Озон. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.

 

Сабақ тақырыбы: §25. Озон.Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.

Мақсаты:  Оттектің қасиеттерін,алыну жолдарын, физикалық –химиялық қасиеттерін,  қолданылуын еске түсіре отырып, оттектің аллотропиясы жайлы мағлумат беру.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақ  көрнекілігі: Химиялық элементтердің П.Ж , интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.

Сабақ жоспары:

  1.  Мектеп – білім ордасы (Үй тапсырмасына шолу жасау)
  2. Білім алу бекеті (Жаңа сабақты меңгерту)
  3. Пысықтау бекеті (Жаңа сабақты бекіту)
  4. Ойлан, тап! 
  5.  Жалғасын тап! (Сабақты қорытындылау)

      6.Үйге тапсырма.

 

1.Мектеп –білім ордасы. Үй тапсырмасын қайталауға арналған сұрақтар.

1.Оттектің жалпы сипаттамасы?

2.Оттек неше валентті?

3.Оттекті қалай алады?

4.Өршіткі деген не?

5.Оттектің атмосферадағы мөлшері?

6.Жану реакциясы дегеніміз не?

7.Оксидтер деген не?

8.Тотығу деген не?

9.Оксидтер нешеге бөлінеді?

2.Білім алу бекеті (Жаңа сабақты меңгерту)

Озонның құрамы: Оттек молекуласы 2 атомнан тұрса, кәдімгі жағдайда үш атомнан құралған газ тектес затты озон дейді.

1785 ж.голланд оқымыстылары жаңа газда анықтап,оның атын ОЗОН деп атаған.Оның оттек атомынан тұратын жай зат екені анықталған.

Құрылысы: Озон формуласы :О3  , молекуласы 3 атомнан тұратын оттектің түрөзггерісі екені мәлім болды.

Қасиеттері: Озон – көкшілдеу түсті,өзіне тән ерекше иісі бар (грекше «ОЗО» -иісті газ.) Суда аз ериді ,қайнау -112 гр, балқу темпер. -193 гр. О газынан 1,5 есе ауыр.Күшті тотықтырғыш, бояғыш заттарды түссіздендіретін қасиеті бар.

Озон ауыз су мен ағын судағы ,бөлме ауасындағы бактерияларды жояды.

Озон электр зарядының әсерінен табиғатта найзағай ойнағанда пайда болады.Сонымен бірге ,электр машиналары, кварц лампалары жұмыс жасап тұрғанда сезіледі.

Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы аллотропия д.а.

Озонды ауамен көп тыныс алуға болмайды.Жаңбырдан соң ауада озон болғандықтан,ауаны тазартып,таза оттекпен демала аламыз.

Озон шамамен 25 км.биіктікте жер бетіндегі ауа атмосферасын түгелдей қоршап ,2-3 мм.қабатша түрінде болады.

Атмосферадағы озон қабатының қызметі ,ол Күннен келетін ультракүлгін сәулені жұтып,оның күйдіргіш әсерін азайтады.Соның арқасында озон қабаты Жердегі тіршілікті сақтайды.

Лабораторияда озонды озонатор дейтін құралмен алуға болады.

  •  Озонатордың құрылысы. Озонатор сыртынан металл сыммен оралған шыны түтіктен тұрады. Түтіктің ортасынан екінші сым өтеді. Жоғары кернеулі ток алу үшін түтік арқылы аздап оттек газын жіберіп, сымдардың ұшын индукциялық катушкалардың полюстеріне жалғайды. Түтік ішінде газ арқылы электр зарядтары өткенде, оттек газы озонға айналады.

                                              Ул,күлг.сәуле,электр заряды

Реакция теңдеуі: 2О2                                                                            2О3

оттек                                                                                   озон

 

Озон оңай ыдырайтын тұрақсыз қосылыс:О3——-О2———О

Қорыта айтқанда:

Оттек – газы тыныс алуға ,организмнің тіршілік етуіне жағдай жасайды.

Озон –газы өсімдікті ,тірі организмді ультракүлгін сіуленің күйдіруінен сақтайды.

.3Пысықтау бекеті (Жаңа сабақты бекіту).

  • Аллотропия дегеніміз не?
  • Аллотропиялық түр өзгерісі дегеніміз не?
  • Озонатордың құрылысы
  • Озонның массасы нешеге тең?
  • О2→О3→О2 айналымды жүзеге асыр
  • 0,5 моль озонның массасын есептеңдер.
  • 2 моль оттектің массасын есептеңдер.

           96г озонның зат мөлшерін есептеңдер.

 

 

 

Сергіту жаттығулары:                 

                         

                        “Жұлдызды сәт”  ойыны.

Осы заттардың нөмірімен оқушылар сұрақтың ретінде көтеріп отырады.

 

О2 .                                 О3.                                  Н2О.                          Si.

  1. 1772 жылы швед химигі  ашқан элемент.
  2. Қай зат жоқ болса, екі күн өмір сүре алмаймыз?
  3. Түссіз, иіссіз сұйықтық.
  4. Жер қыртысында 49,13% кездесетін зат.
  5. Озонатор арқылы алынатын зат.
  6. Оттектің неше аллотропиялық түр өзгерісі бар, қандай.
  7. Найзағайлы жаңбыр жауғанда ауада көп кездесетін газ.
  8. 150 атм қысымда болат баллондарда сақталады.
  9. Жер қыртысында  26% кездесетін элемент
  10.  Массасы 28ге тең.

 

 

Ойлан, тап!
Кім көп тіл біледі?

  • 1. Ең жеңіл элемент саналады, Периодтық жүйе осыдан бастау алады.
  • 2. Машина мен трактордың жаны,     
  •   Қара металлургияның наны 
  • 3. Иісі, түсі, өңі жоқ 

            Табиғатта онсыз өмір жоқ

            Өсімдік егер көп болса,

           Денсаулыққа пайдасы көп

  

                           Салыстыру кестесі  .

Реті.Заттардың қасиетіОттекОзон
1Агрегаттық күйі  
2Түсі  
3Иісі  
4Суда ерігіштігі  
5Қайнау температурасы  
6Тотықтырғыштық қасиеті  

 

                                     Жалғасын тап!

  • 1. Na + O2 =
  • 2. Mg + O2 =
  • 3. Al + O2 =
  • 4. C2H6 + O2 =

Үйге тапсырма:
§25 .

7 тапсырма.
Оттек сияқты озон метанмен СН4 әрекеттескенде СО2 және Н2О түзеді. Метанның озонмен реакцияласу теңдеуін құрыңдар.