Театр костюмдерін дайындау өнері.

52

Күні:

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Театр костюмдерін дайындау өнері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:

Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып,  тиятр костюмдері жайында мәлімдеме беру. Жалпы костюмдердің ерекшелігі жайында білімдерін толықтыру.

Дамытушылық мақсаты:

Сауаттылыққа, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және топпен еркін жұмыс жасай білу қабілеттерін  жетілдіру.

Тәрбиелік мәні:

Отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық киімдері мен бірге мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрі, мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың өтілу түрі:

мултемедиялық сабақ, топтық жұмыс, сайыссабақ.

Өту әдісі:

Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, жаттықтыру.

Пәнаралық байланыс:

математика, көркем әдебиет, сауат ашу, музыка

Көрнекіліктері:

мултемедиялық тақтада  бейнеленген , қазақтың ұлттық киімдері (шапан, камзол, сәукеле, тұмақ т.б) және қазақтың ұлттық киімдеріне байланысты жазылған тиым сөздер, дидактикалык карточкалар. Тиятр киімдерінің суреттері. Олардың түрлері.

 

Сабақтың барысы:

1.Үй тапсырмасын тексеру

  1. Жаңа сабаққа бет бұру
  2. Жаңа сабақты түсіндіру
  3. Сергіту сәті
  4. Қуыршақтар театрына саяхат
  5. Логикалық ойындар
  6. Шығармашылық жұмыс
  7. Қорытынды
  8. Үйге тапсырма
  9. Білімді бағалау

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, түгендеу

-Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күлімсіреп шықты күн!

 

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

— Балалар, бүгінгі сабағымызда біз театр өнері және олардың киімдері жайында әңгімелейтін боламыз. Сабақтың мақсаты алған мағлұматтарымызды есімізге түсіре отырып, білімімізді бекіту, өз бетімен жұмыс істеуге үйрену және ой-өрісімізді, ұлттық бағыттағы білімімізді дамыту.

Үй тапсырмасын сұрау.

Интерактивті тақтадан өткен тақырып бойынша слайд арқылы қазақтың ұлттық киімдеріннің суреттерін  көрсету. (жай музыка қойылады)

Көп киімдердің жазылған аттарына байланысты қазақ халқының ұлттық киімдерді біріңғай топтастыру. Балаларға карточкалар беріледі.

  1. СӘУКЕЛЕ
  2. ШАПАН
  3. ҮКІЛІ ТАҚИЯ
  4. МӘСІ
  5. КӨЙЛЕК
  6. ТОН
  7. КИМЕШЕК
  8. КАМЗОЛ
  9. ТЫМАҚ
  10. БӨРІК

Сыныпты  үш топқа бөліну арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін көтеру.

—        Балалар, сабағымызды үш топқа бөлініп, сайыс ретінде жүргізейік.

А) тобы *қарындаштар*

Ә) тобы  *палитра*

Б) тобы *қылқаламдар*

Оқушыларды 1 кезеңнің тапсырмаларымен таныстырмас бұрын төмендегідей сұрақтар қойылады.

-Балалар сендер білесіңдер ме?

-Неше жыл мезгілі бар? Осы төрт  мезгілдеріне байланысты қай ақынның өлендері бар?

-Дұрыс! Ол Абай атамыз.

-Жарайсыңдар, балалар. Олай болса келксі кезеңді осы өлең жолдарына назар аударайық.

Жаздыкүн шілде болғанда,  

Көкорай шалғын, бәйшешек 

Ұзарып өсіп толғанда; 

Күркіреп жатқан өзенге 

Көшіп ауыл қонғанда:

Бұл өлеңнен қай мезгілді байқауға болады?

— Жаз!

— Дұрыс ! олай болса жаз бізге не дайындады екен соны көрейік.

. Интерактивті тақтадан тапсырманы көрсету.

-Жақсы, енді жаз мезгілінің математика сабағы бойынша  дайындаған тапсырмасын орындайық.

  1. Екі түстің қосындысын тап.

2.Салыстыру

Жаңа тақырып ашылады.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Театыр өнері жайында қысқаша мәлімет беру, театр киімдеріне тоқталу. Театр киімдерінің ерекшелігін айтып кеті.

Енді келесі өлең жолдарын кім оқиды?

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

 Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

 Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

 Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Бұл өлең қай мезгілге арналған деп ойлайсындар?

-Дұрыс

Сонда келесі мезгіліміз?

Күз                                   

-Жақсы, енді күз мезгілінің көркем әдебиет сабағынан дайындап қойған тапсырмасын орындайық.

  1. Сюжеттік көріністер. (музыкалық)

(ертегі кейіпкерлерінің суретін көрсету.) балалар қандай ертегі кейіпкері екенін тауып алу керек. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау, кейіпкерлерге сипаттама беру. Берілген тапсырмаларын орындау.

Бекіту сұрақтарына жауап  беру.

Сергіту  сәті:

1,2,3   қарлығаш боп ұш,

4,5,6   қарлығаш боп шалқы,

7,8,9,10 қаллығаш боп қон.

 

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

 Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

 Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

 Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Келесі  қандай мезгіл?

-Жарайсыңдар, балалар. Келесі мезгіліміз?

 

 

Қыс

-Дұрыс,

-Қыста қандай мерекелер бар!

Ал енді қыс мезгілінің сауат ашу сабағы бойынша  тапсырмасын орындайық.

1.Логикалық ойын

Балалар «Не жасырылған?» екенін тауып алу керек. Суретте не бейнеленгенін айту.

  1. Маска құрастыру.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

 Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

 Жан-жануар, адамзат анталаса,

 Ата-анадай елжірер күннің көзі.

 

Алда бізде қандай мезгіл келе жатқандығын білесіңдер ме балалар?

 

-Дұрыс,әрине ол КӨКТЕМ

-Көктемде қандай мереке болады?

Көктеп мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер?

Ендеше, көктем мезгілінің тапсырмасы. Бейнелеу өнері бойынша. Түрлі-түсті қарындаштар,су бояуының көмегімен де безендіруге болады Алдарыңызда қандай тиятр кейіпкері тұр? Цирк алаңынан да көп көреміз.

Музыка қосылып тұрады, балалар музыканы тындай отырып,  бейнелеу өнеріне қажет құралдардын көмегімен суретті түске еңгізіп сайқымазақ киімін дайындайды.. Жасаған жұмыстарын тақтаға ілеіп көрсетеді. (Жақсы істеген оқушыларды мақтап, мадақтау).

Бекіту: Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Не білдіңдер?

Қорытынды:

Балалар сонымен біз бүгін 4 жыл мезгілін қайталап, соларға байланысты тапсырмалар орындадық.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар мақтап, мадақталды.

Үйге тапсырма: Берілген суретті аяқтау.  Мысалы:  берілген сурет толық емес , сол суреттің кескін келбетін толықтыру арқылы суретті кейіпке келтіру.