Наурыз жыл басы

69

Сабақтың тақырыбы: Наурыз жыл басы

Мақсаты: Оқушылардың наурыз мерекесі жөніндегі білген – түйгендерін толықтыру, мерекедегі айтылатын ұлағатты салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: « Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!» мақал – мәтелдер,жұмбақтар,ұлттық киімдер,құрақ көрпеше, бесік.

 

1жүргізуші: — Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған«Наурыз–Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға  рұқсат етіңіздер!
— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!
Мал біткеннің бал татыған ұызды,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.
2жүргізуші:- Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің

Наурыз мерекесіндегі амандасудың бір түрін көрейікші.

                                           Ән: «Наурыз көктем» Мұхамедали

 

1жүргізуші:Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күнмен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі«нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшенітазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
2жүргізуші:- Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу)
— Наурыз – бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
1-жүргізуші: — Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурызмейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады

 

Гүлден   Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді – жыл басы.
Шуақ төкті жарық күні,
Мейрамында халықтың.

 

Арайлым Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз

 

Аянат:       Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.

 

Дамир       Жаратылыс жаңарып,

Теңелген кез күн мен түн

Ел сұрасып жаңалық-күлген күн.

Бір-бірінен білген күн

 

Қаир      Наурыз көже татысып,

Үйден үйге кірген күн.

Ән мен биге қатысып,

Қауым боп ойнап-күлген күн.

 

Нұрзада   Наурызда оюлы,

Ұлттық киім киеміз

Бастап ән, күй, ойынды

Би билеуді сүйеміз.

 

Арайлымның орындауындағы «Наурыз көктем» әнін қабыл алыңыздар

Аделя    Ағайынмен қауышып,

Аман-сәлемдесеміз.

Әннен күйге ауысып,

Әңгімеге көшеміз.

 

Малика    Татуласып араздар,

Бірін-бірі кешкен күн.

Сыр ашып сүйген сабаздар,

Айдардан жел ескен күн.

 

Айсұлу      Шалқытып мерекеде ән салайық,

Би билеп, ән өнерге тамсанайық.

Аңызбен ертегімен бізге жатқан.

Құрметті қонақтарды қарсы алайық.

 

Жоғарыға шықсын қонақтар.

Келіп тұрған алыстан.

Құттықтайды сіздерді,

Наурызда бізбен қауышқан.

Мұхаметәли

Ал, халайық тұрмайық.

Әндетейік шырқайық.

Ортамызды ашайық.

Думандатып би билеп,

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжі-маржан шашайық.

Жиналған жұрт таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық!

 

Мансұр

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден.

Құтты болсын, Наурыз!

Жаңғырар дәстүр салтымның,

Көзелсін бұлақ жылғасы.

Қастерлі менің халқымның,

Мереке «Наурыз» жыл басы.

 

Ұлту           Ән қосылсын әңіне,

Сән қосылсын сәңіне!

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман –есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

 

Айқын    Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Ой ағайын, келіңдер!

Бүгін бізде –

Наурыз көже құрт — қатық,бұршақ  қосқан.

 

Әлібек:Бүгін күн кенелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

 

Жүсіп: Наурыз той салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

 

Әлібек: Өмір бағы жайнасын,

Бақта бұлбұл сайрасын.

 

Жоламан Күреп алтын күрекпен,

Қарды еріткен Наурыз!

Жатыр көктем түлетіп,

Бүрлеп бақша – бауымыз.

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық Наурыз көжеден.

 

Камила  Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік,қадіріңді білдік пе!

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

 

Нұржан       Кел,балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық..

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық..

                             

                    Би: «Қамажай»

2-жүргізуші:- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:
Дәмді-дәмді  тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(дастархан)
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңермесе мол арғамен,
Ешбір асты ғаламдағы.
— Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдар мен   ырымдары мен бізді Мұхамедалидің әжесі  таныстырып өтеді

«Қазақы дастархан» әні.Орындайтын Серік Гүлден

2жүргізуші: 22 наурыз күн мен түн теңелетін күн. Ендеше күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.

 

Күн: Сәулесі мол күнмі

Түн : Жұлдызы мол түнмін.

Екеуі: Бірдей болып бізде

Теңелеміз бүгін

 

Түн: Ал ертен күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап

 

1жүргізуші:Жүргізуші:Жазкелер, қысты гүні қысым кетіп,
Қар, суық, аяз, боран – бәрі кетіп.
Қасықтайқар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.

«Бақытты балалық»әні

2жүргізуші: Нәзік күнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп,
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.

«Арулар шеруі»

 

1жүргізуші:“Ұлыстың ұлы күнінде”

“Оң болсын, — деп , — ұлысың!”

Төс түйісіп көрісер

Көжедегі ырысың

Көпшілікпен бөлісер.

 

2жүргізуші:    Төс түйісу дегені –

Тату болсын ел іші.

Бөліп ішу көжені –

Тоқшылықтың белгісі.

 

Сұрақ-жауап слаидпен

 

1жүргізуші:        Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

 

2жүргізуші:                  “Наурыз көже”

Ашық болсын қос қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

1жүргізуші:Наурыздың өзіне тән салт-дәстүрлері, рәсімдері болған.

Қыздар, келіндер қыс бойы іс тігеді, оны әжелерге көрсетеді, әжелер наурыз көже береді.

Балалар, қыздар жаңа киімдеріне байғазы, көрімдік сұрайды, үлкендер байғазы береді.

Өкпелеп жүрген, бір-біріне реніші бар ағайын-туғанды бұл күні басқа жұрт татуластырады.

Жас таланттың көзін ашу. Бұрын көрінбей жүрген өнерлі бала осы наурызда өз өнерін халыққа көрсетеді.

 

«Наурыз біздің жаңа жыл»  ХОР

 

«Қаражорға»

2жүргізуші:        Сән қосылсын сәңіне!

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман –есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

 

1жүргізуші:Осымен 1-ші сыныптарының «Қош келдің, Наурыз!» атты сынып сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз құтты болсын!