«МЕН ӨЗІМДІ МАҚТАН ЕТЕМІН»

85

 

 

 «МЕН ӨЗІМДІ МАҚТАН ЕТЕМІН»

 

Мақсаты:

  • өз-өзіне деген жағымды (позитивті) қарым-қатынастың дамуы;
  • рефлексия дамуы;
  • оқушылардың сенімділік сезімінің көтерілуі.

 

«Мен кіммін» серпімділік ойыны

 

Топ қатысушылары бір-біріне доп лақтырысу арқылы «Мен кіммін» деген сұраққа жауап береді. Өзін-өзі сипаттауда мінезі, бет пішіні, мақсаты мен сезімдері қолданылады. Әрбір сөйлем «Мен»: «Мен қызбын», «Мен көңілдімін», «Мен музыканы жақсы көремін» және т.б. деге сөздермен басталуы қажет.

 

Біз бүгін, әрқайсымыздың жақсы қасиеттеріміздің бар екендігін айтып мақтана аламыз. Неге десеңіз, басқа адамдарды да біздің басқа жақсы жақтарымыздан қарап таң қалдыру үшін, нені сүйіп, нені армандайтындығымызды да білу мақсатында өз іс-әрекетімізді талқылағанымыз жөн.

 

«Мен өткен, осы және келер шақтардамын» жаттығуы

 

Өзіңді өткен, осы және келер  шақтарда қалай көресің, елестете отырып суретін сал.

Талдау:

Осы суреттердің қайсысы саған аса ұнайды?

Келешекте өзіңді кім деп көресің?

Қандай қасиеттер сенде пайда болады?

Сен өзіңе не тілер едің?

 

Балалар бір-біріне доп лақтыра «Мен бірде…» деген фразаны қоса отырып өзінің қандай да бір жетістігін айтады. Мысалы: «Мен бірде дене шынықтыру сабағында барлығынан да тез жүгіріп, бірінші болып келдім».

 

«Бәрі жұлдыздар» жаттығуы

 

Бұл жаттығуды жасау үшін тағы да 3-4 рет терең дем алып, көзімізді жұмамыз. Өміріңіздегі кездескен, өзіңізді жұлдыздай сезінген сәтті есіңізге түсіріңіз. Бұл қандай оқиға еді? Жан дүниеңіз қандай сезімдерге тола болды? Қасыңызда сол сәтте кім болды? Сізге арнап жағымды сөздер айтты ма? Сонда не айтты? Қандай эпизод сіздің есіңізге түсіп тұр?… Есіңізге түсіріп болсаңыз, басыңызды изеңіз де, жайлап қана көзіңізді ашыңыз. Барлығымызда да еске түсетіндей кезеңдеріміз болды ма?

Енді біз түрлі-түсті қағаздан үлкен-үлкен жұлдыздарды ойып аламыз да, оның ішіне өміріміздегі сол бір кездегі жетістікке жеткен сәттерімізді мерейіміз тасыған шақтарды сурет етіп саламыз. Сіздің суреттеріңізде, сізге өте маңызды немесе сіздің жетістікке жетуіңізге көмектескен адамдар қатысуы мүмкін. Барлық жұлдыздар жинақталып, ватман қағазына жапсырылады.

 

Талдау:

Осы жаттығуды жасау барысында не сезіндіңіз?

Жетістікке жету жағдайын еске түсіру оңайға соқты ма?

Қалыпты өміріңізде жағымды және жағымсыз нәрселерді есіңізге жиі түсіресіз бе?

 

 

«Сенен маған ұнайтыны…» жаттығуы:

 

Балалар шеңбер бойынша тұрып, бір-біріне доп лақтыра бір қатысушыға кезекпен жағымды, жылы сөздер айта бастайды. Айтылатын сөзде оның жеке басының қасиеттері, сырт пішіні, мінез-құлық манерасы: «Даурен, маған сенің мейірімділігің ұнайды». Баланың жауабы: «Рахмет, мен де өзімді мейірімдімін деп ойлаймын» (өзіне айтылған сөздерді қайталайды), соңынан «ал мен оның үстіне қосарым: мен сондай кішіпейілмін» деп қосымша айтуына болады.

 

 

 

«Шеңбер бойынша қошемет» жаттығуы

         Нұсқау: Әртіс концерттен соң өзін қалай сезінентіндігін кім елестете алады? Шеңбер бойынша тұрыңыздар. Араңыздан біреуіңіз кімге де болса жақындап оған бар күшімен қол шапалақтап қошемет көрсетеді, содан соң олар бірігіп тағы да біреуіңіздің қасына барып сол сияқты бар күшімен қол шапалақтау арқылы қошемет көрсетеді. Дәл осылай топтағы  қатысушылардың барлығына қошемет көрсетіледі.

 

Талдау:  қандай сезімде болғаныңыз туралы әрқайсымыз айтып  береміз.

                    

Сабақтың рефлексиясы

Мен бұл сабақтан алған тәлімім …

Маған ұнағаны…

Маға ұнамағаны …

Менің естігім, білгім, жасағым келгені …

 

 

 

 

Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу»

 

 

Өзіңді сүю

 

  1. Өзіңді сынай берме.
  2. Өзіңді үрейлендіріп, қорқыта берме.
  3. Өзіңе-өзің мейірімді, жұмсақ және шыдамды бол.
  4. Өзіңнің сана-сезіміңе мейірімді болуды үйрен.
  5. Өзіңді мақтауға үйрен.
  6. Өзіңді сүю — өзіңді қолдау екенін ұмытпа.
  7. Өзіңнің кемшін жақтарыңды сүйе біл.
  8. Өз денеңе күтім жаса.
  9. Айна алдында жұмыс жасай біл.
  10. Өзіңді тап қазір сүй.