Шығармашылық эссе: Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасату, жаңа әдістерді игеру

171

 

Шығармашылық эссе:

Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың

пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасату,

жаңа әдістерді игеру

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Мақсаты:

Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып,оқушылардың ізденімпаздық,  зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып,білім сапасын арттыру.

Міндеттері:

  1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып,танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.
  2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай,  жеке дара қабілетінің   дамуына  мүмкіндік жасай отырып, қабілетін  дамытып, шығармашылығын шыңдау…
  3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу  барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін — өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз  тұлға қалыптастыру.

Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз байсалды болмақ.

Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл  “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту.

Педагогикалық жүйенің деңгейлік әдістері меңгерудің даралап оқытуын талап етуге негізделген. Деңгейлік даралап оқытуды меңгеру кезінде деңгейлік өзіндік және бақылау жұмыстарын, сол деңгейлік жұмыстарға сәйкесінше талаптарды (үйренуішілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) жетілдіру көзделген.

Үйренушілік деңгей міндетті минимум, ал қалған деңгейлер оқушының дербес талап-сұранысына байланысты лайықты білімді, дағдыны, шеберлікті шындауына мүмкіндік береді. Оқу процесін ұйымдастырудың деңгейлік даралаудың негізі әрбір үйренушіге өзінің динамикалық дамуын, сонымен бірге даму жолының төменгі деңгейден жоғары деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеді.

Бірінші деңгей-«үйренушілік». Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.

Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген  материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.

Үшінші деңгей — «эвристикалық». Оқушыларға берілген тапсырмалар танымдық ізденіс түрінде, игерген білімді тереңдету үшін әр түрлі логикалық операцияларды (анализ, синтез, салыстыруды) керек етеді.

Төртінші деңгей-«шығармашылық», әрбір тапсырманы өз бетімен түсініп, талдай отырып орындау ғылыми шығармашылық тұлғадан шағын зертету жұмысын жүргізіп, (кішкентай) жаңалық ашқанмен бара-бар. Есеп шығару барысында ой-өрісінің кени түсіп, негізгі математикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуге жол ашады.

Осындай талаптарға сәйкес құрылған өз бетімен деңгейлік тапсырмаларды сатысы бойынша оқушының математика сабағында өзіндік шығармашылық қабілеті дамиды.

Деңгейлеп оқыту технологиясын тиімді қолдану оқушылардың математикалық білім негіздерін қалыптастыру мақсатында өткізілген “V тарауды қайталауға арналған жаттығулар” атты сабағымды ұсынам.

Сабақтың мақсаты: V тарауда алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу.

Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімін есеп шығару барысында тексеру, міндетті деңгейін бақылау;

 

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру;

 

Тәрбиелілік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге,  тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Сабақтың әдісі:  пысықтау

 

Сабақтың типі:  ойын — сабақ

 

Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

 

Сабақтың көрнектілері:  Тесттер, таратпа материалдар, слайд, суреттер, оқулық, жұмыс дәптері, бағалау прағы, бағалау жетондары.

 

Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, информатика.

 

Сабақтың құрал – жабдықтары:   ИТ, тест, слайд.

 

Оқыту формалары: Топтық және ұжымдық.

 

Сабақ жүрісі:

                        І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру (3-тапсырма)

ІІІ. Кім жылдам?

ІV. «Мозайка жинау».

  1. Сергіту сәті. Логикалық тапсырмалар
  2. Бекіту. Тест

VІI.Үйге тапсырма

VIІI. Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 

  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Оқушыларды түгелдеп, журналға белгілеу;
  • Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Бүгін сабағымызды ойын түрінде өткіземіз. Сыныбымыз үш топқа бөлінген.
Топтарға топ жетекшілерін сайлап аламыз.

ІІ.Өткенді еске түсірейік.
1. Мен — саған, сен — маған:

  1. Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?
  2. Ондық бөлшектің жазылуындағы қай цифрлар ондық таңба деп аталады?
  3. Ондық бөлшектің, мысалы, 52,3142 ондық бөлшегінің, бөлшек бөлігінің разрядтарын атаңдар.
  4. Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?
  5. Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?
  6. Ондық бөлшектер разряд бойынша қалай салыстырылады?
  7. Ондық бөлшектер қалай қосылады?
  8. Ондық бөлшектерді қалай азайдады?
  1. Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қойыңдар:
  • топ: 43+1,7=6 2-топ: 37+586=9,56              3-топ: 9,95-195=8

5+999=14,99                  83-0,38=7,92                          64-4=2,4

 

  1. Тақтаға 3 есеп ілінеді. Қатесін түзеу керек:

2,06+ 1,3=                                   61-7,64=                                 21,7+0,613=

 

+
+

2,06                                        61                               21,7

1,  3                                          7,64                            0,613

——————                     ———————         ————————

3,09                                         54,64                           21,1313

ІІІ. Кім жылдам?
Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей. №1019 (1-8)
ІІ деңгей. №1025

ІІІ деңгей. 1029 (1,3)
ІV. «Мозайка жинау»
Сендер мозайка жинауды жақсы көресіңдер. Біз осы мозайканы дұрыс құрастыруымыз керек. Бұл жай мозайка емес сиқырлы. Себебі олардың әрбіреуінің артында есептер жазылған. Сендер сол есептерді шешіп, жауабы дұрыс жазылған беттерге сәйкестендіріп қойсаңдар өздерің тұратын жерлерде кездесетін аңдар-құстар, жануарлардың суретін құрастырып аласыңдар.

1-топ. Амалдарды орындаңдар:

 

9,4+7,3=16,7

3,54+1,44=4,98

4,2+8,36=12,56

8,34-3,26=5,08

13,321-10,41=2,911

2,3-0,5=1,8

 

2-топ. Амалдарды орындаңдар:

 

4,6-2,85=1,75

6-3,82=2,18

8,314-1,203=7,111

24,541+1,9=26,441

18,2+3,832=22,032

21,612+7,39=29,002

 

3-топ. Амалдарды орындаңдар:

 

23,5+4,15=27,65

0,73+2,27=3

5,451+6,129=11,58

2,9-1,42=1,48

25,45-15,56=9,89

12,3-0,545=11,755

 

 

  1. Cергіту сәті. Логикалық тапсырмалар.
  2. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады ? (5)
  3. Алматыдан Астанаға қарай ұшақ 1 сағат 30 минут ұшқан,ал Астанадан Алматыға 90-ақ минут ұшты, неге ? (тең)
  4. Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды ? (2)
  5. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады,ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша ? (3)
  6. Бір тонна мақта ауыр ма, бір тонна темір ауыр ма ? (тең)

VІ. Бекіту.

Енді әрбір оқушыға 5 сұрақтан құралған тест беремін.

1.Сандар тізімінің ішіндегі ең үлкен сан мен ең кіші санның қосындысын табыңдар:

2,3; 0,57; 8,3; 18,1; 1,57; 0,54

а) 18,67       b) 8,84      c)18,64      d) 19,64

  1. Берілген тізімдегі сандардың қосындысын табыңдар: 4,3; 0,87; 5,7

а) 10,87   b) 99,7   c)9,97     d) 1,087

  1. Базарға сатуға үйрек мен қазды әкелді. Үйректің салмағы 3,35кг, ал қаздың салмағы одан 2,475кг ауыр. Үйрек пен қаздың жалпы салмағы қанша?

а) 4,225кг   b) 3,35кг    c) 9,175кг    d) 0,875кг

  1. Берілген тізімдегі сандардың қосындысын табыңдар: 3,4; 0,87; 2,9

а) 6,17   b) 6   c) 7,17     d) 7

5.Сандар тізімінің ішіндегі ең үлкен сан мен ең кішісінің айырмасын табыңдар:

3,9; 15,11; 3,09; 15,01

а) 11,92       b) 12,02      c)11,21      d) 11,11

Жауаптары:

1 2 3 4 5
c a c c a

 

 

Бағалау. Оқушыларды бағалау жинаған фишкаларымен қойылады.

 

 

 

 

 

Көк түс «5»,         жасыл түс «4»,                сары «3».

 

Көк  «5» толық жетпейді, жасыл «4» толық жетпейді, сары «3» толық жетпейді

 

Үйге тапсырма:  №1024

Қорытынды

Менің оқытудағы өз проблемам: оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.

Осы технологияны қолданып 6-сыныптардан дарынды оқушыларды анықтадым. Олармен жеке жұмыстанам.

Оқушыларым 5-сыныпта «Ақбота» интеллектуальды марафонында, интеллектуальды марафондарда жүлделі орындар алып жүр.

 

Математика пәні бойынша оқытылу  нәтижесі

Оқу жылдары
2011-2012 2012-2013, І тоқсан 2012-2013, ІІ тоқсан
Пән бойынша сапа

көрсеткіші %

65% 60% 57%

 

Сөзімді, Шалва Амонашвилидің айтқанымен аяқтағым келеді: “Ұстаз болуды таңдаған әр адам алдына өте биік, тіпті өзі орындай алмайтын мақсат қою керек. Оны орындау үшін, соған жетуге арналған әрекеті оны да, оқушыларын да асқақтатады. Биік мақсат мұғалімнің болашаққа сеніп оптимизммен жұмыс істеуіне, ізденіс әрекеттерінің армандаған нәтижеге әкеліп, мүмкін емес деген істің орындалуына жағдай жасайды. Мұғалімнің биік мақсат қоюның тағы бір себебі, ол – адам, тәңірдің өзіне берген уақыты аралығында айналасына, барлық планетаға  мейірімділік,  әділдік, адалдық, сүйіспеншілік, сыйластық, еңбекқорлық нәрін сеуіп үлгеруі керек”.