы басса, пропан С3Н8түзіледі. Сол сияқты пропандағы сутекті тағы бір метил тобына ауыстырса, бутан алынады, т.с.с. (15-20 слайдтар)

Осылайша әрі қарай жалғастыра берсе, құрылыстары мен қасиеттері метанға ұқсас көмірсутектердің тобы шығады. Оларды метан қатарының көмірсутектері немесе алкандар деп атайды. Алкандардың метан қатарының көмірсутектері деп аталатын себебі, олардың бірінші мүшесі – метан.

Енді алкандардың бірінші мүшесі – метан СН4 мен екінші мүшесі – этанның С2Н6 молекулалық формулаларын салыстырсақ, бір-бірінен СН2 метилен тобына айырмашылығы бар екенін көреміз. Осы сиякты этан С2Н6 мен пропанның С3Н8, пропан С3Н8 мен бутанның С4Н10 молекулалық құрамын салыстырсақ, яғни әр келесі көмірсутек өзінің алдындағы көмірсутектен СН2 тобына айырмашылықтары болады (21-слайд).

Құрылыстары мен химиялық қасиеттері ұқсас, ал құрамдары бір немесе бірнеше СН2 тобына өзгеріп отыратын заттар гомологтар деп аталады.

Грекше homologos – «ұқсас» деген мағынаны білдіреді. СН2 тобы гомологтық айырма деп аталады. Метан қатары көмірсутектерінің жалпы формуласы СnH2n+2, мұнда n – көміртек атомының саны, n ꞊ 1, 2, 3 … . (22-слайд)

Алкандарды молекулалық массаларының өсу ретіне байланысты орналастырса, олардың гомологтық қатары шығады. Алкандардың гомологтық қатарында салыстырмалы молекулалық массалары өсулеріне байланысты балқу және қайнау температуралары біртіндеп артады (23-слайд).

 

Алкандардың гомологтық қатары

Молекулалық формулаларыКөмірсутектің атауыТармақталмаған көмірсутектің ықшамдалған құрылымдық формуласыТемпературасы, оСАгрегаттық күйі
балқуқайнау
СН4МетанСН4-182-162Газ
С2Н6ЭтанСН3–СН3-183-89Газ
С3Н8ПропанСН3–СН2–СН3-187-42Газ
С4Н10БутанСН3–СН2–СН2–СН3-138-0,5Газ
С5Н12ПентанСН3–СН2–СН2–СН2–СН3-130+36Сұйық
С6Н14ГексанСН3–СН2–СН2–СН2–СН2–СН3-95+69Сұйық
Жалғасы бар …

 

Алкандар қатарының алғашқы төрт мүшесі кәдімгі жағдайда – газдар, ал пентаннан бастап – сұйық заттар. Құрамында көміртек атомдары көп үлкен молекулалы алкандар қатты заттар болады (24-25 слайд).

Газ тәрізді алкандарды табиғи және мұнайға серіктес газдардан, ал сұйық және қатты алкандарды мұнайдан алады. Алкандар отын, еріткіш, жағармайлар және әртүрлі органикалық заттарды синтездеуде қолданылады (26-27 слайд).

IV. №11 зертханалық жұмыс (28-слайд).

Тақырыбы: Көмірсутек молекулаларының модельдерін дайындау.

Құрал-жабдықтар: түрлі түсті пластилин, шырпы (таяқша немесе сым).

Жұмыстың орындалуы:

  1. Ақ немесе көгілдір түсті пластилиннен үлкендіктерін бірдей етіп сутек атомдарын бейнелейтін кішірек төрт шар дайындаңдар.
  2. Алдыңғы шарлардан үлкенірек етіп қара түсті пластилиннен көміртек атомын бейнелейтін тағы бір шар жасаңдар.
  3. Қара шардың бетіне арақашықтықтары бірдей етіп төрт нүкте белгілеп алып, осы нүктелерге төрт шырпыны кіргізіп, олардың ұштарына төрт кіші шарды орналастырыңдар.

 

  1. Жаңа сабақты бекіту:
    1. Баламалы тест: метан мен пропанды салыстыру арқылы оқушылардың білімдерін нақтылау. Метан болса оң қолды көтеру керек, пропан болса сол қолды көтеру керек. Сұрақтары:
    «Батпақ газы» деген атауға ие болған газ.
    Отын ретінде қолданылатын газ.
    Табиғи газдың құрамында болады.
    «Сығылған газ» немесе «баллон газы» деп аталады.
    Шахтадағы жарылысты туғызатын газ.
    Қызыл жолақты цистерналар арқылы тасымалданатын газ.
  2. Бөлу.(29-слайд) Ұсынылған заттардың ішінен қаныққан көмірсутектерді бөліп жазыңдар: С2Н4, С2Н2, С3Н8, С2Н6, С6Н6, С4Н10.

VІ. Қорытындылау.

 

VII. Оқушыларды бағалау.

VІІI. Үйге тапсырма: (30-слайд) §47 оқу; 1, 2, 3, 4, 5 жаттығуларды орындау (158-бет).

 

Рефлексия: сабақ соңында оқушылар 2 түсті (жасыл –сабақ ұнады, қызыл-ұнамады) карточканы көтереді.