«Жаңа ортадағы мен».

74

 

Сабақтың тақырыбы: «Жаңа ортадағы мен».

Сабақтын мақсаттары:

1.Жасөспірімдерді қарым-қатынас жолдарымен, түрлерімен таныстыру; оларды ортаға салып талдау;

2.Адамадарды тындай білуге өз ойымен бөлісуге тәрбиелеу;

3.Өз ойына сенімді болып, нақты жеткізуді дамыту. Өзі туралы ойын

 

дамыту, комуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін

 

тұлғаны психологиалық күйге келтіру.
         Саламатсыздар ма! Біз бүгінгі «Жаңа ортадағы мен» атты тренингімізді бастаймыз. Тренинг – бұл сабақтың бір түрі, адамдар қарым-қатынас жасайтын орта, мұнда өз ойыңды айтып және басқа адамның пікірін тыңдап санасу керек, өзіңді әр түрлі жағдайдан шығу жолдарына үйрету, өзіңнің басқа да қырларыңды білу мүмкіндігі.

Тренинг-сабағының  басынан бастап қатысушылар өз оқуының жауапкершілігін сезінуі, тиісті жұмыс атмосферасын құруы, өзара сыйластық пен сенімге кіруі, сондай-ақ материалды меңгеру тиімділігін арттыруы үшін сабаққа мінез-құлық ережесін –  тренинг  немесе «келісім» қабылдау ұсынылады.

«Келісім» пункттерін парақ қағазға немесе тақтаға жазу қажет. Әрбір пунктті бірігіп талқылағаннан кейін, көпшілік дауыспен қабылданады және көрнекті орынға ілінеді. Тренинигке қатысушылардың назарын дауыс берілгеннен кейін олардың әрқайсысы аталған «келісімнің» орындалуы үшін жауап беретіндігіне аудару қажет.

 

 «Келісімнің» үлгісі

* кешікпейміз;

* білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз;

* ашық айтамыз;

* мәселенің мәні бойынша сөйлейміз;

* бір-бірімізді тыңдаймыз;

* бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз;

* өзгелердің сезімін сыйлаймыз;

* құпиялылықты қадағалаймыз;

* уақытша шекараны қадағалаймыз;

* бір-бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т.б.

 

Фруктовый салат.

 

Жүргізуші барлық қатысушыларды 3топқа бөледі: алма, банан, груша. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады, ал жүргізуші ортада. Ол үш жемістің біреуін айтқанда, дәл сондай жемістер орын ауыстырады. Егер «фруктовый салат» деп айтылса, қатысушылар барлығы орын ауысттырады.

 

 

Айна.

Оқушылар жұптасып отырады. Жүргізуші қолымен түрлі қимылдар жасайды, ойыншылар осы қимылды айнытпай қайталайды. Бұл вербальды емес қарым — қатынас дағдыларын дамытады.

 

 

Автобус

Топ тең екі топқа бөлінеді.

  • Бірінші топ бір, ал екінші топты екідеп есептейік. Автобустар көлік жиылып қалған жерге келіп тоқтады. Сіз терезенің жанында отырып, келесі автобуста сізге қарама-қарсы таныс адам отырғанын аңғарасыз. Бұлай болғаны жақсы болды, себебі сіз оған маңызды ақпаратты жеткізуге тиіс едіңіз, содан соң осы сәтті пайдаланып сіз ақпаратты жеткіздіңіз. Бірақ сіз бұл жағдайды үндеместен сөзсіз жеткізуіңіз қажет. Уақытыңыз да тығыз. Ақпарат бағытталған адам осы жайды тез түсініп, танысының айтқанын қабылдап алуға тиіс.

 

Саңырау телефон

Барлығын шеңбер бойына немесе бір сапқа тұруларын сұраңыз. Бір сөз тіркесін тауып, көршінің құлағына сыбырласын. Мысалы, қанша адам бау-бақшада жұмыс істеуді ұнатады немесе мен өзен жаққа қарай серуендегім келеді, т.б. әрбіреуі не естігенін ғана көршісіне сыбырлау қажет. Ойыншылардың барлығы сөз тіркесін айтқаннан кейін ең соңғы қалған ойыншы естіген  сөз тіркесін дауыстап айтсын. Ең алғаш айтылған сөз тіркесін айтыңыз. Әдетте ол соңғы сөз тіркесінен көп айырмашылығы болады.

 

 

Партнерді күлдіру

Ойыншылар жұбы таңдалынып алынады. Біреуі кез — келген әдіспен, қалай болғанда да екіншісін күлдіруге тиісті. Егер бір ойыншы күлдіре алса, оның партнері бір ойыншының орнына тұрып, өзіне басқа ойыншыдан партнер таңдап алады. Егер осы ойыншыны күлдіру мүмкін болмаса, онда оған басқа жұптар ішінен ойыншы таңдап алуға тура келеді.

Сонымен гонг соғылғаннан кейін бір ойыншы екіншіні күлдіруге тырысады. Басқа балалар ойынды бақылап тұрады. Егер күлдірушінің ойы орындалса, онда ол тысқа кетеді де, күліп қойған ойыншы өзіне партнер таңдай бастайды. Егер оны күлдіре алмаса, оның орнына басқа ойыншы шақырамыз.

Хаос

Мұғалімнің бұйрығы бойынша оқушылар бір – біріне қарама-қарсы сап түзейді.Тапсырма бойынша ақ және қоңыр түсті аяқ киім кигендер,құлағында сырғасы барлар,көйлек кигендер бір бірімен ауысып тұруы керек. Бұл жаттығу қиын тапсырма орындаудың алдында қобалжуды басады.

 

                                                   Электр тогы

Барлығымыз ортаға шығамыз. Екі командаға бөлініп, бір-біріміздің қолымыздан айқастыра ұстаймыз. Ортада үстел үстіндегі қорапты алуымыз керек. Ол үшін бір-біріміздің қолымыздан қысып, үстелдің жанындағы тұрған адамға келгенде үстел үстіндегі қорапты алу керек. Яғни бұл жаттығу жылдамдықты қажет етеді.