Эссе «Менің тәрбиеге байланысты көзқарасым»

105

 

Сынып бөлмесінде тыныштық орнаған.Барлық балалар күзгі демалыста, ал мен « мен оқушыларыма не бере алып жүрмін?» «Не үшін араға біраз жыл салып бәрібір мен мектепке оралдым?» Ойларым менім сонау алыста қалған өткен өміріме қайта жетеледі. Шынында, мен балалық шағымнан орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болғым келген еді. Мүмкін бұл менің өмірдегі мұғалімдерім нағыз Мұғалімдер  болғанынан болар.  Менде қандай жақсы қасиет болса ол менің анам және орыс тілі пәні мұғалімнің еңбегі деп білемін. Анам мені адамдарды жақсы көруді және жамандыққа жақсылықпен жауап беруді үйретті. Ол өте жақсы педагог, ұшқыр ойлы психолог және 3 баланың анасы. Менің орыс тілі пәні ұстазым орыс тіліне деген махаббаттың негізін қалап,  мені   көп нәрсеге үйретті.

Міне, мен мектептемін және  осында еңбек еткеніме 1-ақ жыл. Маған сынып жетекшілік қызметі тапсырылды. Шындығында келгенде мұғалімдік қызметімнің алғашқы жылы өте қиын болды. Мен балаға қалай қатынас жасауды,олардың неге деген сұрақтарына не жауап қайырарымды білмей дал болатынмын.Олар шулағанда, балалық еркеліктерін жасағанда не істерімді білмейтінмін; оларға ұрысайынба? әлде түсіндірейін бе?, оларға сын айтайынба немесе оларды жаныма жақын алып сөйлесейін бе? Ата-аналар жиналыстарын қалай өткіземін?

Менің сыныбым басқа сыныптағы өз қатарлыларымен   салыстырғанда  қиындау және қозғалғыш, жыбырлақтау.Барлығын тастап кетіп қалғым келген де кездер болды. Бірақ….Осылай мен де өз сыныбыма,өз жұмысыма үйренісе бастадым. Балалар да маған үйренісіп бауыр баса бастады.  Ал бұл ең бастысы еді. Менім педагогикалық ұстанымым тек қана өз пәнімді жақсы көру емес, бірінші кезекте – балаларды жақсы көру.

Оқушымен мұғалім арасындағы қарым-қатынас тек жақсылық және махаббат  арқылы ғана құруға болатындай. Біз әрбір баланы озіне жеке « мен» деген  сезімін тәрбиелеп, ешқашан болмауға,айналасындағылармен келісім  жасай білуге үйрете алуымыз  керек. Л.Н. Толстой бірде былай деген « жақсы мұғалім екі ақ қасиет керек- үлкен білім және үлкен жүрек». Мен жүректі бірінші орынға қояр едім.

«Мұғалім – оқушы» қарым-қатынаста бар оқушы қауылысына және әрбір оқушыға жетістікке жетуіне сенім ұялататындай болуы қажет. Жетістік оқушыны қанаттандырып, ал баланың жеткен жетістігі мұғалімді қанаттандырады.Махаббат-ұлы көмекші. «Кімді жақсы көрсе содан үйренеді» деген еді И. Гете. Бірақ өзі жақсы көре алатынды, бар жүрегін, болмысын бере алатын жандарды ғана жақсы көреді. Жақында Галина Чумакованың мұғалімдер туралы очерктер кітабында мұғалімнің оқушыға деген махаббатының әртүрлі болатынын  оқып қалдым. Кейбір мұғалім оқушыларын тек  қоңырау соғылғанша өз сабағы үстінде жақсы көрсе, ал кейбір мұғалім балалар үшін өзінің сабақтан тыс уақыттында бір бөлігін құрбан етіп жүреді,олармен жарықтарға да бірге шығады. Тағы мұғалімнің өз оқушыларына деген ерекше махабаты бар –ол акылды, күшті ересек адамның  нәзік балалық дүниесіне деген махаббаты. Кейде бұл махаббат алдында ата-аналарымызда бас иеді. Тек осындай өзінен бас кешіп, бар болмысын ғүмырын балаға арнайтын махаббат қана –кереметтер жасауға мүмкіндік береді. Әрбір оқушыны жақсы көре біліу –өте қиын дүние. Бірақ сен-мұғалімсің,ұстазсың  және сенің барлық іс-қимылдарынның негізінде тек махаббат пен жақсылық жату  тиіс.

Мен орыс тілі және әдебиет пәні мұғаліммін.Әркез  бұл сөздерді ерекше сезіммен айтамын. Осы біздің күрделі өмірде тек қана жақсылық, түсіністік пен махаббат қана адамзатты құрдымға кетуден сақтайды.  Тіл және әдебиеттің ғана жеке тұлғаға үлкен әсер күші бар, баланы ізгілікке, эстетикалық құндылықтарға үйретеді. Оларды жақсылыққа ұмтылуға, ар-ұжданды, намысты болуға, алға ұмтылып, рухани бай болуға, ең  жоғары мақсаттарға қызмет етуге үйретеді. Сондықтан тіл маманы сипатында  өзімнің міндетім бірінші кезекте ойлай алатын, бірге қиналып және   бірге  сезінетін, кейіпкерлердің рухани дүниесі мен өзінің ішкі дүниесін салыстырып өлшей алу қасиетін дамыта   алатын олардан төзімділікті үйреніп, олардан өзінің проблемаларын шешуде қолдау таба алатын оқырманды тәрбиелеу деп білемін.

Бірінші кезекте өзі оқыған, тәрбиелі жанғана оқытып тәрбиелей алатынына сенімдімін. Мұғалімнің  өзіне жәй ғана көп оқып үйрену, қалыптасып қалған стеротиптерді бұзуға қорықпай жаңа технологияларды  меңгеру қажет, әрдайым, әр күні  тек   жаналықка құмартып   алға жүру керек . Және жеткен жетістіктеріне қанағаттанып  бір орында тұрып қалмау керек, себебі заман ағымы,ондағы күнделікті өзгерістер күтіп тұрмайды, кеш қалып қоюың ғажап емес. Мұғалім өзі оқып үйренуге дайын болуы қажет.

«Мұғалім,оқушыны таны!» — бұл үндеу түп-тамыры тереңде жатырғандай. Баланың мінез-қүлқын,оның жан дүниесін білмегенше педагог сипатында қалыптаспайсың. Бұл дәлелденген шындық. Аксиома. Әрбір педагогикалық жетістіктің  негізінде мұғалім және оқушы қарым-қатынасы жататына сенімдімін.  Сол баяғы И.Гете «Егер адамдарды оларға тән  кемшіліктерімен  қабылдасаңыз, оларды ешқашан жақсылар қатарына қос алмайсыз. Егер  сіз адамдарға,идеалдағы адамдар сияқты қарым-қатынаста болсаныз,сіз оларды өзіңіз көргіңіз келген биік шоқтыққа көтересіз» мен бұны түсінемін және бұны қабылдаймын.

Бүгін  біз мектепке жеке тұлға керек екенін мойындаймыз. Мектепке адамдарға жақсылықпен ақылды қарым-қатынаста бола алатын,  шиеленістер болғандаерекше ойлау қабілеті  дүниені көре білу қабілеті бар жаңа мұғалім қажет. Мұғалім басқалар тек жамандықты көріп  тұрған жерден де жақсылықты көре алуы, оң көзқарасты сезімді негізге алып жұмыс жасауға міндетті. Ол балаларды өздерінің қызметтерінің нәтижесіне қуана білуге үйретіп, оларға шабыт, оятып,  өз бетінше өздеріне мақсат қойып оны орындауға үйретуге, демек, оларға өздерін өздері дамыта алуларына алғышарт беруге міндетті. Мұғалім оқуға оқытады.