Фигураның ауданын өлшеу

223

Тақырыбы: Фигураның ауданын өлшеу

Мақсаты: Оқушылардың геометриялық фигуралар туралы білімін, геометриялық фигуралардың ауданын есептеу тәсілдерін жетілдіру.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білімділікке тәрбиелеу

МІНДЕТТЕРІ:

  1. Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, сабақтың тақырыбын ашу. Геометриялық фигураларды түсіндіре отырып, ауданын табуға үйрету.
  2. Оқушылардың ойлау қабілеттері мен дарындылықтарын дамыту.
  3. Оқушыларды шапшаңдылыққа, білімділікке, алғырлыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

 Сабақтың  әдіс тәсілдері: СТО стратегиялары

Сабақтың  көрнекілігі: слайд-шоу, сөзжұмбақ, постерлер, тапсырмалар, тест

Сабақтың  барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру « Тест » (5 мин )

  1. Алтыншы разрядтың 9 бірлігі, бесінші разрядтың 5 бірлігі және төртінші разрядтың 2 бірлігі:

А) 950200                              Ә)905020                               Б) 952000

  1. Екінші кластың 24 бірлігі, бірінші кластың 9 бірлігі бар сан:

А) 240090                              Ә) 24009                                Б) 24900

  1. Екі жүз бес мың алты жүз санын цифрмен жазып көрсет:

А) 205600                                Ә) 205060                               Б) 250600

  1. Тік бұрыштың ұзындығы 56 см ені 7 есе кем. Тікбұрыштың периметрін тап:

А) 128см                                  Ә) 105 см                             Б) 64 см

  1. Жаяу адамның жылдамдығы 5км/сағ.3 сағатта жаяу адам неше км жол жүреді?

А) 2 км                         Ә) 18 км                             Б) 15 км

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе. ( 3 мин )

  • Ал, балалар, мен сендерге қазір психологиялық тренинг өткіземін. Ең алдымен сендер өздеріңе ұнаған фигураларды таңдап алыңдар. Сол фигура арқылы мен сендердің қандай қасиеттерің бар екенін айтамын. Ал қане, таңдап ала қойыңдар!?

Топтастыру (топбасшы, қорғаушы, уақытшы, есепші, көмекші, дәлелдеуші)


1 слайд. Фигуралар әлемі ( 5 мин )

  • Балалар, біздің алдымызда фигуралар жатыр (әр топтың атына байланысты), фигуралардың артында тапсырмалар берілген, есептің теңдігін шешіп, сол фигураларға анықтама беріп кетейікші. ( тіктөртбұрыш дегеніміз… барлық фигураға анықтама беріледі. )

Тапсырмалары :

  • 61 147 + 72 216 / 8 – 7221
  • 213 525 / 5 – 6384 / 2
  • 74 612 / 4 + 7 147 * 2
  • 89 307 / 3 + 7 416 / 4

2 слайд. Сендер осы фигуралардың қасиеттерін айттыңдар, ал осы фигуралардың қасиеттеріне байланысты қандай формулалар айта аламыз?

Жаңа сабақ (2 мин)

3 слайд: периметр дегеніміз не? Аудан дегеніміз не?( формулаларын көрсетіп…)

  • Яғни, аудан дегеніміз берілген фигураның ұзындығы мен енінің көбейтіндісі. Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыз « Фигуралардың ауданын өлшеу » деп аталады.
  • Дәптермен жұмыс ( күн реті жазылады)( 3 мин )

Дәптеріңе 4 тор көзді тұйықталған сынық сызықпен қоршап шық. Қандай фигура шықты? Неліктен? Оның қабырғаларының ұзындығы неше? Ауданын  тауып көр?

 

 

  • Балалар, қолымызға сызғыш алып өлшеп көрейікші. неше см шығатынын білеміз?
  • 1 см.
  • Дұрыс, ендеше, палеткамызды қолымызға алып, мына фигураның аудынын өлшеп көрейікші. 1 см * 1 см ден 1 см кв.болатынын анықтадық. Яғни, ауданның формуласы қандай?

 

Тақтамен жұмыс ( 7  мин )

4 слайд.

5 слайд. Мұғалімнің түсініктемесі  

Кез келген фигураның ұзындығы мен ені берілген уақытта, оның ауданын табу үшін, . а – ұзындығы, b – ені.

6 слайд.  Кім жылдам? (3 мин )

 

 

 

 

 

7 слайд. Деңгейлік тапсырма ( 5 мин )

Топтастыру ( 1-4 сандарымен)( 2 мин )

1 топ(5 )

екі бекеттің арасын жүк машинасы сағатына 60 км жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Қайтар жолда ол осы аралықты 5 сағат жүрді. Жүк машинасының қайтар жолдағы жылдамдығын тап?

2топ( 5-4)

Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір біріне қарама қарсы жолға шықты. Олардың біреуі 80 км/сағ , екіншісі 70 км / сағ жылдамдықпен жүріп, 4 сағат өткен соң кездесті. Екі қаланың арақашықтығы неше километр?

3 топ: (4 – 3 )

Бақта 128  алмұрт ағашы өсіп тұр, бұл алма ағашына қарағанда 3 есе кем. Бақта барлығы неше  жемістер ағашы  бар?

4 топ: ( 3)

Тік төртбұрыштың ені 8 см, ал ұзындығы одан 4 см ұзын. Тік төртбұрыштың ауданын тап.

Қорытынды. ( 3 мин )

Сабақты пысықтау. ( ББҮ стратегиясы)

Оқушыларға стикерлар таратылып, сол арқылы оқушылармен кері байланысты орнату.

Үйге тапсырма. №9(5,6) есеп 99 бет

Бағалау . Топбасшылардың бағаларына сәйкес , қосымша ұпай жинаған оқушыларды да бағалау