Лепті сөйлем

137

Тақырыбы : Лепті сөйлем

Мақсаты : Оқушыларға лепті сөйлем туралы түсінік беру . Өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау . Білімдікке , тапқырлыққа тәрбиелеу .

Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуін  , логикалық ойлауын дамыту .

Түрі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация

 

Барысы : 1) Ұйымдастыру кезеңі

Қазір бізде қай сабақ .  Қазақ тілі

2)   Психологиялық дайындық

Осы біздер қандаймыз ?

Талабы биік таудаймыз

Ақылдымыз , парасаттымыз , көңілдіміз

Үлкенге ізеттіміз

Кішіге қамқормыз

Көп оқимыз

Өнерліміз

Жанып тұрған шырақпыз !

Елімізді өркендететін ,

Бабаларға тағзым ететін

Біз қазақ елінің болашағымыз

 

Бүгін бізге қонақтар келіп отыр . Бүгін бізде ерекше сабақ , қонақтарға өз білімдеріңді ортаға салайық .

 

Астана қаласына саяхатқа шығамыз . Ол үшін берілген тапсырманы толығымен орындауымыз керек . ( Астана суреті Автобус )

 

Автобусқа міну үшін

          3 . Үй тапсырмасын тексерейік .

          4 . Астанаға бару үшін жолдың ақысын төлеу керек яғни билет алып , Астана қаласына түсу үшін өткен сабақты еске түсірейік .

 

— Мәтін дегеніміз не ?

— Сөйлем дегеніміз не ?

— Сөйлемнің неше түрі бар ?

— Олар қалай аталады ?

— Хабарлы сөйлем дегеніміз не ?

— Сұраулы сөйлем дегеніміз не ?

1

Астана вокзалы . Маршрут схемасын алдық .

Фонетика жыр жолдарында

 

            Қ

Қарағым , халқыңды сүй , қор болмайсың

Қасиеттің  не екенін ойлағайсың

Қарапайым қамқоршың , ел — жұртындай

Құдіреттің иесін таба алмайсың

 

       5 . Дәптермен жұмыс .

          Дәптерімізді ашып күн , айды жазамыз .

Көркем жазу .

Қ  қ

Қазақстан  қонақ .

 

        6 . Жаңа сабақ .

Тәуелсізідік монументы

Лепті сөйлем

Адамнаң көңіл күйін , сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады.      Лепті сөйлемнен соң леп белгісі ( ! ) қойылады .

     

 7 . Оқулықпен жұмыс

       « Қазақстан » спорт кешені

1 жаттығу . Сурет бойынша әңгіме құрастыр ( Сурет  құрастыру керек )

Балалар  алаңға келді . Топ — топ болып футбол ойнады . Футболшы гол соқты . Жанкүйерлер қатты қуанды .  Жарайсыңдар !

— Құрастырған мәтінде сөйлемнің қандай түрлері бар ?

Спорттың пайдасын айт . ( Азиада суреті )

« Спортшылар біздің еліміздің даңқын шығарады  » деген ойды аяқта .

Біздің мектепте Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты көптеген іс — шаралар өтуде . Волейбол , баскетбол жарыстары  өтті . Белгілі спортшыларымыз бар .

Сергіту сәті.

8 .

Оқулығымыздың 100 бетін ашып , оқулықтағы 2 жаттығуға назар аударайық .

Өлеңді түсініп оқы .

Білім терең теңіз бе ,

Білім , еңбек егіз бе ?

— Рухани азығым —

Осы екеуі де , —

Дейді атам ,

Білімді еңбекпенен ізде сен !

 

2

Өлеңнен сұраулы сөйлемді тауып оқы . Өлеңнен леп белгісі бар сөйлемді тап . Осы

сөйлемді қандай дауыспен оқыдың ?

 

   9 . Шығармашылық жұмыс .

               «Хан  шатыры»   

Деңгейлік тапсырма .

 

.

 

!

 

?

        10 . Дәптермен  жұмыс.

                 «Бәйтерек»

3 жаттығу

Дәптеріңе көшіріп жаз .

Туған өлкем . ( орнында )

— Слайд « Ауылым — алтын бесігім »   ( Бестөбе көрсету )

— Дыбыстың талдау жолы . ( тақтада 2 оқушы )

туған     алқабы .

 

Туған — 2 буынды  5 әріп  5 дыбыс

т — дауыссыз , қатаң

у — дауысты

ғ — дауыссыз , ұяң

а — дауысты , жуан

н —  дауыссыз , үнді

 

алқабы — 3 буын  6 әріп  6 дыбыс

а — дауысты , жуан

л — дауыссыз , үнді

қ — дауыссыз , қатаң

а — дауысты , жуан

б — дауыссыз , ұяң

ы — дауысты , жуан

 

 

11 . Тақтамен  жұмыс . « Думан »

 

5 жаттығу :  Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жаз . Менің Отаным — күн шұғылалы Қазақстан . Отанымыздың даңқы арта берсін !

Дұрыс орындадың саяхатымызды жалғастырайық .

 

3

 

 

 

12 . Семантикалық картамен жұмыс

Сөйлемдер Лепті Сұраулы Хабарлы
Самал қайда бара-                                              +

сың ?

 

Өркенің өссін , қа-

рағым !                        +

 

Қыс келді                                                                                                +

 

Ауа райы қандай та-   +

маша !

 

 

Сабақты қорытындылау                              

Сонымен балалар қандай тақырыппен таныстық ?

Лепті сөйлем дегеніміз не ?

 

 Үйге тапсырма

 

   Бағалау

 

   Рефлексия

Балалар сабақтан алған әсерлерінің қандай ? Сабақ несімен ұнады ? Сабақ сендерге ұнаса , Астана қаласының жалпы көрінісін тамашалап сабақты аяқтаймыз .