Экономика біздің өмірімізде

193

Экономика біздің өмірімізде

Сабақтың  мақсаты:

білімділік:Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, білімге деген құштарлығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту. Өткен тақырыптар бойынша алған    білімдерін тереңдету, толықтыру, қорытындылау. тәрбиелік:Оқушыларға рухани, интеллектуалдық жағынан тәрбие беріп,болашаққа деген көзқарасын арттыру.

 дамытушылық: Оқушылардың танымын арттыра   отырып  белсенділікке, табандылыққа  баулу.

Сабақтың түрі: Практикалық  сабақ

Сабақтың типі:  Білімді бекіту (Қайталау сабағы)

Сабақтың оқыту әдістері: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»       технологиясының стратегиялары;талдау жүргізу, ой қозғау, сұрақ-жауап, ауызша баяндау.

Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдығы:  Интерактивті тақта, «Фуд-Мастер», «Рахат» кондитерлік  фабрикасының, «Аквалайн» компанияларының өнімдері, эвро ақша бірліктері , қоржын, күміс қобдиша

Пәнаралық байланыс:  Саясаттану, әлеуметтену, қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, информатика, астрономия.

Сабақтың барысы:    

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,дәрісхана тазалығына назар аудару.

ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару,  экономикалық білімге деген қызығушылығын арттыру.Топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы құралады.

І-топ. «Болашақ»

ІІ-топ «Эврика»

                                 Сайыс жоспары.

  1. «Өнер-білім бар жұрттар» (Мақал-мәтелдер жарысы).
  2. «Білім аукционы» (әр топқа оқу пәндері бойынша  5 сұрақ қойылады

дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинақтайды.)

  1. «Эрудиттер сайысы» (оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек,

сұраққа тез және дәл жауап берген топ жеңіске жетеді).

  1. «Ұлы экономистерді танисыз ба?» (әр топ тұлғаны дұрыс табуы керек)
  2. «Отандық брендті бірге жасайық» (Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнамалар әдемі де қызықты қимылдармен, өлеңдермен, әндермен шығуы керек).
  3. «Конверттен шыққан басқатырғылар» (Әр топқа конверттер таратылады, іштерінде әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары бар. Оны оқушылар дұрыс тауып, ретімен қоюы керек).

Сабақта жасалынатын әрекеттер:

  • топқа бөлу,
  • жеке жұмыс, ой-пікірін тыңдау (ой-шақыру)
  • слайдтар мен фото суреттермен жұмыс,
  • пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ беріледі,топ лидері мен топ мүшелері жауап береді)
  • шығармашылық жұмыстармен таныстыру,
  • эксперттер тобының жұмысы (бағалау),
  • мұғалімнің қорытынды сөзі.

   Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Осы құбылыстарды жан-жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше.  ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытты. Бұл әрине өзін-өзі ақтады. Осы ретте ағылшынның «темір ханымы» атанған М.Тэтчердің «Мен тиісті жағдайы әрі тәжірибесі жоқ қандай да бір елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын, ешбір проблемаға ұрынбай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсіргеніміз орынды. Себебі бұл сатыдан еліміз толықтай және абыройлы өтіп, мемлекетіміз нарықтық экономикаға жол ашты. Сондықтан, бүгінгі сабағымыз экономика біздің өмірімізде деп аталады.

  І. Жарыс сабағымызды жүргізу үшін 2 топқа жетекшілер сайлап алайық.  Топтарға сәттілік тілейміз.

Таза мінсіз, асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз, асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады,-деп Асан Қайғы бабамыздың баталы сөзімен алғашқы турды бастаймыз.

І. Сайысымыздың алғашқы бөлімінде мақал-мәтелдердің жалғасын табасыздар. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

  1. Жеті рет өлшеп, ……… (бір рет кес).
  2. Есептей білгеннің ……. (есесі кетпейді).
  3. Судың да ……………….(сұрауы бар).
  4. Теңге …………….(тиыннан құралады).
  5. Көрпеңе қарай ……… (көсіл).
  6. Ақыл азбайды ……..(білім тозбайды).
  7. Ақшаны табудан ……. (шашу оңай).
  8. Ақшаны ….. (ақша жасайды).
  9. Ақша кетуге тырысады,

Есеп …… (ұстауға тырысады).

  1. Наданмен дос болғанша, …….. (адаммен дос бол).

ІІ. Келесі кезеңіміз  «Білім аукционы» деп аталады, яғни әр топқа оқу пәндері бойынша  5 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинақтайды. Аукционда сауда «эврика» сөзінен алынған «эвро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әр топтың қорында 50 эвродан бар. Бұл бастапқы капитал. Өз капиталын көбейту олардың өз қолында. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы 10 эвро. Топ капитаны бағаны 10 эвродан жоғарылата алады. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса, баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып, қателессе, онда банкрот болып, өкінішке орай ол топ аукционға қатыса алмайды.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы-білім» деп шығыс ғұламасы әл-Бируни айтқандай білім байлығы саудаға түсер аукционды бастаймыз. Аукционға қойылатын № 1 лот күміс қобдиша. Қобдишада не жасырылғанын табуларыңыз керек. Сауда жүргізіледі. …. тобы бір, … тобы екі, … тобы үш. Сатылды.  Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына 10 эвро қосады.

Сұрақ.Жануарға ұқсас  атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар. (тышқан, компьютердің енгізу құрылғысы).

Аукционға қойылатын № 2 лот. «Ұлы тұлғалар галереясы». Сауда жүргізіледі.

Грек ғалымы. Ол вавилондық ғалым. Платонмен таныс болған. Платон бірде былай деп әңгімелейді: «Бұл ғалым аспанға қарап, жұлдыздарды зерттеп тұрғанда қасындағы құдыққа түсіп кетеді, бұны байқап тұрған бір әйел күліп   «Аспанда не болып жатқанын зерттегенше, аяғының астына қарамай ма?»-депті. Осындай күлкілі ғалым жыл ұзақтығын анықтаған, күннің тұтылуын алдын-ала болжап білген, геометрияда бір теореманың атымен аталады. Бұл кім? (Фалес).

Аукционға қойылатын № 3 лот.Әлем тарихы.

Сұрақ.  Әлемде адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, олардың сырт-келбеті, түр-түсі, шашы, көзінің түстері, бас сүйегі мен бет пішіні , нәсілдері бір-бірінен өзгеше болып жаратылды. Оның себебі неде?

( табиғат ерекшеліктеріне байланысты).

№4 лот. Аукционға экономика негіздері қойылады.

Сұрақ. Елдің ақша бірлігі немесе шет мемлекеттердің ақша белгісі қалай аталады? (валюта).

Жоғарғы капитал жинаған топ ……

                

ІІІ -кезең. «Эрудиттер сайысы»

    Көңілін халқыңның таптың бүгін

Елес қой мынау бізге жат күн бүгін.

Бір бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.

Байқайық оқушылардың тапқырлығын. Келесі кезекте «Эрудиттер сайысы» айналымы. Бұл айналымда оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап берген топ жеңіске жетеді. Сұрақтар экономикалық сөздік түрінде және басқа пәндерден беріледі.Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай. Сұрақтың жауабын білмесеңіз келесі деп келесі сұраққа өте бересіз.

«Болашақ» тобының сұрақтары

  1. Аукцион-бәсеке сауда
  2. «Алгоритм» сөзі қай ғалымның атынан шыққан-әл-Хорезми.
  3. Инфляцияқағаз ақшаның құнсыздануы.
  4. Аренда-жалға беру.
  5. Приватизация-жекешелендіру.
  6. Бартер-зат пен затты ақшасыз айырбастау.
  7. Тұмсығы ұзын жануар-піл.
  8. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын кім ашты-Ньютон.
  9. Саудагер дегеніміз кім-сауда-саттықпен айналысатын адам.

 «Эврика» тобының сұрақтары

  1. Перестройка-қайта құру
  2. Вексель-құнды қағаз
  3. Лимит-кез-келген нәрсенің шегі, мөлшері
  4. Тарихтың атасы кім-Геродот
  5. Презентация-тұсаукесер
  6. Шөлге төзімді жануар-түйе
  7. Контракт-келісім-шарт
  8. Эмиссия- ақшалар мен бағалы қағаздарды айналымға шығару.
  9. Дотация-мемлекет тарапынан берілетін жәрдем

ІV-кезең «Ұлы экономистерді танисыз ба?» (әрбір дұрыс жауап 10 ұпай)

    «Болашақ» тобының сұрағы.

Оның зерттеулерінде экономика бірнеше салаларға: ауыл шаруашылығы, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырылған. «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері бар. (Ксенофонт 427-355 жж).

    «Эврика» тобының сұрағы.                      

Классикалық саяси экономиканы аяқтаушы ретінде экономика ілімі тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның зерттеу методологиясында басты орынды базис және қондырма туралы концепция алады. Ол мұны 1859 ж «Саяси экономикаға сын» деген еңбегінде жазды. «Капиталдың» авторы кім?  (К.Маркс).

V-кезең «Отандық брендті бірге жасайық»  (жарнама жасау шеберлігі)

Шарты: Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнамалар әдемі де қызықты қимылдармен, өлеңдермен, әндермен шығуы керек.

   І. «Фуд-Мастер» компаниясының жарнамасы.

   ІІ. «Рахат» кондитерлік фабрикасының жарнамасы.

VІ-кезең  «Конверттен шыққан басқатырғыштар».

Біле бер, қанша білсең-тағы тіле,

Жетесің мақсатыңа біле-біле,- деп Жүсіп Баласағұн жырлағандай келесі сайысымыз «Конверттен шыққан басқатырғыштар» деп аталады. Шарты:

Әр топқа конверттер таратылады, іштерінде әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары бар. Оны оқушылар дұрыс тауып, ретімен қоюы керек.

  «Болашақ» тобына. 

  1. Жапония-Токио-Иена.
  2. Италия-Рим-Евро
  3. Бразилия-Бразилиа-Реал.
  4. Грузия-Тбилиси-Лари

  «Эврика» тобына.

  1. Түркия-Анкара-Лира
  2. Германия-Берлин-Евро
  3. Чад-Нджамене-Батысафрика франкі
  4. Армения-Ереван-Драм

Эксперттер тобының жұмысы:(сараптау және бағалау)

Мұғалімнің   қорытынды сөзі.

Күн сайын сіздің есепшотыңызға 86 400 доллар салып, кешке қарай сіздің пайдаланып үлгірмеген ақшаңыздың қалдығын қайтарып алып отыратын банк бар деп ойлаңыз. Сіз қайтер едіңіз. Әрине күн батқанша есебіңіздегі бар ақшаны алып, тыным таппас едіңіз. Біздің әрбірімізде сондай банк бар. Ертең ертемен ол банк сіздің есебіңізге 86 400 секунд салады. Әрбір кеште ол банк пайдалы іске жаратпаған уақытты  сіздің есебіңізден алып жоққа шығарып отырады. Бұл банк есептегі ақшаны жинақтауға , сақтап отыруға мүмкіндік бермейді. Ештеңені қайтаруға, өзгертуге болмайды.Уақыт-жалғыз ғана орны толмас асыл қазына, біз үшін уақыттай тегін берілетін, бірақ уақыттай қымбат тұратын ештеңе жоқ. Уақыт ешкімді күтпейді. Кеше-тарих қойнауына еніп кетті, ертеңгі күн-жұмбақ, дәл бүгінгі күн-уысымыздағы сыйлық. Олай болса, достар, бүгін әрбір кәсіпорын қорындағы қаржы  86 400 теңгеге ұтымды пайдалана білдік деп ойлаймын.

Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдағы уақытта дамытатын сіздер мен біздер. Ендеше  М.Әуезов атамыз: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болу керектігін осы бастан ой-зерделеріңде сақтаңдар.

Үйге тапсырма:

1.«Егер мен кәсіпкер болсам» эссе жазу.

  1. Щеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория» А., 2004