Сәулет өнері

Тақырыбы: Сәулет өнері

 

Сабақтың мақсаты:

 

 

Сәулет өнері жайлы мағұлматтар жинату. Оқушыларды сыни ойландыру арқылы сәулет өнерін ұғындыру. Алған білімдерін сурет салу барысында қолдануға, әсемдікке, ұқыптылыққа үйрету.
Әдісі:Сыни ойландыру, топпен жұмыс, бірін-бірі бағалауға үйрету.
УақытыМұғалім іс-әрекеті

 

Оқушылар іс-әрекетіРесурстар, көрнекі құралдар
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

 

 

Оқушылармен сәлемдесу.

Топқа бөлу (өткен сабақта құрылған топтар бойынша отырады )

 

Оқушылар 3 топқа бөлінеді

2. Үй жұмысын тексеру
8 мин

 

 

 

 

 

 

1. Салған суреттерінен ерекше, талапқа сай салған оқушыны анықтау.

 

Оқушылар әрқайсысы  үй тапсырмаларын ортаға қойып ішінен ерекше салынған суретті тауып,тақтаға іледі, себебін айтады.
2. Топқа берілген Бәйтерек, Ханшатыры, Думан ғимараттары жайлы мағлұматтарын сұрау.Әр топ өздеріне берілген тапсырмалары бойынша кім не жинақтады сол бойынша айтады.
3.Үй тапсырмасы бойынша өздерін бағалату үшін оқушыға  сұрақтар  қоямын.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып, біріне-бірі баға береді.
1. Кімді қалай бағалар едің?

2. Себебі? Неге?

3. Жаңа сабаққа ену
5 мин1. Жаңа сабаққа ену мақсатында оқушыларға сыни ойландыру мақсатында сұрақ қоямын.
Осы жасап келген тапсырмаларың өнердің қай түріне жатады?Жасаған жұмыстары сәулет өнері екенін табады.
2. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Сәулет өнері» деп тақырыпты жазамын.Интерактивті тақта.
10мин3. Электронды оқулықтан сәулет өнері жайлы үзінділер көрсету.Бар ынтасымен зер салып тыңдайды, көреді.
4. Көрген үзінділерді сұрақтар қою арқылы талдату.

1.Сәулет өнері дегеніміз не екен?

2.Сәуле өнері дегенде көз алдымызға не келеді?

3.Өздерің сәулет өнеріне анықтама беріп көріңдерші?

Сұрақтарға жауап береді.
5.Сәулет өнерінің дұрыс анықтамасын көрсетіп, ал енді балалар өздеріңнің айтқан анықтамаларыңмен салыстырып көріңдер, сәйкес келетін жерлері бар ма екен?Өз пікірлерін айтады, кемшіліктерімен жетістіктерін байқайды.

 

Интерактивті тақта.

 

 

 

4. Практикалық жұмыс
10минӘр топқа әр түрлі фигуралар салынған парақтар тарату.Оқушылар фигуралармен танысады.Фигуралар салынған суреттер
Осы фигураларды пайдалана отырып, топ болып сәулет өнеріне қатысты сурет салыңдар.Топ болып жұмыс істеп сурет салады. Топта талқылай келе тілек білдірген оқушы суреттерін түсіндіреді.Плакат, пламастер, акварель, түрлі-түсті қалам.
5. Сабақты бекіту
5минСабақтан не үйренгендерін анықтау үшін  «Білемін? Білгім келеді? Үйрендім?» кестесін  толтыртамын.Өздері бүгін не білгені, үйренгені, нені білгісі келетіндіктерін жазады.Кестенің үлгісі, ақ парақ.
6. Бағалау
5мин

 

Топ лидеріне сұрақтар қою арқылы өздерін бағалату.
Топ ішінде кім белсенділік көрсетті?

Сурет салу барысында кім белсенділік танытты?

Қандай пікір қосты?

Сұрақтарға жауап бере отырып өздерін бағалайды
7. Үйге тапсырма
Болашақ менің үйім тақырыбына сурет салу.