Жеке тұлғаны геометриялық фигуралар арқылы зерттеу.

 

Сабақ  тақырыбы:    Жеке  тұлғаны  геометриялық  фигуралар  арқылы  зерттеу.

Сабақ  мақсаты: Оқушының  жеке  тұлғалық  өсуіне , баланың ақыл ойын дамытуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыруға, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:   Әңгімелесу, сұрақ — жауап, дәптермен  жұмыс, ойын — жаттығуы, сергіту  сәті,  қорытындылау.

Көрнекілігі :     Дәптер , қаламсап, жапсырма  қағаз,  фигуралы суреттер плакаты  т.б

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі:

Оқушымен  көңілді  сәлемдесу,жаңа  жылға  сәттілік  тілеп, қысқы  демалысты  қалай  өткізгендігін сұрап, әңгімеге  тарту.Сабақ  тақырыбымен  таныстыру. Сабақ  барысындағы  эмоциялық ахуалына  назар  аудару  және  сабаққа  қажетті  құрал  жабдықтардың  түгелдін  қадағалау.

Кіріспе:

Сәлеметсің бе,  Нұрсұлтан !  Қайырлы  күн!  Мен  сенің  бүгінгі  көңіл-күйіңнің  көтеріңкі  екендігіне  сенімдімін. Сондықтан  сабағымызды  қызықты  етіп  өтуімізге  толық  мүмкіндік  бар. 

Айналамызбен  сәлемдесіп алайық.  (Жаттау)

Сәлемдесу.

Арайланып таң атты,
Алтын  сәуле  таратты.
Жарқырайды  күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы  күн  балалар!
Қайырлы күн  ата-аналар!

 

«Пихогеометриялы  типология» жаттығуы.

Оқушыға тапсырма: 

1.Балаға  бірнеше  фигураларды  көрсетіп ,  оның  ішінде өзіне ұнағанын таңдауды  ұсыну,  талдау

  1. Түрлі эмоцияның белгілерін айту.Сол атаулар бойынша бала іс-қимылмен  іс-әрекеттерді көрсету  қажет        ( Күлу, жылау,ренжу,қуану, таңқалу).
  2. Адам баласына осылардың  ішінен  қайсысы  денсаулығына  пайдалы  екенін  сұрау.

Дәптермен  жұмыс.

 

1.Жоғарыдағы   пішіндерді көшіріп  салу.

  1. Сұрақтар арқылы бала  ойын  жетелеп, өз  ойын  дәптерге  жазу  ұсынылады.

 

 

Сергіту  сәті:  «Теңіз  толқиды  бір

Теңіз  толқиды  екі …….»

Бала  қимыл әрект арқылы  көрсетілген  психогимнастиканы  жасайды.

 

Қорытындылау:  Баланың  бүгінгі  сабақтан  алған  әсері  мен  сабақан  не  үйренгендігі  жөнінде  жапсырма  қағазға  жазып, өз  пікірін  айтуға  мүмкіндік  беру.