«ЖҚТБ-ның және нашақорлықтың алдын-алу»

 

Тақырыбы: «ЖҚТБ-ның және нашақорлықтың алдын-алу»

Мақсаты: ЖҚТБ –дан сақтандыра отырып оқушыларды, болашақтың тірегі болатын дені сау азамат болуға баулу.

Өткізілген сыныптар: 10-11

Тренингті өткізуші: мектеп  педагог-психологы: Наманова Дилярам

 

Көрнекіліктері: плакаттар, маркерлер, қағаздар

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Бүгінгі «ЖҚТБ-ның және нашақорлықтың алдын-алу» атты тренингімізге қош келдіңіздер.

2-жүргізушы: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы баса айтылған болатын: «Жаңа жүз жылдықта біз өз тұрмысымызды, өз санамызды, қоғамымызды, жалпы алғанда әрбір жанұямызды салауатты өмір салтына  ынталандыруды енгізуіміз қажет. Бұл еліміздің, ұлтымыздың болашағы үшін басқа басымдықтардан маңызды болуы мүмкін»

 

1-жүргізушы: Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол- әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу. Ал зиянды әрекет дегеніміз: қазіргі таңда етек алған заманымыздың кеселді дерттері-шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД ауруы.

Ал енді біз “ғасыр кеселі” болып отырған ЖҚТБ туралы не білеміз?

Қазіргі уақытта медицинаның, ғылымның дамуына байланысты көптеген аурулардың алдын ала егілетін вакцинасы, емі бар. Ал, ЖҚТБ ауруының қауіптілігі оның емінің табылмай отырғандығында. Бұл-дүние жүзінің халқын алаңдпатып отырған ғаламдық мәселе. Сондықтан да әрбір адам осы ауру туралы жан-жақты білсе, мұндай дертке, қайғыға шалдықпай алдын алады.

2- жүргізуші

ЖҚТБ-ға қарсы күрес  — әр адамның мәселесі. Оған бірлесіп атсалысайық. Енді оқушылар өздерін таныстырып өтсе.

  1. Танысу (әр оқушы өзінің атын айтады және бос уақытында немен айналысатындығын айтады)
  2. Ойға шабул (оқушыларға сұрақтар қойылады)

1). ЖҚТБ дегеніміз не? Ол қайдан пайда болады? Одан жазылудың жолдары  қандай?

2).  ЖҚТБ  вирусы қай кезде жұқпайды?

3). ЖҚТБ  дерті ол адамға қалай жұғады?

4) Адамның нашақор екенін  сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?

5)Нашақорлықты басқаша қалай деп атауға болады?

 

1-жүргізуші

Маскүнемдік, темекі тарту, нашақорлық   адамның жанына да, тәніне де, әсіресе жастардың денсаулығына өте зиянды әдеттер болып табылады. Адамдардың арақ пен есірткіден көрген зияндары жан түршігерлік. Соған қарамай соңғы кезде зиянды әдеттердің өрісі тартылмай келеді, барған сайын өршіп, бүкіл қоғамға қатерлі сипат алып барады. Жаман әдеттер жасөспірімдер, мектеп оқушылары арасында жайыла түсуде.

(тренингке қатысушылар салауатты өмір салты деген не? сұрағына сурет салып өз ойларын жазады 5 минут уақыт беріледі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Жауабы: спортпен шұғылдану, күн тәртібін ұстау, жеке бас гигиенасын сақтау, жамандықтардан аулақ болу, маскүнемдіктен, шылым шегуден, нашақорлықтан)

 

Оқушыларымыз суреттерін салғанша 11 а сынып оқушы  Дүйсембекова Марал «СПИД» туралы өлең жолдарын оқийды.

СПИД    туралы

СПИД-ғасыр обасы, қаупі бар адамға,

Проблема болып тұр бүкіл біздің ғаламда.

Сақтаныңдар дертінен қауіпті бұл обаның

Өзің үшін, басқа үшін әрқашанда алаңда.

 

Қайғы жұтар мұңаяр адамдар көп бұл дерттен,

Қызығы мол өмірден, көпті көрмей тез кеткен.

СПИД-пенен ауырып, қиналғандар қаншама?

Қалай ғана шыдаймыз сұмдық еді бұл неткен?

 

Бірімізді-біріміз силап өтсек өмірден,

Кірбің түспес көңілге, күлкі кетпес езуден.

Қарсы тұрсақ бірігіп, обасына ғасырдың

Жарқын өмір кешеміз! Жасқанамыз біз неден?

 

СПИД жайлы адамдар біліміңді толықтыр

СПИД деген біздің басты проблема болып тұр.

Өз-өзіңді сақтандырсаң, қаупінен бұл дерттің

Күтіп тұр сені болашақта шуақ шашқан жарық күн!

 

  1. Рөлдік ойын «Дәрігерге шағым»

Арақ ішетін адманың дәрігерге келуі. Ағзалардың бірінен соң бірі сөйлеуі.

(Бірнеше оқушылар ішімдік, темекі, есірткі адамның ағзаларына қалай әсер ететінін әңгімелеп, рөлдік ойынды көрсетеді)

Дәрігер: Сізге не болды? Ес-түсіңізді білмейсіз ғой?

Бауыр: Мына адам темекі мен есірткі шегеді, арақ ішеді. Бұдан былай шыдай алар емеспін. Арақты ішкен сайын мені келіп күйдіреді, жандырады. Арақты қанға айналдырып қорытар жағдайым жоқ. Сап – сары болып өлуге даярмын. Дәрігер, мені емдей көріңіз!

Өкпе: Менің көрген күнімді жауыма да тілемеймін. Адам темекі шеккен сайын демалуға шамам келмейді. Жүрекке бұдан былай таза ауаны жеткізе алмаймын. Өкпемнің сау тамтығы қалмады. Өкпе қатерлі ісік ауруынан өлуге аз-ақ қалдым. Дәрігер, мені емдей көр!

Жүрек: Маған жақсы жұмыс істеу үшін таза қан мен таза ауа керек. Қанның орнына ішкенім арақ, таза ауаның орнына демалғаным – никотин мен есіркі уы.

Адамның барлық ағзалары ауру. Өлуге аз-аз қалдым.

Дәрігер, мені емдей көр, жалынамын!

Ми: Адам арақ ішіп, темекі мен есірткі тартқанда қатты өзгеріске ұшыраймын. Адамды басқаруға шамам жетпей қалады. Мінез –құлқым өзгереді, арақ ішкен кезде адам төрт күйге түседі.

(Суретін көрсете отырып әңгімелейді.) «Ә» дегенде адам тотықұсқа ұқсап, жұрт көзіне түсуге тырысады, оның қимыл –қозғалысы да кербез әрі керім болып келеді. Содан соң маймылдың қылығын шығарады. Елдің бәрімен қалжыңдасып,  қылжақтай бастайды. Одан кейін арыстан кейпіне кіріп, тәкәпарланып, өз күшіне сенген өркөкірекке айналады. Бірақ ол ең аяғында «шошқа» болып батпаққа аунайды. Жер бетінде қаншама жан-жануар бар десейші. Соның ішінде адам ең ақылды, керемет деуші еді. Бірақ адам ең ақымақ па деп кейде ойға кетем. Адамның миы болғаннан қатты қажыдым. Дәрігер, мені емдей көр, жалынамын!

Дәрігер: Алкоголь барлық ішкі құрылысқа әсер етеді, оларды уландырады. Арақ ішу – адамның өз қолымен өз өмірін 15, 20 жылға қысқарту болып табылады. Алкоголь адамның қорғанышын төмендетеді. Оны тоқтатпай жұқпалы аурулар, оның ішінде құрт ауруынан құтылу мүмкін емес. Жүрек соғу жылдамдайды, тынысы тарылады,  еңбекке қабілетсіз болады, тез шаршап –шалдығады.

Ішкен адам айналасындағы адамдардың мазасын алады. Сондықтан ішу деген жалғыз бастың емес, ол –қоғамның мәселесі.

Арақ ішетін адамның бес баласы болса, оның төртеуі ауру болып туылады. Ал төрт баладан есейген соң дені сау бала туатынына кім кепіл?

Мен қазір «Жедел жәрдемге» телефон соғайын. Зиянды әдеттерге әуестенген адамдарға тез арада көмек көрсетсін.

Жүргізуші: Ішкен адам адамгершілік қасиеттерінен айырылып, ешкімге жаны ашымайтын қатігезге айналады. А.П. Чеховтың мынадай сөзі бар. «Адамның бойындағы бәрі – жүзі де, киген киімі де, жаны да, ойлары да әсем болуы керек. Ал мас болу – өз еркімен жындану»

Ішімдікке салынған адам отбасында қандай болады?

1-оқушы: Отбасына ойран салады, алған жалақысын ішімдікке жұмсайды, үйдегі  нәрсені бір шөлмек араққа сатады, әке- шешесінің зейнетақысына жармасады, жұмыс істемейді, еңбектен гөрі ойында арақ тұрып, тепсе темір үзетін азамат сенделіп көшеде бос жүреді.

2-оқушы. Маскүнем адам ақылынан айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады.

Көп қылмыстарды арақ-шарап ішкен адамдар жасайды. Жол апаттарды да көбінесе ішкен адамның кінәсынан болады.

 

  1. Жаттығу: «Ілтипат» Оқушылар бір-біріне деген жылы сөз, лебіздерін білдіріп, жағымды көңүл күй сыйлап, бір-біріне тілек айтып гүлдер таратады.

 

  1. Қорытындылау: «Дария басы-бұлақ» демекші тәрбиенің негізін еліміздің болашағы жас ұрпақтан бастауымыз керек, яғни үйде ата-ана, оқу орындарында ұстаздар қауымы жастарымызға дұрыс жол сілтеп, ішімдік ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, адам өзін-өзі ЖҚТБ-дан қорғай алады дей келіп, адам бақытты болуы үшін оған денсаулық керек, ал денсаулық кепілі салауатты өмір сүру.
  2. Тренингті аяқтау. Оқушылар орындарынан тұрып қолдарының үстіне қолдарын қойып «біз біргеміз», «біз ЖҚТБ-ға қарсымыз» деп айқайлап тренингті аяқтайды.