Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі.

 

Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі.

 

Мақсаты:

1.Оқушыларды бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуына және пәндік бейімделуге көмек көрсету;

2.Жаттығуларды орындауда оқушылар бастауыш сынып кезіндегі жағымды сәттерді өздерінің табыстары мен жетістіктерін естеріне түсіру;

Әдіс-тәсілі: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тренингтер.

Көрнекілігі: бейнетаспа, интербелсенді тақта, суреттер.

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу.
  2. Психологтың «5 сынып оқушысы» атты тақырыпта кіріспе сөзі.
  3. Оқушылардың ойларын тыңдау, салыстыру.

Бастауыш сыныпта өткен қызықты шақтар. Топпен отырып оқушылар өз ойларын жинақтап, ортаға салады.

 

№1 тапсырма. «Ой қозғау»

Оқушыларға есте сақтау қабілетін дамыту тапсырмалары орындатылады.

Мысалы:

1.Жапырақ, қарлығаш, қалам, дәптер,қуыршақ.

2.Сауысқан, дүкен, көктем, ағаш, алма.

3.Мектеп, дала, бор, кітап, гүл.

Оқушылар осы айтылған сөздерді орындарын ауыстырмай тез арада айтып шығулары керек.

 

№2 тапсырма. «Көру  арқылы есте сақтау»

Балалар сурет бойынша мини шығарма жазады.

Мысалы: «Күз кереметі», «Біздің сынып».

 

№3 тапсырма. Суреттердің  айырмашылықтарын табу.    (қарындашпен белгіле)

№ 4 тапсырма. Оқушыларға «Жүректен-жүрекке» атты жылы лебіз білдіру тренингі ұйымдастырылады. Әр оқушы бір-біріне жылы лебіз, тілектерін білдіріп, сұрақтар қояды. Жауап беру арқылы жалғастырылады.

Талдау.

1.Көңіл-күйі

2.Алған әсері

 

Қорытынды: