Органикалық заттардың ерекшеліктері

901

 

Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттардың ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:  1) оқушыларға органикалық заттар туралы,  олардың ерекшеліктері, құрылымы, қасиеттері және жіктелуі жайында алғашқы түсінік беру.

2) Алған білімдерін әр түрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру. Белсендігін көтеруге , ойлау қабілетін арттыруға , өз ойын жүйелеуге дағдыландыру.

3) Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек –сызбалар таблицалар

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.

  1. Жаңа сабақ
  2. Бекіту
  3. Анаграмма
  4. Рефлекциялық – бағалау кезең
  5.   Үй тапсырмасы

 

 

Ой қозғау. «Органикалық химия» дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Жаңа сабақ

XIX ғасырдың бас кезінде заттарды алыну тегіне қарай минералды және органикалық деп жіктеді. Алғашқыларын табиғатта кездесетін алуан түрлі минералдардан химиялық әдіспен бөліп алды. Химиялық элементтердің бейорганикалық қосылыстары минерал заттарға жатады. Ал өсімдіктер мен жануарлар денесінен табылған заттар органикалық заттарға  жатқызылды.  «Органикалық химия» деген терминді ғылымға швед ғалымы И.Я.Берцелиус енгізді. Ол органикалық заттар тірі организмде «тіршілік күші» әсерінен пайда болады деп түсіндірді. Сонымен, «органикалық» терминінің шығу төркіні – «организм» сөзі болды.

Бірақ көп ұзамай-ақ органикалық заттар жасанда жолмен алына бастады, оладың біреуі – несепнәр (мочевина) жасанда жолмен (1828ж) химия лабораториясында алынды. Әйтсе де «органикалық» сөзі – тарихи атау болып қала берді. Барлық органикалық заттар «көміртек қосылыстары». Олардың саны өте көп. Қазіргі кезде 10 млн-ға жуық органикалық заттар белгілі болған.

Органикалық заттар көп болғанымен, бір ерекшелігі – құрамына санаулы  ғана элементтер кіреді.

Ең қарапайым органикалық қосылыстар екі элементтен – көміртек пен сутектен құралып, көмірсутектер деп аталады.

Органикалық заттардың көп түрлі болуының тағы бір себебі – олардың құрылысына байланысты. Сондай-ақ сапалақ құрамы бірдей,  ал сандық құрамы әр түрлі органикалық заттар да кездеседі.

Органикалық заттардың бейорганикалық қосылыстардан тағы бір айырмашылығы органикалық заттардың барлығы дерлік жанады, жану өнімдері – бейорганикалық заттар ( СО2, С, Н2О, т.б.) болады.  Этил спиртінің жануын тәжірибе арқылы көреміз. Реакция теңдеуі:  С2Н5ОН + 3О2 → 2СО2 + 3Н2О

Органикалық заттар көп түрлі болуымен қатар, кең таралған. Өсімдіктер мен жануарлар организмі органикалық заттардан құралған. Сондай-ақ олар киім, тамақ (ет, сүт, нан, көкөніс, жеміс, т.б.) отын түрінде кездеседі, бояулар, дәрі-дәрмектер, тағы басқа тұрмыстық заттарды әзірлеуге пайдаланылады.

      Сөйтіп, органикалық химия көмірсутектер және олардың қосылыстарының қасиеттерін зерттейді.

      Енді органикалық заттарды жіктеп көрейік. Егер органикалық қосылыстардың құрамына – оттек атомдар кірсе, оттекті органикалық қосылыстар, азот атомы кірсе, азотты органикалық қосылыстар түзеді. Осылардың әрқайсысы өз кезегінде молекула құрамы және құрылысына қарай тағы жіктеледі. Мысалы, көмірсутектер сапалық құрамына қарай, яғни молекула құрылысындағы байланыстың табиғатына қарай қаныққан көмірсутектер, қанықпаған көмірсутектер және ароматты деп бөлінеді.

 

Ой тұжырымдамасы:

  1. Өсімдіктер мен жануарлар денесінен табылған заттар органикалық заттарға жатқызылды. Ол органикалық заттар тірі организмен әсерінен пайда болады. Кейін органикалық заттар жасанды жолмен алына бастады.
  2. Оргнаикалық заттардың ерекшеліктері: Құрамында санаулы ғана элементтер (С, Н, О, N,S, т.б) кереді.
  3. Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі заттар түзе алады.

 

Білімді бекітуге арналған  сұрақтар

1.« Органикалық химия » терминін алғаш енгізген ғалым.

И.Я. Берцелиус          

  1. « Органикалық » деген термин қандай сөзден шыққан.

организм      

  1. Органикалық қосылыстар саны бейорганикалық қосылыстардан аз ба, көп па?

көп    

  1. Көмірсутектер қандай элементтерден тұрады?

көміртек, сутек 

  1. Органикалық заттардың құрамына мына элементтердің қайсысы кіреді?

C, H, O, N, S      

  1. Органикалық заттардың жіктелуі туралы не білесіңдер?

Органикалық заттар қаныққан көмірсутектер, қанықпаған көмірсутектер және ароматты жіктеледі.

 

 

 

Анаграмма

Мына сөздерден органикалық сөздерді құрастыр:

  • тсекіуркмө (Көмірсутек)
  • лсуберцие (Берцелиус)
  • анқыақнқ урктеөміск (Қаныққан көмірсутек)

 

Рефлекциялық – бағалау кезең.

 

  1. Үйге тапсырма
    § 39.   Органикалық заттарға мысалдар жазып, түсіндіріңдер.