Баланың логикалық ойлауын дамытуға арналған жаттығулар.

 

Сабақ  тақырыбыБаланың  логикалық ойлауын  дамытуға  арналған  жаттығулар.

 

Сабақ  мақсаты:Баланың  көрнекі бейнелі  ойлауын  дамыту.Өмір  жайлы түсінігімен оны  ұғына  білуге үйрету.

.

Әдіс-тәсілдері:   Әңгімелесу,  дәптермен  жұмыс, ойын — жаттығуы, сергіту  сәті,  қорытындылау.

 

Көрнекілігі :     Дәптер , қаламсап, жапсырма  қағаз, доп   т.б

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі:

 

Оқушымен  көңілді  сәлемдесу, сұрақ  қою  арқылы   әңгімеге  тарту.Сабақ  тақырыбымен  таныстыру. Сабақ  барысындағы  эмоциялық ахуалына  назар  аудару  және  сабаққа  қажетті  құрал  жабдықтардың  түгелдігін  қадағалау.

Кіріспе:

Сәлеметсің бе, Нұрсұлтан !  Қайырлы  күн!  Мен  сенің  бүгінгі  көңіл-күйіңнің  көтеріңкі  екендігіне  сенімдімін. Сондықтан  сабағымызды  қызықты  етіп  өтуімізге  толық  мүмкіндік  бар.   Сабақты жайлы  әуенмен  ертегі есеп шығарумен  және  ойын  жаттығумен  бастайық , мұхият тыңда.

 

Дәптермен  жұмыс

 

«Түлкі  мен  қасқыр » ертегі  есеп

Баяғыда қасқыр мен түлкі дос болыпты. Бір күні  екеуі өзеннен балық  ұстапты. Енді  оны қақ ортасыннан  теңдей  етіп бөлу  қажет болады. Сонда  ойланып отырып  қасқыр «Түке, сенің математикадан  хабарың  бар  ғой, мына балықтарды  теңдей етіп санап ,бөл.»- дейді. Түлкі  қулығын  асырып былай  бөледі.

Біреуі саған, екеуі  маған, үшеуі  саған,төртеуі маған.

Сонда түлкіде, қасқырда нешеуден балық бар? Есептеп , дәптерге  жазу.

 

«Сөйлемді  жалғастыр»  жаттығуы.

Балаға  қарама-қарсы  отырамын, балаға допты лақтырып, сөйлемнің басын айтамын. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты  маған қарай кері лақтыру  қажет. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса, ойыннан шығады.Жылдам  орындалуы  қажет Сөздердің нұсқауы:

Лимон ащы, ал қант …

Шөп жасыл, ал аспан …

Ағашты аралайды, ал шегені …

Құстар ұяда тұрады, ал адамдар …

Құс ұшады, ал жылан …

Кеме жүзеді, ал машина …

Шиені жейді, ал шәйді …

Әнші өлең айтады, ал құрылысшы …

Түнде қараңғы, ал күндіз …

Сергіту  сәті   Бала  қимыл әрекет арқылы  көрсетілген  психогимнастиканы  жасайды

Құстарға біз ұқсайық.

Қане, қанат жазайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонай

Қорытындылау:  Баланың  бүгінгі  сабақтан  алған  әсері  мен  сабақан  не  үйренгендігі  жөнінде  жапсырма  қағазға  жазып, өз  пікірін  айтуға  мүмкіндік  беру. Баланың пікірін тыңдау.