«Стиль, сән, киім оның тарихы мен маңызы».

615

 

Тақырыбы: «Стиль, сән, киім оның тарихы мен маңызы».

Дидактикалық міндеттер:

Білім берушілік: киімнің даму тарихымен таныстыру, стильдерді айыра білу. Сән, стиль туралы оқушылардың түсініктерін молайту.

Тәрбиешілік: Киіну мәдениетімен таныстыру. Эстетикалық тәрбие беру. Әсемдікке, сүлулыққа баулу.

 Дамытушылық: Оқушылардың тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылығын арттыру.

Сабақтың барысы:

  • Үйымдастыру кезеңі.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Оқушыларға «Сән» «Киім» «Стиль» түсініктерін білдірту. Киім мәдениеті туралы ой қалыптастыра отырып, өз мүмкіндіктерін қолдана білу.
  • Күтілетін нәтиже: Өз ойларын ортаға салу. «Киім» туралы ойларын кеңейту. Сарамандық жұмыс орындау. Еркін сөйлеп ойын жеткізе алу. Талғамдары бойынша киім эскиздерін жасау.

Сабақтың корнекілігі: костюм түрлеріне, тарихына байланысты слайдтар.

Жаңа білімді қабылдауға даярлық жұмысы:

Сұрақтар:  Киімнің басты міндеті?

«Сән» туралы оқушылардың ойлары.

«Стиль » туралы түсініктерін ортаға салу. Стильге әсеретін факторлар.

Жаңа білімді хабарлау: Мағынаны тану

Сән (латынша – Modus) – өлшем, тәсіл іс- қимыл бейнесі. Сән белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән әлеуметтік құбылыс. Киім бірінші қажетті оны өндірумен өнеркәсіптің әртүрлі салалары айналысады. Ал сатумен жүйелері шұғылданады.

2

Сән – экономикалық құбылыс. Адам қоғамның дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп               1отырады.Қазіргі сәнді демократияшыл десек те болады. Ол таңдау идеясы мен еркіндігімен, яғни әр түрлі стильдермен, пішіндерімен, үлгілерімен, алуан түрлі  реңділігімен ерекшеленеді.

Стиль (stu is латын сөзі) – мәнер, сипат ерекшелік. Сол дәуірдің мәдениетін сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсететін тұрақты анық ерекшелеген  дәуір тілі.

Киім тарихына байланысты слайдтар көрсету.

  1. Алғашқы адамдардың киімі.
  2. Ежелгі Грек «антикалық» стиль. Сол кездегі сәулет өнерінің ғимаратының ерекшелігі. Киімнің түрлері.

Грек классикасы өнері деп аталады. Бұрынғы өткен замандардағы Мысыр, Эгей және архаика кезендеріндегі жасалған өнер түындыларынан уйрене отырып, жаңа турпаттағы талғамы жоғары өнерді тудыру осы кезеннің сүретші – сәулетшілерінің уйлесіне тиді. Кейінгі дәуірлерде Грек өнерінің қарыштап дамуына, онымен қоймай басқа да Еуропа елдеріне ықпалың жүргізіп, олардың да өнерінің дәуірлеуіне күшті әсер еткен осы кезендегі туындаған өнер болды. Алғаш гректін өнердің үлгісі болып саналғандықтан, классикалық өнер аталуы да осыдан.Антикалық стильдегі негізгі киім-хитон деп аталады. (слайд 2)

  1. Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, өзіндік ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол — «роман» стилі болатын. «Роман стилі» деген термин («роман тілдері» деген терминге ұқсас енгізілген, Рим мәдениетінен мирасқорлық деген мағына береді). Азғантай уақыт шеңберінде өшпес даңққа ие болған бұл өнер стилі XI—XIII ғасырда, әсіресе сәулет өнері мен мүсін өнері саласында үстемдік етті және ірі соборлар құрылысында, оларды әшекейлеуде кеңінен қолданылды. Роман стиліндегі діни құрылыстар Рим сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл құрылыстар өзінің көрнектілігімен, үлкендігімен, әсерлігімен және рациональдылығымен ерекшеленді. Лев Любимовтың пікірінше, «Роман стилінде ою өрнек пен бейнелеу негіздері өзара сәйкес келді, табылған синтездің мәні — образдың мәнерлілік пен әшекейлі геометриялықтың, қарапайым мен өте шарттылықтың, ою-өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліктің үйлесуінде еді». Киімдері де қатан, ауыр, қапшықтәріздес болып келеді.

 

  1. Готикалық дәуірде сәулетшілік өнер бұрын болып көрмеген дәрежеге көтеріліп, шоқтығы биік өнер саласына айналды, өйткені өзге өнерлердің бәрі де сәулетшілікке табынып, оның талаптарына мұлтіксіз бағынды. Осы бір тарихи кезеңде туған әрбір ақын сәулетшіге айналды. Готикалық стиль бұл тұста негізінен шіркеу мүддесіне сай дамыды. Ортағасырлық шіркеулер тасты күмбездерден тұрды, мұндай ауыр да, қомақты күмбездердің орнықты болуы үшін, шіркеу қабырғалары өте қалың етіп салынды, ал тасты күмбездерді тұрғызудың өзі де

3

  1. оңайлыққа түспеді, өйткені бұл кезеңде көптеген құрылыс дағдылары ұмыт болған еді.Готикалық стильдегі киім ерекшеліктері: костюм өткен ғасырлардағы киімдерге қарағанда, нәзік, жақсы пішілгенболып келеді. Әйел киімі: конус тәрізді бас киім, үшбұрышты декольте, талия сызығы биік орналасып, жеңдері үзын тар болып келеді. Көйлектердің етектері сәл тартылып, қысқара бастайды және койлектің артында ұзын шлейф қосылады. Ерлердің киімі де өзгереді: фетр бас киім, жеңдері биік көтеріліп,белді қысып тұратын бау және дене мен дене болып тұратын шалбар-шоссы пайда болады. Аяқ киімдері үшты болып келеді.
  2. Қайта Өркендеу Дәуірі, Ренессанс – Батыс Еуропа мәдениетінің даму кезеңі (14-16ғғ). Антиктік идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және орта ғасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда кейіннен Еуропаның басқа аймақтарынан таралды. Зайырлы мәденниеттің рөлі артты. Бұл дәуірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негізделеді. Сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманистердеп атайды. Оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне ой еркіндкгі мен сыни көз карасты енгізді. Ренессанс дүние танымы антропоорталық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы — адам, ал Құдай — барлық заттардың бастауы. Қоғам- адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы өзін таныту, өз куш, қабілетін сезіну ретінде корініс табады.Киімдері қарапайым, ынғайлы болып келеді.
  3. Барокко (италяндық barocco — әлеміш). — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль. Барокко Қайта өрлеу дәуірінен кейін пайда болып, Еуропа архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік стиль. Оның негізгі ерекшелігі — көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды.Осыған байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте көп безендірулері бар салтанатты және кең етіп тігілді.
  4. ХVIII ғасырда жаңа рококо (франц. «раковина» таңғажайып түрлі әшекей) стилі пайда болады. Рококо – сәнді, нәзік, кейбір сезімталдық, нақыштық, майысқақтық белгіні алып жүретін сәндік стиль. Бароко стиліндегі киімдермен салыстырғанда, рококо стилінің киімдері көп өзгеріске ұшырамады.тек сызықтары бұрынғысынан да көріктірек, мәндірек болды.
  5. Ампир, ретро, жаңа заман киімдері туралы слайдтар көрсету

Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне бағынышты.

Практикалық жұмыс тапсырмасы : 1-2 стильдегі үтымды жерлерін алып,  формалық және кешкі киім үлгісіне эскиз орындау.

Қорытыңды :

Ал қазіргі заманғы костюмдерді шартты түрде қарапайым геометриялық мүсіндерге жатқызуға болады.

 

4

 

«Түзу» силуэт өзінің ерекшілігі бойынша тіктөртбұрышқа немесе шаршыға жақындау. «Трапеция» силуэті үстіңгі жағы тар, төменгі жағы кең трапецияны елестетеді. «Үшбұрыш» силуэті төменгі жағы үшкірлеу келеді де, үстіңгі жағы кеңейіп кеоген үшбұрышқа жақын. «Сопақ» және «Жартышар» силуэттері геометриялық сопақ мүсінді елестетеді. Бұл силуэттерді екі геометриялық фигуралардың қосындысы деуге де болады: жартылай сопақ және төменгі бөлігі төртбұрыш.

Бұйымның ұзындығы мен енінің арақатынасы, бұйымның жалпы көлеміне қарай әрбір бөлшектің өлшемі келесі бөлщектің өлшеміне байланысты алынады. Мысалы: үсті қысқа, төменгі жағы ұзын; үстіңгі жағы ұзын, төменгі жағы қысқа; үсті мен төменгі жағы бірдей.

Костюмді композициялауда түс үлкен рөл атқарады. Түсті дұрыс қолдану киім моделін жасауда көп көмегін тигізеді.

Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл – спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.

Оқушылар түстер үйлесімділігін көз алдарына келтіріп, елестете алуы керек.

Әйелдердің жеңіл киімдерін жіктеу және сипаттау.

Әйелдердің жеңіл киімдері көйлектерден, белдемшелер мен блузкалардан, белдемшелер мен көкрекшелерден, бешпенттерден, блузкалар мен жеңсіз көйлектерден тұрады. Қазіргі заманғы киімдерді шалбарсыз елестету мүмкін емес. Бешпент, блузкамен немесе көкрекшемен үйлесе тігілген шалбарлар әйелдер гардеробының ажырамас бөлігі болып табылады.

Әйелдер киімін қолданылуына қарай; тұрмыстық, спортық, әр түрлі арнайы киімдер, сахналық киімдер болып бөлінеді.

Тұрмыстық киімдерді екі тәсілмен өндіреді. Тігін өнеркәсібі жүйесінде немесе – ателье, нақты тапсырыс берушінің талаптарын есепке ала отырып, жеке тігуге болады.

Жаңа материалды сұрақтар қою арқылы пысықтау.

Практикалық жұмыс тапсырмасы : 1-2 стильдегі үтымды жерлерін алып,  формалық және кешкі киім үлгісіне эскиз орындау.

Тарихи дәуірлерге байланысты костюмге сипаттама беру.

 Құрал – жабдықтар мен материалдар: қаламсап, дәптер, өшіргіш. Акварель т.б.

Жұмыс барысы:

Нұсқаулық картамен танысыңдар.

Кез келген бір дәуірдің костюмін таңдаңдар.

Костюмді жазбаша сипаттаңдар.

Сол дәуірде қандай түстер сәнді болғанын айтыңдар.

Шашты қалай сәндегенін атаңдар.

Костюмнің ерекшелігін атаңдар.

Ағымдағы нұсқаулық.

Жұмыс орнының ұйымдастыруылуын тексеру;

Жұмыс тәсілдерінің орындалуын тексеру;

Үлгірімі жақсы оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.

Пысықтауға арналған сұрақтар

5

«Сән», «костюм», «киім» ұғымдарына анықтама беріңдер.

Костюмнің стилі дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Классикалық стиль дегеніміз не?

Спорттық стиль дегеніміз не?

Романтикалық стиль дегеніміз не?

Қорытынды: Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне бағынышты.

Жұмыс қортындысын шығару. Баға қою.

Үй тапсырмасы: карнавал костюмын ойлап табу. Эскиздер орындау.