Мінез-адам көрсеткіші

63

 

Сабақтың тақырыбы:     Мінез-адам көрсеткіші       

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;
  • Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;
  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

Мақсаты:       Оқушылардың   мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту

Шаттық шеңбері   Оқушылармен амандасып,олардың көңіл-күйлерін  көтеріп,сабақта көңілді орта құру мақсатында Қ.Нақысбековтың өлеңін оқуды ұсыну.

Әңгімелесу      

      Адам өмірі-іс-әрекеттер тізбегінен,басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көзқарастардан тұрады.Кез келген әрекеттерді дұрыс түсініп,қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді.Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып,тәрбиелеуге мүмкіндігі мол.

  • Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыңдар?
  • Адамның жақсы мінезіне нелер жатады деп ойлайсыңдар?
  • Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
  • Жаман мінезді қалай түзетуге болады деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс    Жаңа сабақ мазмұнын аша түсу үшін  және адамдар арасында қарым-қатынаста мінез-құлықтың орнын түсіндіру мақсатында оқушыларға А.Құнанбаевтың өлеңін оқу ұсынылады.

Тапсырма   Оқулықта  В.А.Сухомлинскийдің өсиет сөздері берілген.Бұл өсиет сөздердің берілу мақсаты-жақсы мінез-құлық адам өмірін нәрлендіретіндігін,шынайы бақытқа қол жеткізуіне,адамит қарым-қатынас жасауына мүмкіндік  беретіндігін оқушыларға ұғындыру болып табылады.

Назар аударыңыз   Мінез сұлулығы.Жанның да өз әсемдігі бар,оның кербездігі-істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді.Ол жұрттың бәріне берілмеген,бұл рухтың ұлылығына байланысты.Оның алғашқы белгісі-жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту.Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді:өш алу былай тұрсын,бәрі жақсылықпен бітеді-енді өш алады дегенде,кенет ақкөңілдікпен қайран қалдырады.Ол саясатқа да пайдалы,тіпті мемлекеттік резонға көрік береді.Мақтануды білмейтін ол,еңбек сіңіріп жеткен жеңісін аңқылдақтығымен жасырады.

Тапсырма        Оқулықта берілген ұлағатты сөздерді оқып,олардың мәнін түсіндіру.

Мәтінмен жұмыс    «Дән мен тас»ертегісін оқып,оны талқылау.

Жаңа ақпарат     Қ.Жарықбаевтың сөзін жаңа ақпарат ретінде таныстыра отырып,жақсы мінез,адал ниет,ақкөңіл адам  өмірінің нұрлы болуына,басқалармен тез тіл табыса білуіне,сол арқылы өзін қоршаған ортамен жарқын жарастыққа,бауырмалдыққа,достыққа,тіпті бақытқа қол жеткізудіңалғы шарты болатындығына назарларын аударту.

Дәптермен жұмыс      Оқулықтағы мәтінді оқып,өз мінезің туралы ой түй.Мінездегі міндердің түзеудің жолын белгілеп,жазу.

Дәйексөз   Сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастыру:

Кісіге екі дүниеді пайдалы (нәрсе)-ізгі іс немесе түзулік.

Екіншісі-ұят,үшіншісі-әділдік.

Бұл үшеуі арқылы адам шын бақытын табады.

Ж.Баласағұни.

Адамдардав бір-біріне ізгі іс немесе мінезі тұзулік,ұят,әділдік болса өмірде бақыт табылатынын түсіндіру.

Дәптермен жұмыс          Мәтіндерді оқып,берілген тапсырмаларды орындап,өз ойларын айтып беру.

Жүректен жүрекке  Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін Ш.Мұхамеджановтың «Сыйластық» өлеңімен жалғастырып,сабақты аяқтайды.