Табақ бетіне өрнек салу

 

Сабақтың тақырыбы: Табақ бетіне өрнек салу

 

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушының дөңгелек, шеңбер ішіне өрнек әлементтерін орналастыру шеберлігін шыңдау.
  • Қылқаламмен өрнек әлементтерін орындауға үйрету.
  • Шығармашылық қабілеті мен эстетикалық талғамын, өз бетінше жұмыс істеу белсенділігін арттыру және қазақ халқының ұлттық қолөнерін насихаттау.

 

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

 

Қолданылатын құрал жабдықтар:

Табақтар, әр түрлі дөңгелек формалы ыдыстар, фотосуреттер, арнайы қағазға сызып көрсетілген көрнекі құралдар, гуашь, акварель бояулары, қылқалам, қарындаш т.б.

 

Әдіс тәсілдер:

  • Сұрақ-жауап
  • Топтық
  • Ұжымдық

Сабақтың барысы

  1. I. ұйымдастыру.

Сабақ шарты түсіндіріледі:

Сабақ мүғалімнің кіріспе сөзі арқылы басталады:

Мұғалім:

Бүгінгі сабағымыз «табақ бетіне сурет салу» тақырыбына арналады. Сабағымыз қызықты өту үшін сыныпты үш топқа бөліп, сайысамыз. Әр топқа берілген тапасырмалар бар. Сабақ 4 турдан тұрады.

І тур.

«Ой жарыс» деп аталады. Онда әр топ өздеріне алдын-ала берілген тапсырмаларды айтады.

II тур.

«Білгенге-маржан»   теориялық   тапсырмалар   карточкалар арқылы тексеріледі.

III тур.

«Кәне, жарысайық!» 3-4 кезеңдер бойынша өрнек салу.

IV тур.

«Бәйге» деп аталады. Бұл турда суреттерін аяқтаған әр топтық оқушылары өз суреттерін қорғайды.

Мұғалім:

Сайысымызды     қосымша    турдан     бастаймыз.     Ол «тансытыру» деп аталады.

І топ. «Өрнек қанаты»

II топ «Бүршік»

III топ «Айша бибі»

Енді топтар өздерін таныстырып неліктен сол аттарды таңдағанын айтып берсін, өз белгілерімен таныстырсын.

Қосымша тур «Таныстыру»

І топ.   «Өрнек қанаты». Тобымыздың атын «Өрнек қанаты» деп алған себебіміз, мектеп қабырғасында білім алып, өнер үйреніп, үлкейіп, қанатымызды   қатайтып   өрнектай   болып   биікке   ұшсақ   деп армандаймыз.

Ітоп. «Бүршік». Тобымыздың атын «Бүршік» деп атадық. Себебі, біз алғаш көктемдегі бүршік атқан гүлдей әсем де әдемі, сұлу болғымыз келеді.

III топ.    «Айша бибі» «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп халық мақалында айтылғандай, біз «Айша бибі» атауымыз оюшы болсақ деп армандаймыз.

І тур.       «Ой жарыс»

Ал   енді   оқушылар,   өздерің   алдын   ала   дайындаған тапсырмаларыңды ортаға салыңдар.

«Өрнек қанаты» тобы   «Ою-өрнектер» туралы материалдар жинау

«Бүршік» тобы          «Ою — өрнектерді» қолдану (Қазақ халқының қолөнерімен байланыстыру).

«Айша бибі» тобы      қазақ халқының ыдыс-аяқтары жайлы мәлімет жинайды (оны ою-өрнекпен байланыстыру)

Жауаптар:

«Өрнек қанаты» тобының жауабы

Ою-өрнектер бірнеше түрге бөлінеді.

  • Көк әлеміне байланысты өрнектер; Ай, айшық, жарты ай, жұлдыз, кемпір қосақ, күн шұғыла.
  • Малға, малдың   денесіне,   ізіне   байланысты   өрнектер; айыртұяқ, арқар мүйіз, қошқар мүйіз, түйетабан, кұсқанат, өрнекмұрын.
  • Құстарға байланысты    өрнектер;    қазмойын,    қазтабан, кұсқанат, құсмұрын.
  • Жер, су, өсімдіқ, гүл жапырақ, бұтақ бейнелі өрнектер: ағаш, гүл, жауқазын, ирексу, райхангүл, су, үзілмес, үшжапырақ, шиыршық.
  • Қару — құралдарға байланысты өрнектер: айбалта, айыр, балдақ, қармақ, шынжыр.
  1. Геометриялық фигуралар тектес   өрнектер:   қосдөңгелек, қостұмарша, төртқұлақ, тұмарша, сүйір.

«Бүршік» тобының жаубы. Ою өрнектерді қазіргі кездегі тұрмыс салттық бұйымдардан кездестіреміз.

  • Зергелік бұйымдарында; алқа, сақина, белбеу, білезік, жүзік, оймақ, қапсырма, шашбау.
  • Киізден жасалатын бұйымдарда; аяқ-қап, кесе қап, түе киіз, шайнек қап, ірге киіз, сырмақ, текемет.
  • Ұлттық киімдерде; көйлек, шапан, қалпақ, тақия, жаулық, кемешек, орамал, сәукеле, кебәс, мәсі, қамзол.

«Айша бибі» тобының жауабы: Қолөнердің ішінде кең тараған түрі ағаштан  ойып ыдыс-аяқ жасау.  Ағаштан  ыдыс-аяқ жасайтын шеберлер көбінесе емен, қайың, үйеңкі, тал жаңғақ ағашы, май қарағай   сияқтыларды   пайдаланған.   Ыдыс-аяқтарды   өрнектеп безендіру халық шеберлерінің талғампаздығын көрсетеді. Ыдыс, аяқтарды ағаштан басқа да материалдардан жасайды. Олар металл, фарфор, балшық, тас, қамыс, жүн, тері.

Ағаш ыдыстары; астау, күбі, қасық ожау, табақ, тегене, тостаған, шара, шөміш.

Металл ыдыстары; бақыр, қазан, қасық, леген, таба, тегеш, шәугім, шелек, шылапшық.

Фарфор ыдыстары; аққұман (шайнек), кесе, шыныаяқ.

Балшықтан; құмыра, кесе.

Тастан; тасқұман.

Қамыстан; мардан.

Жүннен; аяққап, дорба, кесеқап, қанар, қапшық т.б.

Теріден; жан торсық, саба, сүйретпе, қауға.

Оқушы ойлары тыңдалады.  Білімдері түрлі жетондар арқылы бағаланады.

 

II тур.      «Білгенге маржан»

  1. Топтарға карточкалар үлестіріледі. Онда бір-бір сұрақтар, теория қайталанады.
  2. Карточкадағы сұрақтар.
  3. Табақты жасау және өрнек салу кезеңдері.
  4. Өрнек салуда қолданылатын түстер түрлері.
  5. Табақты өрнектеуге қажетті құрал — жабдықтар .