натюрморт жанры ашық сабақ

202

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:    Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы

түсінік бере  отырып, білімін тереңдету, сурет салу

заңдылықтарын үйрету.

Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен  қабылдау және

ойлау қабілеттерімен шеберліктерін   дамыту.

Тәрбиелік:    Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету, үйрету.

 

Сабақтың типі: қайталау

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

 

Сабақтың көрнекілігі: слайд,  суретшілер шығармалары.

 

Сабаққа қажетті құрал- жабдықтар: интерактивті тақта, электрондық маркер, бейнелеу өнері сабағына қажетті құралдар.

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, еңбек.

 

                                                      Сабақтың жоспары

     І. Ұйымдастыру кезеңі — 2-3 мин;

  1. Оқу құралдарын түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру;
  2. Жоқ оқушыларды белгілеу;
  3. Оқушы назарын сабаққа аудару;
  4. Психологиялық дайындық;

 

     ІІ. Үй тапсырмасын сұрау – 8-10 мин;

  1. Жаттығу тексеру;
  2. Миға шабуыл;
  3. Өткен сабақты бекіту;

 

    ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру- 15-17 мин;

  1. Кіріспе
  2. Жаңа сабақты түсіндіру;
  3. Дәптермен жұмыс;

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту- 10 мин;

  1. Сұрақ- жауап;
  2. Қорытынды

 

Ү.Бағалау- 2-3 мин;

 

      ҮІ.Үйге тапсырма-2-3 мин;

 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

  1. Оқу құралдарын түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру;
  2. Жоқ оқушыларды белгілеу;
  3. Оқушы назарын сабаққа аудару;
  4. Психологиялық дайындық;

Жарық болса күніміз,

                                    Жарқын шығар үніміз.

                                    Елін сүйіп ер жетер,

                                    Жамандықтан қашатын.

                                    Жақсы іске басатын,

                                    Біз болашақ гүліміз.

 

  1. Үй тапсырмасын сұрау
  • Қазақ халқының қолөнерінің түрлерін ата.
  • Қазақ халқы қолөнерінің бірнеше түрлері бар.
  • Жүннен жасалатын заттар- кілем, алаша,сырмақ, киіз, текемет, бау- басқұр т.б.
  • Зергерлік өнер- білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы т.б.
  • Сүйек, мүйізден әшекейленіп жасалатын бұйымдар: кебеже, асадал, ожау, адалбақан т.б.
  • Ағаш шеберлері жасаған бұйымдар: домбыра, қобыз, киіз үй сүйектері т.б.

Сонымен қатар қайыс өру, былғары өңдеу, ер жасау, тас өңдеу, темір өңдеу, ши тоқу т.б. айтуға болады.

  • Қолөнер түрлерімен айналысатын адамдарды неше топқа бөлеміз.

Қолөнер мен айналысатын адамдарды төрт  топқа бөледі

 

 

Ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.  /киіз үй сүйегі, астау, ожау, келі- келсап т.б./
Алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, сақина, алқа, білезік жасайтын адам.
Қару- жарақ, ер-тұман, сауыт- сайман т.б. жасаумен шұғылданатын адам.

 

Қолөнер
Ұлттық киімдер тігумен айналысатын адам /текемет, алаша, түскиіз жасаушылар/
Шебер
Ісмер
Зергер
Ұста

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе:

Өнердің ең құнды түрінің бірі-бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемдік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әдемілікті, әсемдікті, сұлулықты  көресіңдер.

-Бейнелеу өнері дегеніміз не?

-Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.

-Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.

-Кескіндеме

-Графика

-Мүсін

-Сәндік қолданбалы өнер

-Сәулет өнері

 

«Өнер» сөзжұмбағы

  1. Мүсін өнері
  2. Кескіндеме
  3. Графика (суреттерін көрсету)

 

Ө
м ү с і Н
к Е с к і н д е м е
г Р а ф и к а

 

Жаңа сабақты түсіндіру

Кескіндеме  өнерінің натюрморт жанры .

Кескіндеме өнері орындалуына қарай натюрморт, пейзаж, портрет, анималистік т.б. жанрларға бөлінеді. Олай болса бүгін біз натюрморт жанрына тоқталамыз.

Натюрморт (француз сөзі)- «өлі табиғат» деген мағынаны білдіреді. Яғни, натюрморт  қозғалмайтын жансыз зат бейнеленген көркем шығарма болып табылады.

Натюрморт қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді.

Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.

Ал күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.

Натюрморт жеке жанр болып қалыптасқан жоқ, яғни суретшілер тек жансыз денелерден ғана тұратын картиналарды бірден жаза бастамаған.

Суретшілер құдайлар мен ауқатты адамдардың думандарын храмдар мен сарайлардың қабырғаларына бейнелеген кезде тұрмыстық бұйымдардан да жаза бастаған.  Бірақ олар әлі «натюрморт» деп аталмаған және мозайкалар мен фрескалардағы бейнелердің негізгі бөлігіне айналмаған (фреска қабырғалардың кеппеген сылағына ойып орындалатын суреттер).

Натюрморт алғаш рет ХҮІІ ғасыр басында голандияда пайда болған.

Голландиядағы суретшілердің натюрморттары ерекше мазмұнға ие болды. Алғашында оларда да адамдармен бірге бейнеленетін, бірақ суретшінің де көрерменнің де назары негізінен адамдарға емес, жансыз заттарға ауысты. Голландылықтардың картиналарында жансыз табиғат денелері «қаптай» бастады. Суретші қарабайыр жұмыстың ең қарапайым көрінісін бейнелегенмен қаншалықты сұлулық, қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық,таба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады.

Натюрморт көрерменді заттар дүниесінің  сұлулығын танып білуге жетелейді.

Слайд.

1.Қазақ  халық суретшісі, Ұлттық нақыштарға бай айқышты натюрморттар авторы А.Ғалымбаеваның «Ұлттық дастарқан» натюрморты

  1. Голландиялық суретші Винсент Ван Гог «Күнбағыстар» натюрморты.

Бейнелеу өнерінің жанрлары туралы орыс халқының ақыны, аудармашы А.Кушнердің өлең шумағын айта отырып, өлең мазмұнына қарай натюрморт құрастырамыз.

 

Картинадан көрсең сен

Әжеңнің ожау- тостағын,

Атаңның қара торсығын,

Немесе алмұрт, алманы,

Қасында тұрған- шабдалы,

Жүзімді де табарсың.

Қызығып жақын барарсың-

Салынған мұндай суретті,

Натюрморт деп қарарсың

 

Сергіту сәті.

Мынау сары қарындаш

Онымен күнді бояймын

Мынау қызыл қарындаш

Онымен гүлді бояймын

Мынау жасыл қарындаш

Онымен жерді бояймын

 

Қолға қаламды аламын

Мен суретші баламын

Түрлі-түрлі бейнені

Әдемілеп саламын

 

Дәптермен  жұмыс:

Натюрморт салу.

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың орындаған  жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Бағалау:  Жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: «Менің оқу құралдарым»  натюрморт құрастыру.