Эссе «Жаңа мектепке – қазіргі заман мұгалім»

183

Эссе «Жаңа мектепке – қазіргі заман мұгалім»

Мұғалім- болашақ ұрпақтың бағбаны, келешектің кемелдендірушісі, баланың бойына білім мен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп,көкірегін нұрландырушы.Ең бастысы мұғалім адами касиеті мол, басқаға  көмегін тигізуден шаршамайтын,шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.

Шәкірт тәрбиелеу- ұлы міндет.Бала тәрбиесіндегі ата-анадан кейінгі жауапты адам мұғалім. Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу, ұстаздарға, мұғалімдерге байланысты.

«Ұстаздық- ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымды да еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген апаларды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», деп  Бауыржан Момышұлы даналық сөздерін көңіліме түйе келе, тәуелсіз еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге, оқытуға өз үлесімді қосу мақсатында Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылындағы №8 орта мектепті аяқтаған соң Қарағанды Мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығын игеріп, Қарағанды «Болашақ» университетінің  «Информатика» мамандығына түстім. Еңбек тәжірибемді 2010 жылы Қарағанды қаласының №21  негізгі мектебінен бастадым. Мектеп ұжымының әрбір мұгалім бойында болатын төзімділік, сыпайлылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы  қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мұғалімге жүктелген міндет жеңіл емес екенін сезіне де, түсіне білдім. Білім беру, оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз процесс.Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өнер сүйюге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, кабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи танымдық, педагогика-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі.

Бүгінгі таңда жаңа мектепке –қазіргі заманғы мұғалім. Білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтерумен жаңаша ойлайтын,оқыту мен тәрбиенің жаңа инновациялық технологияларды күнделікті жұмысында қолдана білетін, білгір иесі болу керек. Жаңа ғасыр мұғалім талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік, білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңында  «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденісі кабілеті дамыған, жаңа педогогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады.

Әрине, мұғалім мамандығы жауапкершілігі мол, қиын әрі өте киелі мамандық. Ал казіргі кезде жас мамандар мектептерге тұрақтамайды, немесе басқа жұмысқа ауысып кетеді. Қазіргі заман мұғалімі көп ізденуді, тынымсыз еңбектенуді, сабақ беруде заманауи әдіс тәсілдерде жетілдіріп отыруды талап етеді.

Себебі, білім мазмұны, оқыту үрдісі өзгерісті талап етеді. Ал жас мамандар үшін, алдында шешімін таппай жатқан мәселелер көп. Сондақтан еңбек жолын енді бастаған, жас мамандарға осы бір қиындағы мен қызығы мол ұстаздық жолдағы кездесетін қиындықтарға төзе білуді үйретіп, олардың еңбек етуіне жағдай жасалып, өз ісіне бейімделуіне барынша қолдау көрсетіп, дұрыс бағыт беру қажет. Сондай-ақ, жас мамандардың қызығушылығын оятып, ерік-жігерлеріне талпыныс беріп, жүректеріне сенім ұялататын байқауларды ұйымдастыру және осы байқауға қатысып, тәрбие алмасу жас мамандар үшін өте маңызды деп білемін. Себебі, жаһандану заманында ұлттық бәсекеге кабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне шығып, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Өз ойымды Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай: «Мұғалімдік мамандық –бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер –ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» деген сөзбен қорытындылағым келеді.