Ізденген ұстаздан — шығармашыл шәкірт (эссе)

58

Ізденген ұстаздан — шығармашыл шәкірт

(эссе)

            Мұғалім мен баланың

қарым-қатынасы қуанышты

әрі пайдалы болсын

А.Қыраубаева

«Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әр алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз»-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өткендей, қазіргі таңда ұрпаққа сапалы білім беру ісіне ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта білімді ұрпақ, сапалы әрі саналы шәкірт дайындау ұстаздарға артылған үлкен міндет. Сол міндетті орындау үшін әрбір мұғалім, әрбір әдіскерлер және білім саласында жүрген азаматтар жан-жақты ізденіс үстінде. Білім беруде қайтсем ұтымды, тиімді, сапалы білім берем деген ұстаздар қауыміы үздіксіз еңбек етіп, тәжірибе алмасу үстінде. Техниканың озық дамыған заманында алдымыздағы балаларды мектепке, сыныпқа, әр сабаққа қызықтыру мұғалімнің шеберлігінде болып отыр. «Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге болады»- деп А. Қыраубаева айтқандай ұстаздық ете отырып, тынымсыз еңбек, таусылмас төзім мен шынайы сезім арқылы шығармашыл шәкірт тәрбиелейміз. Алдымызда отырған мемлекеттің болашағын құрайтын жас ұрпақ — шығармашылығы басым, өз ойын еркін жеткізетін, жан-жақты, қабілеті жоғары болуы тиіс. Сонда ғана еліміздің болашағы жарқын, жолы ашық болмақ…

Өз ойымды жинақтай келе Я.Коменскийдің «Сен еш жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің ештеңе қоспаған әр күнді немесе әр сағатты бақытсыз сана» деген сөзімен аяқтағым келеді.