Сурет – бейнелеу өнері шығармашылығының негізі.

69

 Ақмола облысы Степногорск қаласы 1 Бестөбе орта мектебнің  Бейнелеу өнері және сызу пән мұғалімі.Самер Гүлзада Абайқызы

Тақырыбы; Сурет – бейнелеу  өнері шығармашылығының негізі.

  мақсаты;

Сурет – қоршаған ортаны зерттеудің ең маңызды құралы.  Ол график суретшіге де, кескіндемешіге де, сәулетші және қолөнер шебіріне де қажет Инженер мен дәрігер, географ, физика өзге де техникалық мамандық иелері үшін де аса маңызды

Оқушыларға сурет салуды үйрету олардың бойында шығармашылық еркіндік пен белсенділікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Оқушыларға сурет салуды үйрету олардың бойында шығармашылық еркіндік пен белсенділікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Сабақ барысы;

Сурет салу барысында балада талдау, жалпылау ойлау, ойын жүйеге келтіріп жинақтау, өз идеясын әсем түрде жеткізе білу, еңбекті бағалау, шыдамдылық сияқты қасиеттер дамиды. Бірақ балалардың барлығы бірдей қабілетті бола бермейді. Дегенмен шеберлік тынымсыз жаттығу нәтижесінде келетіндігі белгілі. Бұдан шығатын қорытынды бала бойында сурет салудың алғышарттарын, яғни бірқатар дағды мен шеберлікті қалыптастыру керек.

Дағды мен шеберлік  арасында айқын айырмашылық бар. Шеберлік игерген білім мен дағдыны  практикалық тапсырмаларды орындауда ұтымды қолдана алу қабілеті. Ал дағды автоматизм деңгейіне дейін жеткен қандай да бір әрекет, ол көптеген қайталаудың, үздіксіз жаттығудың нәтижесінде қалыптасады.

Дағды ұзақ жаттығулар  барысында қалыптасады. Сурет салуға аз уақыттың ішінде үйрету мүмкін емес, ол ұзақ та қажырлы еңбектің жемісі.

Сурет – бейнелеу өнеріне қажет ең маңызды қабілет пен дағдыларды қалыптастыратын бастауыш мектеп сияқты. Сурет салу барысында  адам қоршаған ортаны бақылауға, көргендерін ойша талдауға дағдыланып, заттарды, құбылысты терең сезініп қабылдай бастайды. Бейнелеу шеберлігін меңгеру, көркемдік көру қабілеті мен  оны өз суреттері арқылы бере білу де суреттен басталады.

Сурет түрлері

1 Нобай сурет – тез арада орындалға жылдам сурет. Оның басты қызметі ойды тез арада қағазға түсіру. Ол нұсқадан, ойдан, елестету арқылы да салынады.

2 Нұсқадан орындалатын долбар сурет (зарисовка) – жылдам сурет. Басты мақсаты нұсқаны толық салып шығу емес, керісінше заттан, құбылыстан ең маңызды ерекшеліктерді көре біліп соны қаағаз бетіне түсіру

3 Техникалық сурет – әртүрлі техникалардың құрылымдарын түсіндіругк арналған сурет

5 Шығармашылық сурет – өзіндік идеясы, ойы бар графикалық құралдармен салынған суретші шығармасы.

6 Эскиз (француз.с: esguisse) – бұл үлкен жұмысты бастамас бұрын орындалатын дайындық нобай сурет. Қандай өнер туындысы болмасын алдымен эскиз жасалады. Ол ойды, идеяны жеткізу үшін ең ұтымды әдіс тәсілді, мәнерлеу құралдарын табу үшін жасалатын суретшінің ізденіс суреті. Эскиз болашақ шығарманың жалпы сипаты

7 Этюд (француз.с: etude — зерттеу) – бұл көлемі шағын, нұсқадан орындалатын көмекші сипаттағы сурет. Этюд арқылы суретші болашақ шығармасының бөлшектерін орындайды

ЖАТТЫҒУЛАР

Әуелі қарапайым штрихтауға үйрету. Графитті қарындаштан басқа қалам, фломастер қолдануға болады. Оқушы шығармашылығына шектеу қойылмауы тиіс. Дәстүрлі штрихтаудан басқа  әртүрлі декоративті әдістерді қолдануға боолады. Әрине алдымен қарындашты дұрыс ұстауға үйрету керек. Оқушылардың көпшілігі сурет салуда қарындашты қалам сияқты ұстайтындары белгілі. Оларға бейнелеу құралын дұрыс қолдануды үйретіп, штрих, дақ, тушевка, градация ұғымдары туралы мағлұмат беру керек.

Штрих, дақ, нүкте —  суреттің басты мәнерлеу құралдары. Оны меңгеру үшін ұзақ және жиі жаттығу керек. Төменде бірқатар жаттығулар ұсынылады.

Қарындашты дұрыс ұстау

3х3х көлеміндегі шаршыны штрихтау. З-ін қарындашпен, 3-ін фломастер не қаламмен.
3 шаршыны әртүрлі материалмен бояу. (тушевка) (қарындаш, қалам, фломастер)

  1. Шахмат тақтасы. А4 форматта 16 шаршыны штрихтау. Тондық өзгерісті көрсету.Үшеуін қарындашпен, үшеуін фломастер не қаламмен.

Көру қабілетін дамытуға арналған жаттығу.

  1. Нүктемен сурет. Басты құралдар қара фломастер, қалам, қарындаш болуы мүмкін. Формат көлемі аса үлкен емес, шағын болғаны дұрыс. Мысалы А5, А4 формат. Себебі нүктемен жұмыс үлкен шыдамды қажет етеді. Ал жұмыстың тым ұзаққа созылуы оқушыны жалықтырып жібетіні сөзсіз.

Нүктемен сурет. Рисунок точками

Сызық. Қолды жаттықтыру. Қарындаш, фломастер, қаламмен орындалады.
 

Декоративті әдістер

Шығармашылық тапсырма: Штрих, тушевка, декоративті сызықтар арқылы кез келген заттың эскизін жасау. (қарындаш, қалам, фломастер).

Силуэт сурет

Э. Мане. Нобай.Көмір. Франция ХІХ

Практикалық тапсырма

Төменде ұсынылған саңырауқұлақты немесе өз қалауларыңызға байланысты кез келген гүлді, жапырақты декоративті штрих, өрнекпен көркемдеп бейнелеңіз.