Менің алғашқы ұстазым

Менің алғашқы ұстазым

Мен Қойлыбаев Байсейіт № 3Смирнов орта мектебінде оқимын. Оқуды өте жақсы меңгердім деп ойлаймын. Менің осындай жақсы білім алуыма себепті болған алғашқы мұғалімім Светлана Сейтжанқызының еңбегі зор деп ойлаймын.Мен алғаш мектеп табалдырығын аттағанда, қолымнан жетелеп, «кел, Байсейіт» деп айтқан сөздері төрт жыл уақыт өтсе де көз алдымнан кетпейді. «Ә» деген әріпті танымайтын, алты жасар бала үшін бұл естен кетпес қуаныш еді. Светлана-апай жалғыз маған емес басқа балаларға да өте мейірімді. Мен ұстазыма мына өлең жолдарын арнағым келеді:

Ұстазым менің, ұстазым

Өзіңмен өткен қыс-жазым

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып

Ұстазым, менің ұстазым

Мен аяулы үстазымды алда келе жатқан ұстаздар күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ашық аспан тілеймін.

Қойлыбаев Байсейіт – 4 сынып оқушысы