Ауданымыздағы таулардың тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ауданымыздағы таулардың тарихы

Сабақтың мақсаты: Сабақтың тақырыбы: Қазақстан облыстары:құрылу тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:туған өлке туралы оқушылардың білімдерін толықтыру.
Дамытушылық:түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамыту,ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру,топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік:туған жеріміздің тарихын танып,біліп,ардақтап,табиғатын аялауға үйрету,Отанға деген патриоттық сезімдерін ашу.
Сабақтың түрі:танымдық ойын
Сабақтың әдістері: ойландыру,сұрақ-жауап,іздендіру,әңгімелеу,
Сабақтың көрнекі-құралдары:интерактивті тақта,презентациялар, Батыс Қазақстан картасы,тапсырмалар парағы,ойындар.
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу

Мұғалімнің сөзі:Бүгінгі сабақта біз бірнеше ойындар арөылы туған өлкеміз туралы тағы да білу арқылы  жұмыс жасаймыз. Топ ішінде түрлі тапсырмалар арқылы өтілген тақырыптарды қайталаймыз.
ІІ.Қызығушылықты ояту
1. «Кім тапқыр» ойыны бойынша өтілген тақырыптарды қайталаймыз Ойын ережесі бойынша бірнеше сұрақтар қойылады және кесте бойынша толтырып отырамыз.

1 Орталық көше қалай аталады?                                                                                                                                                           2. Тасқала ауданындағы ауылдың аты                                                                                                 3.Ауданымыздағы халықтық әжелер ансамблі қалай аталады?                                                                     4. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш атауы.                                                                                                                                       5. Батырдың атымен аталатын ауыл?                                                                                                      6. Маметова көшесіндегі мектеп   кімнің атында?

А
 А
А
А
А
А

 

Аудан орталығы

Ауылымыздағы  КО  батыры кім?

Бұлағымен мақтанатын ауыл

Ауылдағы өзен

Тасқаланың бұрынғы атауы

Шекаралас ел

Т 
А
У
Л
а 
р

 

 

 

  1. «Адасқан әріптер» ойыны
Еглазист
шкқтауды
касмнлжй
іраудықТ
ттнерста
аадықтау
ушовтауы

 

Ешкітау, Сандықтау, Глазистый тауы, Карташов тауы

Қандай Қазақстандағы тауларды білесіңдер? Алатау, Көкшетау,Тянь Шань,Алтайтауы  т,б

Ал  ауылымызда қандай таулар бар екен ?

СЛАЙД

ІІ.Мағынаны тану .
Мұғалім сөзі: «Жері байдың елі бай» дейді қазақ халқы.Өз  өлкемізді білу  оның тарихымен танысу әр адамға парыз Сабақтың тақырыбы;   Ауданымыздың тауларының тарихы Тақырып бойынша қосымша мәлімет.(презентациялар)

 

«Қызықты әріптер»ойыны

әріптерЖер атауыӨзен атауыТаудың атауыКөше атауыескерткішӨсімдік атауыЖануар атауы
К
А
Е
С
Ж
Ш
Т

Толғаныс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тасқала ауданындағы таулар

Тасқала ауданындағы таулар, қорғандар, өзендер, кен орындары және басқалары
Үлкен Ешкітауы — Жаңа өзен мен Орал қалалары арасындағы Өзен-Ешкі қырқасы сілеміне енеді. Эрозиялық жолмен пайда болған. Абстракты биіктігі 259 метр. Шоқылары күмбез тәрізді, беткейлері тік. Етектері сай, жыралармен тілімделген. Ешкітауынан Жайықтың кіші бір саласы Деркөл өзені бастау алады.
Облыстық маңыздағы ескерткіштер қатарына нгізілген, ең биік саналатын бұл таудың көлемі 175 гектар.
Сандық – Жалпы сырт қыратының оңтүстігіндегі шағын тау. Тасқала ауылынан оңтүстікке қарай 8 шақырым жерде орналасқан. Абстракты биіктігі 196 метр. Жоғары бор дәуірінің мергелінен, палеогеннің құм тасынан, әк тастан, саздан түзілген. Таудың етегін антропогеннің элювий және делювий шөгінділері жапқан. Тау басы күмбез тәрізді доғаланып келеді. Төменгі беткейі сай, жыралармен тілімделген төбелерден тұрады. Қызыл, қоңыр және сортаңды топырағында бетеге, боз, жусан, еркекшөп, тағы басқа дала өсімдіктері өседі.

Түйетау –Жалпы Сырт қыратының оңтүстік –батыс бөлігінде орналасқан тау жұрнағы. Ауданымыздың Ресейдің Саратов облысымен шекаралас тұсында. Теңіз деңгейінен биіктігі 168 метр. Бор кезеңінің борлы тау жыныстарынан. Пішіні күмбез тәрізді. Беткейлерін Шежін өзенінің салалары тілімдеген. Бауырайында бетеге, жусан, тағы басқалары өседі. Алабы мал жайылымы.

Карташов – Теңіз деңгейінен 193 метр биік бұл тау Карташов елді мекенінен 3 шақырымдай жерде. Өсімдік әлемі әр түрлі, арасында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілгендері де бар.

Жалпы сырт –Орал тауының оңтүстігінде, Жайық өзенінің батысында жатқан аласа тау алқабы, қырат, Ешкітауының сілемі. Еділ мен Жайықтың аралығын алып жатқан қазақстандық бөлігі Тасқала, Зеленов аудандары жерінде оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа қарай 150 шақырымды алып жатыр, ені 30-35 шақырым. Жер бедері тегістелген қыраттардан тұрады, оңтүстігі мен оңтүстік батыс беткейлері тіктеу, тереңдігі 50-70 метр сай-жыралармен тілімденген. Өзендерге таяу жерлеріне күмбез пішінді денудацияланған тау жұрнақтары тән. Жер қыртысы мезокайнозой кезеңінің бор –мергелді жыныстарынан түзілген. Кейбір тұсын палеогеннің құмды-саздақты шөгінділері жапқан. Қазіргі жер бедері неогендегі шағын көтерілімде түзілген және ағын судың эрозиялық әрекеттерінен құралған.
Климаты тым континентті. Қаңтар айының орташа температурасы 150С, шілдеде 22,50С, жауын-шашынның жылдық орта мөлшері 350-400 мм. Жайық, Деркөл өзендері кесіп өтеді. Оңтүстік жағының сортаңдау келген қара және күңгірт қызылқоңыр, шымды топырағында бетегелі –боз және жусан аралас астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өскен құрғақ дала өңірі қалыптасқан. Жалпы сырттың 65 пайызы жыртылған. Өңір жайылым мен суармалы егнішілікке пайдаланылады. Табиғи өсімдіктер қауымдастығы өзен-көл, сай –жыраларда ғана сақталған.

Жалпы сырт өңірі –республиканың дала белдеуінде жатқан кең аумақты қырат. Облысымыздың Орал қаласынан батыста жатқан Зеленов,Тасқала аудандарының солтүстік-шығыс бөлігі кіреді. Жалпы сырт өңірі қара және бор жыныстарынан түзілген. Қазіргі жер бедері неогендегі шағын көтерілімдерде түзілген және ағын судың эрозиялық әрекеттерінен құралған. Жайықтың салалары, Деркөл, Шаған, Быковка, тағы басқа өзендер өңірдің осы бөлігін ұсақ сырттарға, үстірт тәрізді қалдық шоқыларға бөліп тұрады. Топырағы күңгірт-қызылқоңыр. Онда бетегелі-бозды дала қалыптасқан.

Ақкүшік –Ақтау ауылы маңындағы қорғандар тобы. Оларды шартты түрде «1-Аққұдық» (төрт қорғаннан тұрады) және «2-Аққұдық» қорғандары (3 қорғаннан тұрады) деп бөледі. Ақкүшіктің ұзындығы 12-40 метр, биіктігі 0,8-3 метр топырақ үйінділерінен құралған. Ең үлкен үйіндіге тригонометриялық мұнара орнатылған. Қорғанды Б.Райымқұлов басшылық жасайтын Батыс Қазақстан облыстық мұражайдың археологиялық экспедиция тобы ашқан. Ғалымдардың болжауынша қорған ежелгі темір дәуіріне жатады.
Бадысай –ауданның Амангелді ауылдық округінің аумағына орналасқан қорғандар тобы. Ол бес қорғаннан тұрады, диаметрі 25-33 метр, биіктігі 0,4-2,2 метр. Топырақ үйіндісі түрінде кездесетін ежелгі мекенді облыстық мұражайдың археологиялық экспедициясы ашқан.

Балхия – Шежін ауылдық округының аумағына орналасқан қорғандар тобы. Ол 6 қорғаннан тұрады. Диаметрі 16-36, биіктігі 0,3-1 метр. Топырақ үйіндісі түрінде кездесетін қорғандарды облыстық мұражайдың археологиялық экспедициясы (жетекшісі Б.Райымқұлов) ашқан. Ғалымдардың болжауынша қорған ерте темір дәуіріне жатқызылады.

Дүмбек –Мереке ауылдық округі аумағындағы оба. Ол шартты түрде екі топқа бөлінген. А тобы 20, Б тобы 14 қорғаннан тұрады. Екі топтың арасы 300 метр. Қорғандар топырақ үйіндісі түрінде. Үйіндінің ұзындығы 8-23 метр, биіктігі 0,2-1,5 метр. Обаны облыстық мұражайдың археологиялық экспедициясы ашқан. Бір қорғаны қазылды. Одан пышақ, қорамсақ ілмегі, тағы басқалары табылған. Ғалымдардың болжауынша Дүмбек те ертедегі темір дәуіріне жатады.

Қайыңжар оры Беленький елді мекенінен 10 шақырым қашықтықта. Ордың көлемі екі шақырымға жетеді, қайың өскен бұл жер туристер мен ауыл адамдарына таптырмайтын демалыс орны. Бүлдірген, жабайы шие көмкерген орда бұлақ суы ағып жатыр.

Еменжар оры Ресей шекарасынан бастау алады. Нариман елді мекенінен 3, Амангелді ауылынан 20 шақырым қашықтықта, бір шақырымдай алаңды алып жатыр. Ор қайың, емен тағы басқа да теректерге толы. Бұл облыс бойынша емен өсетін бірден-бір далалық. Еменжар туристер мен демалушылар үшін таптырмайтын орын.
Амангелді ауылынан 6-7 шақырым жерде құлпытасындағы жазуы сақталған XV-XVIII ғасырлар аралығындағы ескі қорым бар. Бұлардың жанында бұл рудың көсемі, басқа да белгілі адамдары жерленген жеті бейіт жатыр. Өкінішке орай осынау қорымдардың алтауы кейін сындырылып, талан таражға түскен. Бүтін тұрған біреуі мемлекет қорғауына алынып, Қазақстан Республикасы археология институты реестрінің есебіне кіргізілген.
Көшпелі халқымыздың сол кездегі салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан мағлұмат беретін мұндай тарихи ескерткіштер мемлекет тарапынан қорғауға алынып, зерттеліп, қалыпқа келтіруді қажет етеді.

Бауыржан –Тасқала ауданы орталығы аумағынан табылған құрбан шалу орны. Ол жан-жағына таға тәрізді етіп топырақ үйген, тереңдігі 0,4-1,5 метр шұңқыр. Шұңқыр үш жерге орналасқан. Біріншісі үш таға тәрізді және бір дөңгелек шұңқырдан (Бауыржанаяқтың солтүстік-шығыс бағытында 300 метр жерде), екіншісі бір таға тәрізді шұңқырдан (Бауыржанаяқтың солтүстік-шығыс бағытында 500 метр жерде), үшіншісі де – бір таға тәрізді шұңқырдан (Бауыржанаяқтың оңтүстік-батыс бағытында 800 метр жерде) тұрады. Орынды облыстық мұражайдың Б.Райымқұлов жетекшілік жасайтын археологиялық экспедициясы тапқан. Ғалымдардың пікірінше бұл құрбанхана б.з.б. бірінші мыңжылдыққа жатады.

Бауыржанаяқ –аудан орталығы маңындағы қола дәуіріне жататын көне мекен жұрты. Ол 29 шұңқырдан тұрады. Бұлардың диаметрі 5-16, тереңдігі 0,2-0,4 метр. Мекенді 1986 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің археологиялық экспедициясы ашты. Үйінді топырақтың беткі жағынан кремний және кварцит қиыршықтары, пышақ тәрізді пластиналар, бекітпелер, керамикалық бұйымдардың ұсақ бөлшектері тағы басқалары табылды. Аталған ескі мекеннің беткі қабатын 1987 жылы облыстық мұражайдың археологиялық экспедициясы жан-жақты зерттеді.

Шабақты –Тасқала ауданының Қосшы ауылдық округінің аумағынан табылған көне зират. Ол 16 қорған тобына жатады. Қорған топырақтан үйілген. Диаметрі 10-15, биіктігі 0,2-1,2 метр. 15-16 қорғанның жері жыртылған, қалғандары Шабақты елді мекеніне дейін созылып жатыр. Аталған қорғандарды облыстық музейдің экспедициясы ашты. Шамамен ерте темір дәуіріне жатады.

Үлкен және кіші үңгір. Достық ауылының екі шеткі аймағын Үлкен және кіші үңгір алып жатыр. Үлкен үңгірдің ұзындығы 2-3 шақырымдай. Бұл жерден қарағаш, аққайың, торын, жабайы шие, итмұрын сияқты ағаштар мен көптеген дәрілік өсімдіктерді кездестіруге болады. Үңгірдің тік жарлығы соншалық, мұнда түсіп, шығудың өзі қиынға соғады.
Ал, кіші үңгір Тасқала ауылына баратын жолға таяу орналасқан. Мұндағы бұлақ суы тік жарланған шақпақ кесек-кесек тастардың арасынан мұздай болып ағып жатады. Округ орталығынан Қызылбас елді-мекеніне барар жолда қыр бар, онда биік оба орналасқан, оның басына шықсаң Крутая ауылы алақандағыдай көрінеді.

«Аққұдық» елді мекені. Достық ауылдық округінің аумағындағы «Аққұдық» елді мекенін көнекөз кәриялар мен бірсыпыра тұрғындардың айтуына қарағанда бір кездерде Әбілхайыр хан мекен еткен. Осы кісінің жылқыларын суару үшін қаздырған суы мол, әрі мөлдір құдық пен оның жанында қоныстанған елді мекен «Аққұдық» атауына ие болған. Бұл мал, егін жақсы өсетін жер.

Семенов биіктігі. Достық ауылына таяу жерде атақты саяхатшы Семеновтың атауына ие болған биіктік бар. Ол антрепондық зерттеу бойынша дәлелін тапқан. Көпшілікке белгілі бұл адам азамат соғысынан кейін осы жерде болып тарыққан жұртқа тамақ, тұрмыс жағынан көмектескен.

Балаково биіктігі. Аталған ауылдан 15 шақырым жерде теңіз деңгейінен 197 метр жоғары Балаково биіктігі бар. Мұны байлар кезінде осы жерді зерттеумен айналысқан геолог Балаковтың есімімен атап кеткен. Биіктік жерінің құрамында цемент шығаруға болатын материал кені кездеседі.

Әулие бейіті, әулие бұлағы. Бұл Достық ауылынан жеті шақырым жерде орналасқан. Суының емдік қасиетінің барлығы бұрыннан белгілі. Мұнда адамдар келіп емделеді, әулие бейітіне барып тәу етеді. Мұнда барғандар өздеріне ем қонсын деген ниетпен ауылдарындағы жоқ-жітік, кемтар адамдарға әркез көмек қолдарын созады.