Қазақстандағы көмірсутекті кен орындары және оларды пайдалану

107

 

Сабақтын  тақырыбы: Қазақстандағы көмірсутекті  кен орындары және оларды пайдалану

Білімділік:Қазақстандағы көмірсутекті кен орындарымен таныстыру, және оларды пайдалану жолдарымен түсіндіру.

Тәрбиелік:Оқуға,жауапкершілік, тез ойлауға,және сөйлеу мәнеріне  тәрбиелеу.

Дамытушылық:Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту: Пәнге қызығушылығын дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа білім меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас.

Көрнекілігі: Презентация, тірек сызбалары.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Жаңа сабақты бекіту

V.Қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеруге жалпылама сұрақтарға жауап беру.

А) Отынның қандай түрлерін білесіңдер?

Ә) Мұнай дегеніміз не? Мұнай қалай пайда болған?

Б) Мұнайдың физикалық қасиеттері?

В) Мұнайдың құрамында қандай заттар кездеседі?

Г) Мұнайда айдаудың негізгі фракцияларын ата?

Ғ) Мұнайға серік газдарды ата?

Д) Бензиннің детонацияға төзімділігін түсіндір?

Ж) Бензин буының адам ағзасына зиянды әсері?

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Көмірсутектердің табиғи көздері

Табиғатта газ тәріздес, сұйық және қатты көмірсутек көп таралған. Бірақ олар таза күйінде емес, көбіне күрделі қоспалар түрінде болады. Оларға табиғи газ және мұнайға серік газдар, мұнай және тас көмір жатады.

Адамзат қазір жылына өндірілетін көмірсутектің 95%-ін отын ретінде пайдаланады. Оның ішінде мұнай мен тас көмір мөлшері көп, ал газ мұнайдан екі еседей аз болады.

Көмірсутектердің табиғи көздерінің кен орындарына байланысты олардың құрамы, қасиеттері, өңдіру әдістері әр түрлі болады.

Тас көмір

Ал тас көмірдің химиялық құрамы күрделірек. Тас көмірді құрайтын негізгі органикалық масса әр түрлі жоғары молекулалы қосылыстар болғанымен, құрамында одан басқа да минералдық заттар: күкірт, азот, су, т.б. болады. Тас көмірді өңдеу арқылы кокс газын, кокс, аммиак суын, тас көмір шайырын алады.

Мұнай

Мұнай- қара қоңыртүсті, өзіне тән иісі бар, май тәріздес, қоймалжың сұйық зат. Суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді. Мұнай-жанғыш зат. Судан жеңіл: тығыздығы кездесетін орнына қарай 0,73-0,98 аралығында болады.

Мұнайдың негізін парафиндер, циклопарафиндер және ароматты көмірсутектер құрайды. Олар сұйық, еріген газ, қатты зат күйінде болады. Мұнайдың құрамындағы газ тәрізді және қатты қоспалары оның сұйық компоненттерінде еріп жүреді, соған байланысты олардың агрегаттық күйлері анықталады. Мұнайды құрамындағы көмірсутектерге байланысты: парафинді, нафтенді,ароматты деп ажыратады. Мысалы, Ембі, Доссор, Мақат мұнайлары нафтенді көмірсутектерге бай болса, Өзен мен Жетібай мұнайы парафиндерге, ал Прорва мұнайы ароматты көмірсутектерге бай.

Мұнай-бірден-бір табиғи сұйық отынның көзі. Одан авиация, автомобиль, дизель, жылыту жүйесі отындарын бөліп алады.

Табиғи газ

         Табиғи газ молекулалық массасы төмен көмірсутектер қоспасынан тұрады. Оның 80-95%–і метаннан, ал қалған бөлігі метанның  жақын гомологтары – этан, пропан, бутанан құралған.

Табиғи газдың құрамында өте аз мөлшерде пентан, күкіртсутек, көмірқышқыл газы, азот, т.б. газдар да болуы мүмкін. Табиғи газдан сұйылту арқылы пропан мен бутан қоспасын бөліп алады. Сөйтіп, табиғи газ екі фракцияға бөлінеді:құрғақ газ және пропан-бутан қоспасы.

Табиғи газ- химия өнеркәсібі үшін бағалы шикізат

 

Қазақстанда мұнайдың шет елдерге құбыр арқылы тасмалдау бағыттары

Мұнай мен газды тасымалдауға байланысты Каспий мұнай құбыры консорциумы, Батыс Қазақстан – Баку- Джейхан мұнай құбыры, «Қазақстан- Түрікменстан — Иран» мұнай құбыры, «Кеңқияқ- Құмкөл-Қытай» мұнай құбыры, т.б. жобалар іске асырылуда.

 

  1. Қорытындылау жаңа сабақты бекіту.

Үйге тапсырма: Әртүрлі тақырыпта рефераттар жазу. Мысалы: «Мұнай және химия», «Тас көмір және оның өнімдері»