Жан дауасы – табиғат

 

Жан дауасы – табиғат

 

«Таза болса – табиғат, аман болар – адамзат» дегендей, табиғатпен адам арасындағы байланыс өте маңызды құбылыс . Адам табиғаттың  бір бөлшегі. Шаршап- шалдыққан, жүйкесі ауырып, әлсіреген кезде таза ауада, табиғат аясында демалғанға не жетсін . Әсіресе отбасымен, бала- шағамен  табиғатқа шығып, суға түсіп серуендеудің  адам денсаулығына пайдасы зор.

Қазақстанның табиғаты өте ғажап, тамаша!

Жалаңаш тауына шығып көрсеңіз, қандай керемет,әсем! Биік – биік қарағайлар мен шыршаларға көз тоймайды. Таудың баурайы толған қойбүлдірген. Ал етегіндегі ағып жатқан Жалаңаштың мұздай суы бал татиды, әрі шөліңді қандырады.

Бала – шаға шуылдап, жайқалған бүлдіргендерді теріп жеп, бір серігіп қалады екен.

Нағыз демалыс деген табиғат аясы ғой. Мөлдір бұлақтың басында, қарағай мен шыршалардың арасында , таудың етегінде дәмді дастархан жайып демалып жатқанға не жетсін. Жазғы демалыста табиғат бесігіне бөленіп, саяхат жасаған денсаулықтың басты кепілі. Сондықтан да, табиғатымызды таза ұстап, денімізге саулық тілейік.