Пейзаж

Тақырыбы: Пейзаж

Сабақтың мақсаты:

 

 

Оқушыларға топпен жұмыс жасата отырып алғырлыққа, тапқырлыққа,байқампаздыққа, әсемдікке үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сана-сезіміне қозғау салу, шығармашылық жұмыс деңгейін көтеру.
Әдісі:Диалогтық оқыту, топпен жұмыс, формативті бағалау.
УақытыМұғалім іс-әрекетіОқушылар іс-әрекетіРесурстар, көрнекі құралдар
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

3 мин1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Топқа бөлу (қиынды суреттер арқылы)Оқушылар 3 топқа бөлінеді
2. Үй жұмысын тексеру
5 мин

 

Натюрморт тақырыбынасалған суреттері бойынша оқушылардың деңгеін анықтау. Үй тапсырмасын қайталау мақсатында сұрақтар қоямын.Суреттерін тақтаға іледі, натюрморт сөзіне анықтама береді. Сұрақтарға жауап береді.Слайд
3. Жаңа сабаққа ену
7 мин1-тапсырма

Қолдарындағы қиынды суреттерді құрастырып, суреттеріңе сәйкес ат қойыңдар.

 

Суреттерді топ болып құрастыып, суреттеріне сәйкес ат қояды.

 

Плакат, маркер.

2- тапсырма

Суреттеріңе сәйкес ақын жазушылардың өлеңдерінен үзінді бір шумақ өлең жазыңдар.

Оқушылар тапсырма бойынша топта жұмыс жасайды, үзінді өлеңдер жазады, топтан бір оқушы баяндайды.
8 мин3- тапсырмаСуретпен танысады
Интерактивті тақтадан төрт жыл мезгілі көрсетіледі.Сұрақтарға жауап береді.
1. Мына суреттерде не бейнеленген?Интерактивті тақта, слайд.
2. Суреттердің қандай ерекшеліктері бар?
3. Осы суреттердің қандай ортақ белгісі бар?Ортақ белгі табиғат екенін табады.
Тақырып «Пейзаж» сөзі жазылады. Нақты анықтамасы көрсетіледі.Пейзаж сөзінің анықтамасын айтады.Интерактивті тақта, слайд.
4. Практикалық жұмыс
10 мин4-тапсырма

Өздеріңе ұнаған табиғат көрінісін бейнелеңдер.

 

Әр топ біріге отырып табиғат суреттерін салады.

 

Плакат, қарындаштар, акварель, қылқалам.

Ортақ  тұжырымға келтіру.

Әр топтың жұмысы ерекше құнды екенін ұғындыру.

Оқушылар суреттерін тақтаға іліп, топ атынан біреуі қорғайды.
5. Сабақты қорытындылау
5 минБүгінгі сабақтан алған әсері жайлы жаздырту.РефлексияБүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.Рефлексия парағы.
6. Үйге тапсырма беру
2 мин «Пейзаж» тақырыбына жеке-жеке сурет салып келу.

Астана қаласындағы Бәйтерек, Ханшатыры, Думан ғимараттар жайлы мағұлмат жинақтап келу.

Оқушылар берілген тапсырма бойынша дайындалулары керек.

 

 

7. Бағалау
5 мин

 

Бағалау критерийлері бойынша өздерін бағалату.Топ мүшелері өздерін бағалайдыБағалау критерийлерінің сұрақтары.