Үміт кемесі / мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс/

91

Тақырыбы: Үміт кемесі / мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс/

 

Сабақтың мақсаты: мүмкіндігі шектеулі оқушылардың көңіл күйін көтеру, балалардың икемділігін анықтап, қызығушылығын артыру

 

Сабақтың түрі: психопрофилактикалық сабақ

Өту әдісі: тренинг

 

І. Ұйымдастыру

Балалар дөңгеленіп тұрып, бір-бірімізге күлімдеп, жақсы тілектер айтамыз.

 

ІІ. Жаттығу. Мен кіммін.

Оқушылар алдымыздағы қағазды алып, ортасынан бүктеп,  бүктелген жағынан ұстап қолымызбен қиып адам бейнесін жайсаймыз.

Басына өз есімдеріңізді жазыңыздар, оң қолына жақсы мінезіңіз, сол қолыңызға керісінше жағымсыз мінезіңіз, сол аяғыңызға ұнататын түсіңіз, оң аяғына жақсы көретін адамыңыз, ортасына  арманыңызды жазыңыздар. / оқып таныстыру/

 

ІІІ. Тренинг.

Қар жауып тұр. Бетіміз су болды. Бетіміздегі суды сүртеміз. Бетімізге массаж жасаймыз.

Енді үстіміздегі қарды  түсіреміз, қағамыз. Аяғымыздағы қарды қағамыз. Топ-Топ.

Жерден қарды аламыз, домалатамыз. Енді алысқа оң қолмен лақтырамыз. Қайта жерден қарды аламыз, қолмен домалатамыз. Енді алысқа лақтырамыз.

/мұндағы мақсат: беттегі нүктелерге әсер ету, оң қол, сол қолды ажыратуға үйрету, саусақтың, буынның қимылдарын қатайту/

  • Рахмет балалар, партамызға отырамыз.

 

 

ІҮ. Тапсырма «Өзіңнің бойыңдағы бағалы қасиеттерді сөйлемді аяқтау арқылы жаз»

Мен алаңдаймын……………………………………………………………………………..

Мен көмектесемін…………………………………………………………………………….\

Мен мойындаймын…………………………………………………………………………..

Мен қабілеттімін………………………………………………………………………………

Мен жақсы істей аламын…………………………………………………………………….

 

 

Мен өкпелеймін……………………………………………………………………………….

Мен ренжимін……………………………………………………………………………………..

Мен ашуланамын…………………………………………………………………………………..

Маған ұнайды……………………………………………………………………………………….

Мен өзіме ризамын………………………………………………………………………………

Рефлексия: Сөйлемді аяқтау қиын болды ма?

 

 

Ү. Жаттығу.

Оқушылар орнымыздан тұраып, жаттығу орындайық. Еңкейіп тұрыңыз, бастарыңызды солға бұрып дем алып, оңға бұрып шағарасыздар. Жаттығу 6 рет жасалады.

 

ҮІ. Тапсырма. «Ағаш» қағаз бетіне өздеріңіз ұнататын ағаштың суретін салыңыздар.

 

ҮІІ. «Өз жұлдызыңды тап» қорытынды.