Абай шығармаларына иллюстрация.

46

Тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация.

6 «а» сыныбы

Сабақ мақсаты:

 

 

 

Абай өлеңдеріне иллюстрация жасату. Оқушыларды сыни ойландыру, шешімін табуға үйрету. Топпен  жұмыс жасату, ой еркіндігін беру. Алған білімдерін қағаз бетіне суреттей білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа  үйрету.
Әдісі: Топпен, ұжыммен жұмыс жасау, оқушылардың  өздерін екі жұлдыз бір ұсыныстарын айту арқылы  бағалауы.
Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Ресурстар,көрнекі құралдар
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

 

 

 

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Топқа бөлу (өткен сабақта құрылған топтар бойынша отырады)

 

Оқушылар 3 топқа бөлінеді

2. Үй жұмысын тексеру
7 мин

 

 

Үй тапсырмасы бойынша әр оқушы салып келген суреттерін тақтаға ілулерін өтіну. Өздері суреттерін бір-бірімен салыстыра отырып баға қоюларын сұрау. Оқушылар суреттерін салыстыра отырып баға қояды. Суреттер

 

3. Жаңа сабаққа ену
10мин

 

Сабақты бастамас бұрын оқушылаға сыни ойландыру мақсатында сұрақтар қоямын.
1. Абай дегеніміз кім? Сұраққа жауап береді.
2. Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін қандай өлеңдерін білесіңдер? Өздері білетін өлеңдерінің аттарын айтады.
3. «Желсіз түнде жарық ай»өлеңін кім біледі? Бір оқушы «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін әндетіп орындайды.
4.Ақынның бұл өлеңі қандай ғажайып құбылыстарға толы?
5. Біз ақынның өлеңіне не жасадық? Иллустрация жасадық.
7мин

 

 

Бүгінгі тақырыбымыз Абай өлеңдеріне иллустрация жасау деп  тақырыпты жазу Жаңа тақырыппен танысады, не жасап жатқандарын түсінеді. Интерактивті тақта
1-тапсырма

Иллустрация сөзіне анықтама жазыңдар.

 

Әр топ өз беттерінше анықтама жазады.

 

Плакат,маркер.

 

Тақтадан иллустрация сөзінің анықтамасын көрсету. Оқушылардың білімдерін толықтыру. Өздерінң анықтамалары қаншалықты жақын екенін, үйлесетін жерлерін анықтайды. Интерактивті тақта, слайд.

 

4. Практикалық жұмыс
10-мин

 

2-тапсырма

Әр топ өздеріңше Абайдың бір өлеңіне иллустация жасап суреттеп салып шығыңдар.

Плакатқа бірлесе сурет салады,салған суреттерін орталарынан тілек білдірген бір оқушы шығып қорғайды. Плакат,сабаққа қажетті құралдар.
5. Оқушыларды бағалау
5мин

 

Екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы топтар біріне бірі баға береді. Өздерінің ұсыныстарын, пікірлерін білдіре отырып бірін-бірі бағалайды.
6. Үйге тапсырма
Өздеріңе ұнаған Абайдың бір өлеңіне иллустрация жасап келу.
7. Рефлексия
4мин Бүгінгі сабақтан алған әсерлері жайлы жаздырту. Оқушылар бүінгі сабақтан алған әсерлері жайлы рефлексия жазып береді. Ақ парақ.