Мұғалім

Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.

Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды.

Біздің елде арнаулы «Мұғалімдер күні» белгіленген. Мұғалімдер ордендермен, медальдармен марапатталады.

Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдені өміріндегі белсенді роліне кезінде зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепкае жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді»,- деген болатын.

Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы, білімді болса,  білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.  Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы  — деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай,  сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.

Алғашқы мұғалімнің, ұстаздың орны ерекше. Себебі мектеп табалдырығында қанша жыл оқисың, сол кездерде ұстаздар пәні бойынша, оқушылардың жас ерекшелектеріне байланысты өзгеріп отырады. Осы ұстаздардың ішінде сені ең алғаш мектепке келгенде сені жылы шырай, ақ көңілмен қарсы алып, әріптерді үйретіп, жаңа өмірген қадам бастыратын алғашқы ұстазын меңгі есіңде қалады.

Менің алғашқы ұстазым Светлана апай. Мен оны ешқашан ұмытпаймын!!! Ол бізге ұрыспай, айғайламай, тек жылы шырай танытып, білмеген жерімізді үйретіп, әр уақытта бізді қолдап, ақыл үйретіп жүрді. Мен оны барлық уақытта жадымда сақтап, ол кісіге бас иіп өтемін!!!

Исмаков Ниязбек