Психологиялық – зияткерлік сайыс бағдарламасы

141

 

Психологиялық – зияткерлік сайыс бағдарламасы

Тақырыбы:    «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»

Түрі:  Психологиялық — зияткерлік сайыс

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту, көңіл-күйлерін көтеру және топтық жұмыстарға баулу.

Ұйымдастыру бөлімі:

М.Қ.Бағдыбаев: Бүгінгі шара «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» атты психология және өзін-өзі тану пәндерінің апталығы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл шараға сынып оқушыларынан құралған «Достық» және «Бірлік» командалары қатысады. Сайыс бағдарламасы психология, математика, география, биология пәндері бойынша құралған. Командалар алты турдан тұратын тосқауылдардан өтіп, жинаған ұпайлары саналып, жеңімпаз топ анықталады. І тур: Таныстыру, ІІ тур: Үй тапсырмасы (Презентация), ІІІ тур: Математика пәні бойынша тапсырмалар, ІV тур: География пәні бойынша, V тур: Биология пәні бойынша және VІ тур: Психология пәні бойынша. Сайыс басталмас бұрын барлық топ мүшелері тренингке қатысуға шақырылады.

Тренинг:

Негізгі бөлім:

1-жүргізуші: Құрметті: ұстаздар, оқушылар!

Сіздер психологиялық – зияткерлік сайысқа келіп отырсыздар!

Сайысты ашық деп жариялаймыз!

 

Ақыл тон аңдығанға тозбайтұғын,

Білім кен қанша болса азбайтұғын.

Қатарың озып шауып бара жатса,

Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп ақын Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз!

 

2-ші жүргізуші: Енді әділқазылар мүшелерімен таныстырып өтейік:

І тур: Таныстыру. Бұл турда қатысушылар өздерін таныстырады.  Тур нәтижесі 5 балдық жүйемен бағаланады.

1-жүргізуші:

ІІ тур: Презентация. Бұл турда оқушылар сыныптың жетістіктерін слайд арқылы көрсетіп баяндайды. Тур нәтижесі 5 балдық жүйемен бағаланады.

2-жүргізуші:

ІІІ тур: Математика пәні бойынша тапсырма: «Достық» тобына сұрақтар:

  1. 4 пен 5 – тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5 – тен кем сан шығады.

 Жауабы: (үтір таңбасы, 4,5)

  1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

Жауабы: (бес бұрыш)

  1. Бақтиярдың 4 ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар.

Жауабы: (5)

  1. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

Жауабы: (Жоқ. 24 сағаттан кейін түнгі 10 болады. Түнде күн шықпайды.

  1. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алды. Сонда 1 асық досбада қалды. Бұл қалай?

Жауабы: (1 бала асықты дорбасымен алды).

1-жүргізуші: «Бірлік» тобына сұрақтар:

  1. Страус құспен деп айта ала ма?

Жауабы: (ол сөйлей алмайды)

  1. Жарықтың соңы қай жерде аяқталады?

Жауабы: (көлеңке басталған жерде)

  1. Кір тасының салмағы қай мезгілде өзгереді: Жазда ма, әлде қыста ма?

Жауабы: (Салмағы өзгермейді)

  1. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі? 10 жұмыртқа неше минутта піседі?

Жауабы: (12 минутта, бәрін бірге саламыз).

  1. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді?

Жауабы: (атасы, баласы, немересі)

2-жүргізуші:

ІV тур: География пәні бойынша тапсырма. «Сөзжұмбақ» құрастыру.

Уақыты – 2 минут

«Достық» тобының сұрақтары:

  1. Шөп басқан, батпақсыз жазық жер. Жауабы: (дала)
  2. Маусымдық жел деп қандай желді атаймыз? Жауабы: (муссон)
  3. Күн жүйесіндегі төртінші планета. Жауабы: (Марс)
  4. Ең үлкен мұхит. Жауабы: (Тынық)
  5. Ауаның жер бетіне таяу қабатына түсетін ылғал. Жауабы: (қырау)
  6. Таудың беткейлері қия келетін әрі терең, әрі тар аңғарлар. Жауабы: (шатқал)

1-жүргізуші:

«Бірлік» тобының сұрақтары:

  1. Тәулігіне екі рет бағытын өзгертетін жел. Жауабы: (Бриз)
  2. Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан. Жауабы: (Есіл)
  3. Қысымды қандай құралмен өлшейміз? Жауабы: (Барометр)
  4. Қазақстандағы миллионер қала. Жауабы: (Алматы)
  5. Шығыс Қазақстандағы суы мол өзен. Жауабы: (Ертіс)
  6. Күн жүйесіндегі бірінші планета. Жауабы: (Меркурий)

2-жүргізуші:

V тур: Биология пәні бойынша тапсырма:

 

«Достық» тобына:

 

  1. Cағақты жапырақ болады

Дұрыс жауабы: Қайыңда

  1. Жүгерінің жемісі

Дұрыс жауабы: Дәнек

  1. Қосжарнақты класының өсімдіктері:

Дұрыс жауабы: Үрмебұршақ.

  1. Гүлдің ең негізгі бөлімдері:

Дұрыс жауабы: аналық және аталық

  1. Жемістің түзілуі :

Дұрыс жауабы: аналық жатынында

  1. Орталық Aмерика орталығынан шыққан өсімдік (отаны):

 Дұрыс жауабы: картоп

 

1-жүргізуші:

 

«Бірлік» тобына:

 

  1. Алқа тұқымдастарға жататын өсімдік

Дұрыс жауабы: Темекі

  1. Жасушалық құрылыс тән

 Дұрыс жауабы:  Барлық өсімдіктерге

  1. Бұршақ тұқымдастарына жатады:

Дұрыс жауабы: үрмебұршақ

  1. Тұмау вирустарының кездесетін жері

Дұрыс жауабы:  қақырықта, сілекейде

  1. Сүйекті шырынды жеміс

 Дұрыс жауабы: Алхоры

  1. Астық тұқымдасқа жататын өсімдік:

 Дұрыс жауабы: Жүгері

2-жүргізуші:

 VІ тур:  Психология пәні бойынша тапсырма:

Нұсқау: Алдымыздағы төрт сөздің үшеуі бір бағытта қолданылады. Сіздің мақсатыңыз әр қатардан артық бір сөзді тауып  белгіле. Уақыты – 2 минут.

1-жүргізуші:

Сайыс қорытындысын таныстыруға әділқазыларға сөз береміз

1,2-жүргізуші бірге:

Психологиялық – зияткерлік сайыс аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.