Қағазды қатпарлап бүктеу арқылы «Тауыс құсын» жасау

225

Сабақтың тақырыбы:.

Сабақтың мақсаты:   а)Білімділігі: Қағазды қатпарлап бүктеу әдісін

пайдаланып «Тауыс» құсын жасап үйрету.

                                    ә)Тәрбиелігі: Қол еңбегін  бағалауға тәрбиелеу.

Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

                                       б)Дамытушылығы:Оқушылардың қағазды қатпарлап

бүктеу туралы дүниетанымын дамыту.

Сабақтың әдісі,түрі:түсіндіру,машық.

Сабақтың көрнекілігі:Тауыс құсының суреті, сырнай, желпуіш.

Сабақтың барысы:

 

І Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу,сабақ барысына зейіндерін аудару

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Сәлем саған дос,сәлем саған құрбым,

Сейсенбінің күні, сәттілікке толсын

Бүгінгі алған бағамыз, кілең бестік болсын.

 

ІІ Қауіпсіздік ережесін еске түсіріп,қайталау.

  1. Қайшыны қолданған кезде қауіпсіздік ережесін сақта.Ұшын көзіңе жақындатпа.
  2. Ермексазды аузыңа салма. Жұмыс істеу кезінде ермексаз бөліктерін жерге түсірме, еденге жабысып қалады.
  3. Желіммен жұмыс жасағанда ұқыпты желімде,жұмыс аяқталған соң қылқаламның ұшын тазалап қой.
  4. Әрдайым жұмыс орнын таза ұста, өзіңе қажетті құралдарды ғана пайдалан.

 

 

 

 

 

ІІІ Жаңа сабақ: Қағазды қатпарлап бүктеу арқылы тауыс құсын жасау.

Қағазды бірдей қатпарлар салып, бүктеу арқылы түрлі бұйымдар жасауға болады. Қатпарланған жері жыртыоып кетпес үшін оған жұқа, тығыз қағаз таңдалып алынады.

Күнделікті өмірде қатпарланып жасалған заттарды жиі көреміз.Қатпарлар жиналады және жазылады. Қатпарланған жолақ қағаздың екі ұшын қоссақ дөңгелек шығады.Бұл неге ұқсайды балалар?

Күнделікті өмірде де қатпарланып жасалған заттарды жиі көреміз.мысалы: сырнай, желпуіш т.с.с көптеген заттар бар.

Тауыс-құйрығын жайып жібергенде сан түрлі түске енетін әдемі құс. Халық оны «Бақыт құсы» деп те атайды. Ол Халқаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына»   енгізілген.

 

 

 

ІV Машықтық жұмыс:

1.Түрлі-түсті қатырма қағазға құстың үлгі қалыбын қойып,айналдыра сызып алу. Бірдей екі құстың бейнесін қиып алып, бір-біне желімдеу.қанатын, айдарын,құйрығын орнататын орындарды белгілеп, кішкентай тілік жасау.

V Сергіту сәті:

 

2.Қанаты,құйрығы,айдары үшін әртүрлі өлшемде үш жолақ қағаз дайындау. Ол жолақтарды суретте көрсетілгендей қатпарлау.

3.Бөлшектерді дайындалған тілікке орналастырып, оларды желіммен бекіту.

VІ Сабақты қорытындылау: «Бақыт құсы» ертегісін әңгімелеу.

 

 

VІІ Сабақты бекіту:

1.Тауыс құсы қандай бөлшектерден тұрады?

2.Тауыстың қанаттары қалай жасалады?

VІІІ Мадақтау,бағалау.