Біз-біргеміз, берік іргеміз.

140

Тренинг тақырыбы:    Біз-біргеміз, берік іргеміз.
Сабақтың мақсаты: оқушылар  арасындағы байланысты нығайта отырып, бірін-бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және қыс  мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.

1-жаттығу

Амандасу  жаттығуы

Қол алысып амандасу жаттығуы тек ерекше тәсілмен. Ол былай жүзеге асырылады: қатысушы екі қолымен бір уақытта амандасуы тиіс , бір қолыңды тек амандасатын қатысушыны тапқан кезде ғана жіберуге болады. Ойын үнсіз әрі тез орындалуы керек.

Жаттығудың мақсаты: Қатысушылар арасында байланыс орнату.Қол алысып амандасу –адам көңілінің кеңдігінің символдық белгісі . Жаттығу үнсіз орындалатындықтан  байланыс көз арқылы жүзеге асырылады бұл ішкі жағымды байланысты нығайтады.
2- жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
«Кім жылдам» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта отырып, допты бір-біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың , «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.

Жаттығудың мақсаты: оқушының ойлау қабілетін жақсарту және шапшаңдыққа сынау.
3-жаттығу

  «Бір өтірік, бір шындық» жаттығуы
Жүру барысы: Қазір біз өзіміз бір шындық пен бір өтірік өз ойымызды айтамыз. Мысалы: Мен мұғаліммін және де менің ұшағым бар.Өз ойымызды еркін болжамсыз жеткізуіміз қажет.
Талдау: Шындық бұл біздің қазіргі іс-әрекетіміз, қазіргі біздің бейнеміз, ал өтірік бұл біздің арманымыз, өз қиялымыздың жүзеге асуын қалап жүрген ойларымыз»
Сіздің ойыңыз қалай?
4-жаттығу.

Сен өмірде қандайсың?

Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Жүргізушінің қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты беру арқылы допты қағып алған адам: Сен өмірде қандайсың? Деп сұрақ қояды қағып алған адам өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығуы керек.