«Графиктік диктанты» әдістемесі

М

1-сыныпқа қабылданған оқушылардан оқу жылының бірінші аптасында, оқушыларды мектепке, сынып жетекшілеріне және мектеп психологіне бой үйрету мақсатында графиктік диктант аламын. Бұл  оқушылардың мектепке адаптациялануын тексеруге арналған әдістемелік жұмыс алдындағы  дайындық.

 

Д.Б.Элькониннің  «Графиктік диктанты» әдістемесі

 

Әдістеме баланың  кеңістікте бағдар таба білуін зерттеуге  арналған. Әдістеменің көмегімен зейін қойып тыңдап ересек адамның сілтеуін дұрыс орындауға, сызықтың берілген бағытын  дұрыс тауып, ересек адамның нұсқауымен баланың өз бетімен әрекет ете білуін анықтауға болады. Әдістемені жүргізу үшін балаға торкөзді 1 парақ бетше беріледі. Парақшада бірінің үстінде бірі тұрған 4 нүкте салынған. Алдын ала балаға мынадай түсінік беріледі: «Қазір біз әртүрлі өрнектер сызамыз. Өрнегіміз әдемі және ұқыпты болу үшін тырысып бағуымыз керек. Ол үшін мені мұқият тыңдау керексіздер. Мен торкөзге қанша және қай бағытқа сызықты жүргізу керек екенін айтып отырамын. Тек мен айтқан сызықты ғана сызасыздар. Келесі сызықты карандаштарыңды қағаздан  айырмай  алдыңғы сызық біткен жерден бастап сызасыңдар».

Осыдан кейін психолог баламен бірге оның оң қолы немесе сол қолы қай жағында екенін анықтайды. Сызықты  қалай оңға немесе солға жүргізуге болатынын үлгіде көрсетеді. Сосын жаттығу өрнегін салуды бастайды.

«1-ші өрнекті салуды бастаймыз. Карандашыңды ең үстігі нүктенің үстіне қой. Мұқият боламыз!  Сызықты саламыз: 1торкөз төмен. Карандаштарымызды парақтан алмай әрі қарай жалғастырамыз. Енді 1торкөз оңға. 1торкөз жоғары. 1торкөз оңға. 1торкөз төмен. 1торкөз оңға. 1торкөз  жоғары. 1торкөз  оңға.  1торкөз төмен. Әрі қарай өзің сал.»

Диктантты оқығанда ұзағырақ пауза жасаған дұрыс. Өз бетімен жұмысқа 1-1,5 минут беріледі. Жаттығу өрнегін салған кезде психолог баланың қатесін жөндеуге көмектесуі керек. Ары қарай бұндай бақылау (контроль) болмайды.

«Енді карандаштарыңды келесі нүктенің үстіне қойыңыз  назар аударамыз! 1 торкөз жоғары. 1 торкөз оңға. 1 торкөз жоғары. 1 торкөз оңға. 1 торкөз төмен. 1 торкөз оңға. 1 торкөз төмен. 1 торкөз оңға. Ал енді осы өрнекті өзің сал.  ».

«Келесі нүктенің үстіне карандаштарыңды қойыңыз. Назар аударамыз! 3 торкөз жоғары. 1 торкөз оңға.2 торкөз төмен.1 торкөз оңға. 2 торкөз жоғары. 1 торкөз оңға. 3торкөз төмен. 1 торкөз оңға. 2 торкөз жоғары. 1 торкөз оңға. 2 торкөз төмен. 1торкөз оңға. Енді өзің жалғастыр».

«Енді карандаштарыңды ең төменгі нүктеге қойыңдар. Назар аударамыз! 3 торкөз оңға. 1 торкөз жоғары. 1 торкөз солға. 2 торкөз жоғары. 3 торкөз оңға. 2 торкөз төмен. 1 торкөз  солға. 1 торкөз төмен .3 торкөз оңға. 1 торкөз жоғары. 1 торкөз солға. 2 торкөз жоғары. Енді өзің әрі қарай жалғастыр. »

 

Нәтижені бағалау. Жаттығу өрнегі бағаланбайлы. Негізгі өрнектерден диктант түрінде салынған өрнек жеке, өз бетімен салған өрнек жеке бағаланады:

4 балл  – өрнекті дәл салу (сызықтардың түзу еместігі, «ластығы»саналмайды);

3 балл  – салынған, бір сызықтан қате кеткен;

2 балл  – салынған, бірнеше қате кеткен;

1 балл – салынған, қрнектің кейбір элементтерінде ғана ұқсастығы бар;

0 балл  – ұқсастық жоқ.

Өз бетімен салынған өрнек үшін әрбір шкала бойынша тапсырма бағаланады. Сонымен бала әр өрнек үшін  0-ден 4-тің аралығындағы  2 баға алады. Диктант үшін қорытынды баға 3 өрнектің  міn және мах бағаларының қосындысынан алынады. Дәл осылай өзбетімен салынған өрнектің бағаллы шығарылады. Осы баллдардың қосындысы қорытынды балл береді., ол 0-ден 16 –ның арасында болады. Соңында қорытынды көрсеткіш келесідей болып  интерпритацияланады:

0-3 балл  – төмен;

3-6 балл  – төменнен жоғары;

7-10 балл  –орташа;

11-13 балл   – орташадан жоғары;

14-16 балл  –жоғары.

 

Диктанттың нәтижесін қорытындылағаннан кейін Керн- Йерасек  (үш тапсырмадан тұратын А. Керннің модификацияланған тесті,) тестін  алуға мүмкіншілік туады.

 

Қолданылған ресурстар: Ғаламтордан алынған материалдар